Жазғы сән: Мінсіз блуза

Жазғы сән: Мінсіз блуза
Фото: pumpsandmacarons.com

Арулардың гардеробында бірнеше түрлі блуза болуы керек. Базалы гардероб құрамына кіретін бұл элемент несімен бағалы?

Блуза – өзінің сәнділігін қалыптастырған, кез келген сән подиумын бағындырған киім үлгісінің бірі. Өзінің қалыптасуы барысында masculine стилінің элементі ретінде енген бұл киім қазірде нәзік, әсем киім үлгісі саналады.

Қазірде блузаны әртүрлі стильде киіп, үйлестіруге болады. Әсіресе осы жаз маусымының тренді – ұзын не миди белдемше мен кроссовканы киюге болады.

Ең басты ескеретін жайт, блуза таңдағанда денеңізді, іш киіміңізді көрсетпей тұруы керектігін ескеріңіз. Блузаның материалы денені көрсетпейтіндей қалың әрі терлетпейтіндей жұқа болуы керек.

Ақ түсті блуза кез келген түспен үйлесімін табатындықтан, ең ұтымды түс болып саналады. Сондай-ақ жазғы тренд түстері – көк, көкшіл, сары түстегі блузаларды да алып қоюды ұмытпаңыз.

Блуза кеудені жауып тұрса, нәзік, ашық түстегі алқамен үйлестіруге болады. Бұл стильді сәнді кроссовка не кедамен киген дұрыс. Кроссовка таңдауда түсінің ашық болуына назар аударыңыз.

Сіздің шкабыңызда міндетті түрде қымбат, сапалы матадан тігілген блуза болуы керек. Оны маңызды кездесулерге, жұмыс жайындағы кездесулерге, мейрамхана, маңызды таныстырылымдарға киіп баруыңызға болады. Қымбат, сапалы матадан тігілген киімдер өз иесіне өзін сенімдірек сезінуге көмектесіп, рухтандыратын қасиетке ие.

Блузаны кез келген түрдегі белдемшемен, тік шалбар, джинс шалбарымен үйлестіруге болады.

Гүлді, бұршақты принт сізді нәзік, сәнді етіп көрсететін тағы бір элемент. Алайда ол еш принтсіз, қарапайым блузаның орнын баса алмайтынын ескеріңіз.

Егер ертеректе блуза іскерлік стиль элементі саналса, қазірде оны new look стиліне кіріктірген. Яғни, жоғарыда айтқанымыздай кроссовкамен киіп, спортты стильді толықтыруға, биік өкшелі туфлимен киіп, нәзік стильді айқындайға көмектеседі.

Ұқсас жазбалар:

Жазғы сән: Гладиатор сандалы

Жазғы сән: Қасиетіне бас игізген аксессуар

Ф. Абилова