Шаш сәні: "Көбелек" қыстырғыштарын тағу

Шаш сәні: "Көбелек" қыстырғыштарын тағу

"Көбелек" қыстырғыштары кез келген ұзындықтағы шашқа жараса кетіп, қарапайым шаш үлгісін нәзік әрі қайталанбас етіп көрсетуімен ерекшеленеді. "Көбелек" қыстырғыштарының жасалу тәсілін көрсетіп кеткен болатынбыз. Енді сол қыстырғыштарды тағу түрлерін ұсынамыз.

1. Шашыңыздың жоғарғы бөлігін буып, жинайсыз. "Көбелек" резеңкесін пайдалансаңыз болады. Немесе қарапайым резеңкемен буып алып, бетіне қыстырғышты тағуға да болады.

2. Шашыңыздың жоғарғы бөлігіне үш өрім немесе жылан өрімін өріп, "көбелек" резеңкесін тағыңыз.

3. Шашыңызды жоғарығы түйіңіз. Қыстырғышты түйілген шаштың астына тағыңыз.

4. Шашыңызды жоғарыға буыңыз. "Көбелек" резеңкесін немесе қыстырғышты буылған шаштың бір жақ шетіне қисайтып тағыңыз.

5. Шашыңыздың жоғарғы бөлігін резеңкемен буыңыз. Буылған шашты өріп, астыңғы шашпен бірге қыстырыңыз.

Сурет: massaget.kz

Ұқсас жазба:

Мерекелік шаш өрімі

А. Жапатова