Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Шорты - жаздық гардеробтың айрылмас бөлігі

Шорты - жаздық гардеробтың айрылмас бөлігі

Шорты - жаздық гардеробтың айрылмас бөлігі

Шорты – жаздық гардеробта болуы қажет киімдердің бірі. Шортымен жұмысқа да, кездесуге де, кештерге де бара беруге болады. Ең бастысы – үлгісін, ұзындығын және түсін дұрыс таңдай білу.

Жарқын түс

Мұндай шортымен жұмысқа бару біраз ыңғайсыз, алайда жаздық кештерге нағыз керегі. Мұндай шортыларды майкалармен, тіпті ақ жейдемен кисеңіз де болады. Және де матадағы суреттер неғұрлым көлемді болса, соғұрлым сәнді.

Қою сары

Қою сары шортылар көптеген жағдайлардан сізді құтқармақ. Пиджак және жейдемен кие салсаңыз – офистік сәнді образ жасап аласыз (ең бастысы ұзындығы дұрыс болсын). Ал демалыс кездері сандал және ақ майкамен кисеңіз сафари стиліне енесіз.

Бір түсті

Біртүсті киім де кейде образды аша түседі. Бірақ негізге жарқын түсті шортыларды алыңыз. Және үлгі жайлы ұмытпаңыз! Толық қыздарға – бермудтер, яғни қысқа балақты шортылар жарасады (сырт көзге аяқтарды сымбатты етеді), ұзын қыздарға – тізеге дейін келетін шортылар (сырт көзге аяқтарды қысқартып көрсетеді), арықтарға – етегі қайырылған шортылар (аяқтарды толық етіп көрсетеді), ал бойы қысқа қыздарға – мини- және микро-шортылар (аяқтарды ұзын етеді).

Белге дейін

50-жылдарды еске түсіріп, дизайнерлер белді заңды орнына қайта әкелді. Мұндай шортылар бар назарды белге салып, «құмсағат» кескінін жасайды. Етегі ішке салынған жейдемен (ресми жағдайларда) немесе сыртқа шығарылған топтармен (кештерге) киюге болады.

Шорты-белдемше

Шорты-белдемше – жамбасы үлкен аруларға тамаша жарасады. Біріншіден, кең етек жамбастың бірнеше сантиметрін азайтып көрсетеді. Екіншіден, мұндай пішінді шорты бар назарды белге салады. Біртүсті шортыға жарқын суреті бар топтар жарайды, ал шортының суреті болса үстіңгі жақ салқынқанды болсын.

Ақ

Мұндай шортыларды көлге шығып, демалғанда да, қалада да киюге болады. Ақ-қара жолақтары бар топпен және қызыл акссесуарлармен киген дұрыс.

Суреттер: woman.ru, vk.com

5582 13
Рейтинг: +4

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 01 маусым 2012, 13:55
Пікірлер
+0
01 маусым 2012, 13:55

шорты ма? мм...

+0
01 маусым 2012, 14:03

мен шорты кие алмаймын , әсіресе дәл мынадай қысқасын :lol:

+0
01 маусым 2012, 15:30

Үйде жүргенде болмаса, сыртқа шорты киіп шыға алмаймын. :!:

+0
01 маусым 2012, 15:30

әдемі әрі жарасымды шорты киген кыздарды корсем, кигім кеп кетеді, әйтпесе кие алмайды екенмин!

+0
01 маусым 2012, 16:58

ммм, шорты киген күндер-ай. :)

+0
01 маусым 2012, 18:56

Аяқтарың әдемі болса неге шорты кимеске...

+0
02 маусым 2012, 19:56

соын айтам-ау)))) Түзу, әдемі аяқтарға жарасады)))

+0
02 маусым 2012, 15:09

бұл шорты шукргоо, корейский өлен айтатын кыздардыкі :)

+0
02 маусым 2012, 19:45

мен шорты кие алмайды екенмін...

+0
02 маусым 2012, 19:58

Қарапайым шортыдың өзін стильді киім ретінде қарастыратын кез қазір. Соңғы кезі офистік стильге де еніп кеткенін байқауға болады. Шортыдың жас, сүйкімді, түзу аяқты, сымбатты аяқты қыздар кисе жақсы. Болмаса, қос аяғының ортасынан шелек өтетіндей қисық, қысқа аяқтылар кисе, ол түгіл, өзің ұяласың шыны керек.

+0
08 маусым 2012, 21:35

Сен де айтасың-ау :D

+0
08 маусым 2012, 21:38

а че, өтірік пе? Ужас қой, қарап тұрсаң бір түрлі. Жарасып тұрған киім еш уақыт анайы көрінбейді, зато талғамсыз, жарасымсыз киініп алғандар ужас көрінеді.

+0
09 маусым 2012, 17:54

komu vidno tomu i stidno degen siakti ma))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...