Көктемгі сән: Пальто – аруларға арналған киім

Көктемгі сән: Пальто – аруларға арналған киім

Пальтоны киген кез келген әйел заты ерекше нәзік, жұмбақ болып көрінеді. Сондықтан дизайнерлер барлық қыз-келіншектің көңілін табуға тырысып, алуан түрлі пальтоны подиумға шығарды: түрлі түсті әрі алуан пішінді әдемі пальтоларды былай қойғанда жұмыстан бас көтермейтін іскери әйелдерге лайық дресс-кодпен үйлесетін екі қаусырмалысы, темірдей қатаң тәртіпті сүйетін бикештерге арналған милитари стиліндегі пальтолар көздің жауын алады.

2015 жылғы пальтолар былғары, тері, драп және кашемирден тігілген.

Еліміздің жаңбыр жиі жауатын өңірлердегі қыз-келіншектерге былғарыдан жасалғаны тиімдірек. Ал «сәуір болмай тәуір болмас» дейтін солтүстік, шығыс аймақтағылар көктемгі ызғардан ауырып қалмау үшін теріден немесе жағасы аң терісінен жасалып, кашемирден тігілгенін таңдағандары абзал. Оңтүстіктің аруларына драп пальтолар ыңғайлы.

Романтиканы жаны сүйетін арулар үшін кеудесіне бант, желбіршек салған немесе етегі дөңгеленіп келген, ал еркіндікті қалайтын бикештер анималистік бағыттағы және тор көзді маталардан тігілген пальтоларды киюлеріне болады.

«Алмұрт» пішінділер үлкен жағалы, кең иықтысын таңдай алады. Ал «алмалар» үшін тосын сый – пончолардың трендке шығуы. Оны леггинсы, skinny джинспен және қысқа белдемшелермен киюге болады. Қысқа жеңділерін ұзын қолғаппен үйлестіру ерекше сәнді көрінеді. «Банан» пішінділерге осы пончолар да, пальто-футляр да жарасады.

Не кисеңіз де өзіңізге құйып қойғандай жарасатын, маусымға сәйкес киім кигеніңіз абзал.

Қыз елдің көркі екенін ұмытпағайсыз!

Cурет: rudaki.ru

Оқи отырыңыз:

2015 жылы қандай киімдер сәнде болады?

Көктемгі сән: Худи

Әшекей бұйымдарды қалай тағу керек?

Ф. Абилова