Демалыста қандай киім кию керек?

Демалыста қандай киім кию керек?
Фото: blogspot.com

Көбіміз жазғы демалысты асыға күтеміз. Ал демалыста қандай киім киген дұрыс?

Саяхаттауға шығар алдында көп орын алмайтын, үтіктеумей кие беруге болатын киім алуға тырысыңыз. Киіміңіз вискоз, мақта, жібек және зығыр сынды табиғи маталардан тігілгені жөн. Егер синтетикалық материалдан тігілген киім алсаңыз, мейлінше кең түрін таңдаңыз.

Жазғы киімнің қара болмағаны жөн. Ашық түсті, жеңіл киім таңдау керек. Дей тұрғанмен ақ, қара, деним түстерінен түбегейлі бас тарту міндет емес.

Жағажайда пареоны белдемше, көйлекше етіп киюіңізге болады. Жеңіл топ пен шорты киюге де болады.

Демалысқа шыққан әрбір әйел затында кемінде екі жеңіл, ашық түсті көйлек болуы керек.

Ауа райының еркелігін ескеріп өзіңізбен бірге қалыңдау кардиган алып кетіңіз. Кардиганды джинс шалбармен үйлестіріп кие аласыз.

Әшекей-бұйымдарды үйде қалдырғаныңыз жөн. Себебі, бағалы бұйымды теңізде, құмда жоғалтып алуыңыз мүмкін. Әрі барған жерде міндетті түрде жаңа бұйымға қызығып, сатып аласыз.

Демалыста үш аяқ киім жеткілікті болады. Қалада қыдыруға арналған жеңіл аяқ киім, жағажайға арналған аяқ киім және жаңбырда киетін кроссовка керек болады.

Ең бастысы – қалпақ. Ультракүлгін сәулелерден қорғану үшін міндетті түрде басыңызға қалпақ не орамал тағып жүріңіз. Көзілдірік те міндетті аксессуардың бірі. Демалыста аурып қалғыңыз келмесе, осыны ұмытпаңыз.

Демалысыңыз сәтті өтсін!

Ф. Абилова