Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Ыстық палитра

Ыстық палитра

Ыстық палитра

Жаз мезгілі түрлі сәнді киімдер мен ашық макияжға жол ашады. Ол тек өзіңді ашып қоймай, айналаңдағыларға да сергектік сыйлап, сұр өмірді жарқыратуға септігін тигізеді.

1. Қызғылт


Қалай әрекет етеді? Бұл түс тек саған ғана емес, саған қарап тұрған адамға да дем береді. Қызғылт түс қан қысымын көтереді, басқаша айтқанда әңгімеге тартып тұрады. Өзіңді нәзік әрі тартымды сезінесің, ал сүйіктіңнің бұл кезде жүрегі дүрсілдеп шыға келеді. Көбі елдің назарын аудартатын қызыл түс деп ойлайды, алайда қызыл түс бейнеге қатаңдық береді.

Қайда? Кездесуге, би кештеріне, сол сияқты жиындарға.

Қалай? Мұндай түс көбіне ерін мен бетте жақсы «жұмыс» істейді, тек көзде емес, өйткені қызғылт түс көзге шаршаңқы шырай береді. Әппақ қыздарға суық қызғылт түстерді таңдаған дұрыс, ал орташа ақ, не қараторы қыздарға – ашық қызғылт түс жарайды. Және баттасып тұрмас үшін далапты да, еңлікті де қолыңмен жағуға тырыс.

2. Көгілдір ақық


Қалай әрекет етеді? Көгілдір ақық түс өзіңе сенімділік пен қауіпсіздік сыйлайды, көптің назарын аудартуға жақсы құрал.

Қайда? Танымайтын адамдардың ортасына, бірінші кездесуге барсаң, жалпы есте қалу үшін көгілдір ақық түсті элемент ұтымды шешім.

Қалай? Көгілдір ақық түсті аксессуарлар бірден көзге түседі. Ол сырға мен білезік, не шаш қыстырғыш, брошка болса тіптен қатып кетеді.

3. Сары


Қалай әсер етеді? Сары түс көңіл көтеретін түстер қатарына жатады. Ол бір орында отырғызбайды. Бейтаныс адамдар қабырғалары ашық сары бөлмелерде тез тіл табысып кететіні ғылыми түрде дәлелденген екен.

Қайда? Демалысқа, кештерге, жағажайларға сары түсті киімдер киюге тырыс.

Қалай? Сары шорты, сары топ, не сары шаш жиегі күн шұғыласындай жарқындық сыйлайды. Ал сары түске боялған тырнақтар өзінше бір балғындық пен балалықты еске түсіреді. Тек ашық түсті лактарды қысқа тырнақтарға бояу керек.

4. Күлгін


Қалай әсер етеді? Күлгін түсті сүрмемен қабағыңды бояп алсаң жігіттер арасында бейнеңе қызығушылықты арттырады.

Қайда? Күлгін түсті бояуларды сезіммен байланысты бір жерлерге пайдалану қолайлы. Яғни, жігітпен бірінші кездесуге, не таныс емес ортаға барып, жартыңды табуға барсаң, күлгін түс сені жалғыз қалдырмасы анық.

Қалай? Көзіңді күлгін түспен боя. Қара торы болсаң жылтыры бар күлгін түс жарайды. Макияж солғын болмас үшін қасыңды айқындап қой және ерініңді солғын қызыл түсті жылтыр далаппен боя.

Суреттер: magazine.macs-salon.co.uk, creativenails.ru, cosmetic.ua

Дайындаған: Анар Мұстафина

6955 6
Рейтинг: +4

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 28 маусым 2012, 14:40
Пікірлер
+0
28 маусым 2012, 14:38

Қызғылт пен сарғыштың ортасындағы түс, яки қызғылт-сарғыш менің ең сүйікті түсім, қызғылт пен сарғышты жеке тұрғанда да ұнатамын. Ал күлгін түсті бояуларды сезіммен байланысты бір жерлерге пайдалану қолайлы екенін енді біліп тұрмын )))

+0
28 маусым 2012, 14:40

Соңғы кезде көгілдір түске қатты қызығып жүрмін

+0
28 маусым 2012, 14:42

жалпы өзіме ашық түстер ұнай бермейді :|

+0
28 маусым 2012, 14:42

ия??? неге? ашық түс те ұнамайды екен-ау )

+0
28 маусым 2012, 15:29

ашық түстердің бәрі ұнайды. ең бастысы "сочный" болса болғаны :D

+0
28 маусым 2012, 15:33

Жаз жарқын түстер маусымы)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...