Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Жаздың ең сәнді белдемшелері

Жаздың ең сәнді белдемшелері

Жаздың ең сәнді белдемшелері

Жаз - сәнге құмар арулардың ең сүйікті мезгілі. Жеңіл киім киіп, барынша сәндене алатын қыздарға жаз түрлі белдемшелерді кию мүкіндігін береді. Әр арудың жаздық гардеробының басым бөлігі жеңіл белдемшелер мен көйлектерден тұрады. Сәнге сай боламын десеңіз, 2012 жылдың ең сәнді белдемшелер тізімімен таныс болыңыз.

Плиссе белдемшелері - осы маусымның нағыз хиті. Белдемшенің бүрмеленуі түрліше болып, пішіндерінің де нұсқалары жетерлік. Ең сәнді дегендері - ұзындықтары макси және миди белдемшелер. 

Макси ұзындықты плиссе белдемше гардеробыңыздағы әмбебап киім болмақ. Оның түсі мен үстіңізге киетін жейдеге байланысты белдемшені іскерлік, күнделікті, не салтанатты киім қылсаңыз болады. 

Миди плиссе белдемшесі өте сәнді екені рас. Өкінішке орай бұндай белдемше қыздардың бәріне бірдей жараса бермейді. Бұндай ұзындық тек ұзын аяқтары аруларға келеді. Ал бүрмелер қосымша көлем беретіндігін ескерсек, бұндай белдемше арық қыздарға ғана жарасады. Алайда ұзындығы мидиден сәл ауытқыған белдемше сізге жарасып кетуі әбден мүмкін.

Қарындаш белдемше де жаздың сәнді трендтерінің бірі. Бұл белдемшенің кез келген қызға жарасатын қасиеті бар. Оны кеңсеге ғана кимей, түсін де қарадан өзгеше етіп таңдауға болады. Түсті не суреті бар қарындаш белдемше бір уақытта іскерлік те, жазға сай сәнді де көріне алады. Бұндай белдемшелер бір түсті жейделермен жақсы үйлеседі. 

Бүрмелі белдемше осы жазда плиссе белдемшесімен қатар сәнді болмақ. Белдемшенің бүрмесі ортасында не шетінде болып, оны ерекше етіп көрсетеді. Ал бүрмеге қоса белдемшеңіз мысалы жолақты болса, екі есе сәнді боласыз.

Мини белдемшелердің сәні біртіндеп артта қалды. Алайда осы жазда клеш  немесе джинса қысқа белдемшелері өте сәнді. Жеңілдікті, романтикалық көңіл-күйді сыйлайтын клеш белдемшенің түстері де жазға сай жарқын болу керек.

 

Джинсы белдемшелерінен шаршадыңыз ба? Ендеше түсі не пішімі басқа, ерекше әшекейленген белдемшелерді киіп көріңіз. Кез келген аяқ киіммен жарасатын осындай белдемшелер киіп, жаз бойы жайнап жүріңіз.

Сурет: lady.mail.ru

17851 20
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 07 маусым 2012, 13:54
Пікірлер
+0
07 маусым 2012, 13:31

Макси ұзындықты плиссе белдемшесін кигім кеп жүр ))) Әлгінде біреуіне көзім түскен :) Соны кимей қоймаймын-ау :)

+0
07 маусым 2012, 14:12

елдің бәрінде сол ғой. Макси плиссе, макси шифон, жібек, бәрі макси и ашық түстер. + минт (мята) түсті, фисташка түсті киімдер бәрінде. Елден ерек болсаншы)))))))))))))

+0
07 маусым 2012, 13:33

Осы белдемшелер шалбардан мың есе ыңғайлы))

+0
07 маусым 2012, 14:14

Карандаш қатты ұнайды. Өзіме жарасады. Осы жылы хэнд мэйд өрнектелгенін алғым кеп жүр.

+0
07 маусым 2012, 15:11

маған да ұнайды бірақ кисем дем ала алмайм)))

+0
07 маусым 2012, 15:19

Алматинская Сәке, көрінбейсіз??

+0
07 маусым 2012, 15:20

))біраз шаруалар тындырған едім

+0
07 маусым 2012, 15:21

нәтижесін жоғарыдағы БЛОГТАР* сілтемесін басып қалғанда көретін болайық)

+0
07 маусым 2012, 15:22

жақсы)))

+0
07 маусым 2012, 15:21

айтпақшы дипломын беске қорғапты. жу деп артынан қалмай қой, Әбеке)

+0
07 маусым 2012, 15:22

:o уау!!! Дипломын эжудырып қайтем, үйге әкеп көйлегімді жудырмасам толып кетті ше)

+0
07 маусым 2012, 15:31

:cry:

+0
07 маусым 2012, 15:32

Дипломыңды өзім жуып берем)

+0
07 маусым 2012, 15:33

Дипломыңды өзім жуып берем) Дипломың қыздарски ма балдарски ма?

+0
07 маусым 2012, 17:11

балдарский)

+0
07 маусым 2012, 16:23

секрет фирмы, тыңда: киесің и мелкими вдохами дем аласың)) терең тыныстауға болмайды. Алайда, стрейтч матадан тігілгенін алсаң - демалу еркіндігіне ие боласың)))

+0
07 маусым 2012, 17:12

кішкентай порциялармен демаласын деші) жақсы кеңес екен.

+0
07 маусым 2012, 14:33

биыл қыздардың ұзын етекті белдемше киіп жүргендеріне қуанып жүрсем, мода қуып жүр екен ғой!)))))))

+0
07 маусым 2012, 22:11

:D мода қумай-ақ киіп жүргендер барғой Айко ))

+0
07 маусым 2012, 22:50

Айтылған макси биыл модада екенін естіп едім. Сол күйі модадан түспесе екен... :idea:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...