Сән жайлы құнды кеңес

Сән жайлы құнды кеңес

Ресейдің басты сән эксперті, әлемдік сән индустриясында танымал әрі құрметті тұлғаларының бірі – Эвелина Хромченко. Бүгінде ол Les Editions Jalou Paris-дың халықаралық редакцияның директоры. Күнделікті көрсетілетін «Модный приговор» бағдарламасының жүргізушісі.

Талғамы жоғары адамның кеңестері қымбат. Сол себепті назарларыңызға Эвеленинаның сән нұсқауларын ұсынамыз:

1. Сәнді шаш түсі – бір қалыпты, табиғи реңктегі түстер. «Мелирование, кололирование» яғни шашты әртүрлі түске бояу жайлы ұмытыңыз.

2. Күнделікті киюге жарайтын заманауи әрі әдемі киім – қарапайым пальто, қарандаш белдемше мен туфли.

3. Жазулары, жылтырлақтары бар маникюр – этикаға жат. «Тырнақ дизайны» деп аталатын нәрсенің бәрі талғамсыз дүние.

4. Джин шалбары бір тегіс болуы керек. Шілтері, кестесі мен жылтыры бар джинс шалбары туралы ұмытыңыз. Шалбар сіздің денеңізді сымбатты, аяқтарыңызды ұзын етіп көрсетуі керек.

5. Топ пен блузалар қалыңдау болуы керек. Матаның астынан денеңіз бен іш киіміңіз көрініп тұрмауы керек.

6. Егер денеңіздің төменгі жағы көлемдірек болса, кең шалбар мен қарандаш белдемшелері жарасады.

7. Бір комплектіде гүл принтын бірнеше рет қайталамаңыз. Белдемше мен блузада да бірдей принт, кесте болмауы керек.

8. Классика таңдайтын болсаңыз өз өлшеміңізбен алуыңыз керек. Классика мінсіз болуы тиіс.

9. Аң терісінен жасалған киім шашпен бір түстес болмауы керек.

10. Кешкі жиынға киім таңдауда басты ескеретін жайт – тек бір нәрсе ғана жылтыр болуы керек: не көйлек, не аксессуар.

11. Жай табан аяқ киім – үй шаруасындағы әйел мен олигархтардың аяқ киімі. Осы екеуінің біріне жатпайтын болсаңыз өкшелі аяқ киім таңдаңыз.

12. Толықтау бикештерге белі төмен орналасқан джинс шалбарын киюге болмайды. Ол шалбар денеңізді, бойыңызды қысқа етіп көрсетеді. Оның орнына классикалық шалбар, белдемшелер мен көйлек кигеніңіз абзал.

13. Кешкі жиынға көлемді сөмке ұстау қате. Оның орнына кез келген өлшемдегі клатч не кішігірім, жинақы сөмке таңдауыңыз керек.

Сұлу әрі сәнді болыңыз, арулар!

Сурет: blogspot.com

Ұқсас жазбалар:

Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды?

Сіз жайлы аяқ киіміңіз айтып береді #2

Адам көркі – шүберек

Әшекей бұйымдарды қалай тағу керек?

Ф. Абилова