Күзгі сән-2015. Бушлат пальтосы

Күзгі сән-2015. Бушлат пальтосы
Фото: blogspot.com

Бушлат – қазірде танымал киімдердің бірі. 2015 жылдың күз-қыс маусымында біз бушлатты көшеде жиі көретін боламыз. Себебі бұл пальто сәнге кірді.

Бушлат  қысқа пальто түріндегі киім үлгісі. Алайда бастапқыда бушлат пальто ретінде тігілмеген. Екі жағына бірдей қаусармалы, жағасы бар кэжуал стиліндегі бушлат кез келген аруды сәнді етіп көрсетері сөзсіз.

Бушлаттың материалы қалың әрі сапалы болғандықтан, оны бірнеше маусым қатарынан киюге болады. Өндірушілер әдетте бушлатты табиғи талшықтан тігеді. Сонымен қатар оның вельвет, мақта және кашемирден тігілген түрлері кездеседі.

Күннің салқынында денеге суық өткізбейтін бушлат пальтосының жағасын көтеріп, мойынды салқын ауадан сақтай аласыз.

Қазір бушлаттың ұзын түрлерін табуға болады. Алайда бастапқыда ол қысқа күрте секілді болғандықтан, трендті қатаң ұстанатын арулар ұзын түріне мойын бұрмайды.

Бушлаттың белі қынама не кең болуы мүмкін. Түстері де әртүрлілігімен, принттің алуандығымен де қызықтырады. Егер бұрынырақта бушлат классикалық қара түсте болуы шарт болса, қазір оның түстері ерекшелігімен көзге түседі.

1857 жылы бушлат Ұлыбританияның Корольдік әскери теңіз флотының формасының біріне айналды. Бұл сән жиырма жылдан кейін америкалық флотқа да жетті.

Бушлатты джинс шалбары, классикалық шалбар, костюм, кардиган, белдемше және көйлекпен үйлестіріп киюіңізге болады. Ал сәнді аяқ киім жайлы білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіп, танысыңыз.

Сізге бушлат ұнады ма?

Ф. Абилова