Жазғы сән: Кэжуал стилі

Жазғы сән: Кэжуал стилі
Фото: http://stylishlyme.com/

Жазғы кэжуал стилі жеңіл әрі қарапайымдығымен барлық арулардың жүрегін жаулап алды. Ол серуендеуге, қыдыруға лайықталып жасалған. Ал трендтегі аксессуарлар образды сәнді әрі нәзік етеді.

Бұл суретте екі түрлі образ бейнеленген. Біріншісі оверсайз стилінде тігілген сәнді көйлек болса, екіншісі нағыз кэжуал стиліндегі көйлек. Бірінші үлгідегі көйлекпен жағажайдағы кешке барып, демалуыңызға болады. Ал екіншісін серуенге, кездесуге, тіпті маңызды бір шараға да кие аласыз.

Ақ түс - кез келген сән маусымын өзіне бағындыра алатын түстің бірі. Сол себепті ақ түсті көйлек әрбір ару гардеробының "must have"-ы. 

Маллет стиліндегі ақ көйлек, милитари түсті жұқа жакет пен қалпақ - образды сәнді, әдемі әрі нәзік етіп көрсетеді. Қынама белді айқындау үшін өзіңізге ұнамды белдік пен жеңіл, ұзын алқа тағуыңызға болады. Бұл образбен биік өкшелі туфли де, өкшесі жоқ сүйретпе де үйлеседі.

Толықтау аруларға бостау тұратын жейде мен бойфренд джинс шалбары жарасымды. Ал егер "жігітке ұқсағым келмейді" десеңіз, аяғыңызға суреттегідей Valentino туфлиін не кез келген ашық туфли киюіңізге болады. Сонымен қатар бұл образды нәзік түстегі білезіктер мен кроссбоди сөмкесі жұмсартады.

Ал бұл образ қыз-келіншектер арасында өте танымал. Неге десеңіз, сәнді, нәзік, әрі ұзын көйлек кез келген қызға жарасымды. Белді айқындап тұратын бұл көйлек өзінің ұзындығымен аруды жұмбақ жан етіп көрсетеді. Ескеретін жайт, бұл көйлекті өкшелі туфлимен емес, сүйретпе немесе танкеткамен киген жөн.

Сізге қай образ көбірек ұнады?

Ф. Абилова