Еш уақытта сәннен шықпайтын мата

Еш уақытта сәннен шықпайтын мата

Твид – табиғи жүн матасынан тоқылған материал. ХІХ ғасырдан бері қолданылып келеді. Твид матасынан тігілген киімдер ешқашан сәннен қалмайды. Әрине киімдердің фасоны, түсі өзгеріп отырады.

Твидтен тігілген пальто, жакет, пиджактарды әйелдер де, ер адамдар да кие береді. Сондай-ақ бас киім, костюм (жакет, белдемше, пиджак, шалбар, жилет). Биылғы трендте классикалық қара, сұр, ақшыл сары түстегіден басқа түрлі түсті твид маталарын ұсынып отыр.

Бұл тек іскерлі адамдардың сүйікті киімі ғана емес, твидтен тігілген киімдерді джинсымен, кроссовкамен киюге де болады.

Сондықтан "Total tweed" бейнесінде жұмысқа барсаңыз, демалыс күндері спорттық үлгідегі киіміңізді киіп, отбасыңызбен, жолдастарыңызбен өткізе аласыз.

"Total tweed" бейнесіндегі бикештер образға жұмсақ сипат беру үшін шашқа, мойынға аксессуар тағуға болады. Тек олардың бірін ғана қолданыңыз.

Бұл материалдың жүрмейтін жері жоқ деуге де болады. Себебі, бұл материалдан тек киім тігіліп қана қоймайды екен. Құлаққап, смартфон және планшеттерге де арнап твид материалынан қаптар жасалады.

Кейбір дизайнерлер твид матасын жаңғырту үшін терімен үйлестірілген түрлерін ұсынып жүр. Алайда теріні көп қолдану "леопард" образы секілді "қауіпті" жағы да бар.

Жалпы твидтен тігілген классикалық костюмді алсаңыз, бірнеше жыл кие аласыз. Әрі табиғи жүннен тоқылған мата жаныңызға да, денеңізге де жылу сыйлайды.

Сурет: tailor4less.com

Оқи отырыңыз:

Жылтырағанның бәрі алтын емес...

Гранж стилі несімен қауіпті?

Қысқы сән: сырылған пальто

Ф. Абилова