Шаш үлгісінің бір түрі

Шаш үлгісінің бір түрі

Әдеттегі шаш үлгісінен шаршап, жаңа бір нәрсені байқап көргіміз келетін кездер болады. Салонға бармай-ақ, еш артық нәрсесіз қандай шаш үлгісін жасауға болады?

«Бант» жасауды үйренейік:

1. Шашымызды екіге бөліп, буамыз. Екеуінің арасында орын қалуы керек.

2. Әр бөлікке сәл төмендеу етіп шаштың түсімен сәйкес келетін резеңкені байлаймыз.

3. Екі резеңкені бір-біріне бұрып, шпилькамен қыстырамыз.

Жаңа шаш үлгісі дайын!

Сурет: pinme.ru

Ұқсас жазба:

"Көбелек" шаш қыстырғышын бірге жасап үйренейік

Ф. Абилова