Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды? #2

Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды? #2

Бірінші бөлім

Сонымен жігіттердің қыздардың үстінен көргісі келмейтін киімдері туралы әңгімені жалғастырайық.

1. Шалбар. Маскюлэн Коко Шанель дүниеге әкелген стиль, оның ішінде шалбар кию қазір ешкімге де таңсық емес. Алайда, ер-азаматтар шалбар киген бикешті өзіне бәсекелес ретінде қабылдайды. Сондықтан, әсіресе, «галифе», «сигарет» шалбарларды сүйіктіңізбен кездесуге киіп бармаңыз. Олар белдемше, көйлек киген қыздарды нағыз ару деп қабылдайды.

2. Комбинезон. Соңғы жылдары подуимды да, қыздарымыздың да жүрегін жаулап алған комбинезонды ерлер, мысалы, машина не жол жөндеушілерге арналған жұмыс киімі деп ұғады. Сол себепті, сүйгеніңіз комбинезоныңызды мақтамаса, таңғалмаңыз.

3. Көзілдірік. Үлкен қара көзілдірік көзіңізді жауып тұратындықтан болар, бұл да «қара тізімдегі» нәрселердің бірі. Өйткені, сүйгеніңіз көзіңізге тура қарап, қарым-қатынас жасағанды қалайды.

4. Макияж. Кейде бикештер косметиканы қалың етіп жағып, шашын түсініксіз бояулармен бояп алады. Мұндайдан жігіттер де, ата-әжелеріміз де шошып жатады.

Сурет: ©Николай Киреев

Оқи отырыңыз:

Жігіттерге бикештердің қандай киімдері ұнамайды?

Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды?

Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды? #2

Сын неліктен намысымызға тиеді?

Ф. Абилова