Көктемгі сән: әшекей бұйымның төресі – інжу

Көктемгі сән: әшекей бұйымның төресі – інжу

Әрбір қыз-келіншекте інжуден жасалған әшекей бұйым болғаны абзал. Себебі, інжу әйел затын сұлу етіп қана қоймай, талғамының жоғарылығын көрсетеді. Сондықтан болар, дизайнерлер биыл інжуді түрлендіріп көктемгі сәнге ұсынып отыр.

Көбі інжуді ересек әйелдерге арналған бұйым деп есептейді. Алайда, сауатты тағылған інжу кез келген жастағы әйел затын құлпыртып жібереді.

Інжуді қалай тағамыз?

Аққу мойын арық қыздардың мойнына үлкенді-кішілі інжуді бірнеше қатар етіп таққан өте әдемі көрінеді. Ал толықша келген қыздардың ұзын інжуді басқа моншақтармен бірге таққаны дұрыс.

Тығыз матадан тігілген костюм, көйлекпен ірілерін, материалы жұқа, үлбіреген киімдермен ұсақ түрлерін үйлестіріп киген абзал.

Қалай таңдау керек?

Інжудің түрі сан алуан: ақ, көк, жасыл, қара, тіпті жасандысы да бар. Теңізден алынғаны қымбат бағаланады. Айтпақшы, жасанды інжуді жастарға тағуға болады. Негізі, інжудің ақ, қара түрлерін алып қойғаныңыз жөн.

70–80 не 90–110 сантиметрлік түрі тиімді. Бұларды күнделікті де, кешкі шараларға да тағуға болады.

Бұл әшекейді гарнитур (сақина, сырға, алқа не моншақ) түрінде алсаңыз, үшеуін бірдей киіп шықпаңыз. Моншақ тақсаңыз, сырғаны емес, саусағыңызға сақинаны салыңыз.

Әйгілі Коко Шанель әшекей-бұйымдардың ішінен інжуді ерекше жақсы көрген. Себебі, ол кез келген аруды байсалды, байыпты, кербез етіп көрсетеді.

Жалпы көптеген елдерде інжу байлықтың, бақыттың белгісі болып есептеледі.

Сурет: rudaki.ru

Оқи отырыңыз:

Әшекей бұйымдарды қалай тағу керек?

Кафф сырғасын тағуды білеміз бе?

Зергерлік бұйымдарды тазарту

Күмістің қасиеттері туралы білесіз бе?

Ф. Абилова