MBFWA: The Rolly Polly ұсынған топтама

MBFWA: The Rolly Polly ұсынған топтама

18 қазан күні The Ritz-Carlton Almaty-да Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының екінші көрсетілімі өтті, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

Mercedes-Benz Fashion Week − еліміздегі көптен күткен шараларының бірі. Аталмыш шара Қазақстандық сән индустриясының дамып, өркендеп келе жатқанының бірден-бір дәлелі десе болады.

The Rolly Polly тарихы Аида Ашимова бір журналдың сәнді шарасына киген қызғылт көйлектен басталады. Екі жыл ішінде бұл марка біраз өсті деуге болады. Дана Ли мен Аида Ашимова қосылып құрған бұл марка бірінші рет подиумға MBFWA-ның алғашқы маусымында келіп, халық назарына ұсынылған еді. The Rolly Pollу-дың өзіндік стилі − "урбаникалық шик" және "қала романтикасы" деген анықтамаға сәйкес келеді.

Топтама туралы қандай пікірдесіз?

Арнайы Massaget.kz үшін: Фариза Әбілова

Сурет: @massaget.kz

Ф. Абилова