Көзілдірік – көзіміздің қорғанышы

Көзілдірік – көзіміздің қорғанышы

Көзілдірік әрбір адамға қажетті бұйым. Ол көзіңізді күннен қорғайды, әжім түсуден сақтайды және сізді жұмбақ етіп көрсетеді.

Көзілдірікті қалай таңдаймыз?

Әлбетте маусым сайын алуан түрлі көзілдірік сәнге айналып жатады. Алайда оны таңдаудың да өзіндік қағидалары бар.

1. Көзілдіріктің жоғарғы жағы сіздің қасыңыздың пішініне ұқсас болуы қажет.

2. Бет пішіміңізге сәйкес таңдайсыз.

Егер дөңгелек жүзді болсаңыз, онда сізге трапеция формасындағы көзілдірік жарасады. Ат жақтылар төменгі жағы дөңгеленіп немесе үш бұрышты болып келген көзілдірікті таға алады. Ал сопақ жүзділердің «жолы болғыш» – кез келгені үйлесімді. Кейінгі кезде сәннен түспей келе жатқан, классикалық стиль – «Авиатор» көзілдірігі барлық адамдарға жарасымды. Тек өз өлшеміңізден қателеспеңіз.

3. Материалына көңіл бөліңіз.

Егер көзі әйнектен жасалғанын қаласаңыз, онда UV – ультра фиолет деген белгісінің болғанына назар аударыңыз. Ол сізді күннің зиянды сәулесінен қорғауы тиіс. Алайда әйнек ауыр әрі сынған жағдайда қауіпті болғандықтан, көбісі пластикті ұнатады. Мамандар әйнектің қанық жасыл не қанық сұр түсін алуға кеңес береді. Бұл түстер жүйке мен көзге жайлы әсер етеді, шаршатпайды. Келесі бір маңызды нәрсе – әйнектің тік емес, сәл иіліп, дөңестеніп тұрғаны денсаулық үшін тиімді.

4. Көзілдіріктің түсі.

Шашы сарғыш, аққұба өңділерге кез келген түс жарасады. Қара торыларға қызыл, қоңыр, сұр, сарғыш түсті көзілдірік үйлесімді. Бидай жүзділер «жылы» түс – қоңыр, жасыл, сары түстегісін таға алады.

Бұрын көзі көрмейтін кісілер әдеттегі көзілдірікті қанағат тұтса, қазір оптикаға барып, офталмологпен кеңесе отырып, өзіне трендтегі көзілдіріктің жарасымдысын таңдап, тапсырыс бере алады. Дегенмен сүйіктіңізбен не іскерлік мақсаттағы кездесуге барсаңыз, көзілдірігіңізді шешуді ұмытып кетпеңіз, көзге тура қарап, сұхбаттасу қарым-қатынасты жақсартады.

Сурет: dolcegabbana.com

Оқи отырыңыз:

"Көзім көрмейді" дегіңіз келмесе

Көзілдірік пе, линза ма?

Көздің зақымдануынан қалай қорғану керек?

Линзаны күту туралы

Ф. Абилова