Білезік жасап үйренейік

Білезік жасап үйренейік

Бүгін massaget.kz сайты қолдан білезік жасауды үйретеді. 

Ол үшін бізге мына құрал-жабдықтар қажет: 


  Силиконды жіп немесе гелден жасалған резеңке 

 


  Табиғи тастар (біздің таңдап алғанымыз қырлы тибет ақығы (агат))

 


  Моншақтардың арасын бөлуші және салпыншақ 

 


  Ең бірінші қадам: жіпті жеткілікті мөлшерде кесіп аламыз да, бойына моншақтар мен бөлгіштерді алма-кезек өткізіп шығамыз. Тура ортасына салпыншақты өткіземіз.

 


  Соңында жіпті қатты бекітіп, байлаймыз.

 

  Білезік тағуға дайын. 

 

  Дәл жоғарыдағы әдіспен әр түрлі тастардан бірнеше білезік жасауға болады.

Ақық – әлемде ең көп таралған минералдардың бірі. Ақық атауы тас Сицилиядағы Ахатес өзенінен өндірілгендіктен берілген деседі. Тағы бір деректер бойынша, грек тілінен аударғанда  «ahates» - «бақытты», «пайдалы» деген мағынаны білдіреді екен.

Ақық тасынан жасалған бойтұмарлар өз иесін батылдыққа, шешендікке жетелейді деген сенім бар. Бұл тас Еуропада ұзақ жасауды білдірсе, Шығыста байлық пен көркеюдің символы саналады. Сонымен қатар, ашуды басып, мейірімділік сияқты жағымды қасиеттерді оятатын, адамның өзіне деген сенімділігін арттыратын және көз тиюден сақтайтын қасиеттерге ие.

Ақық тасы ерте ғасырларда  қол жетпес зергерлік бұйымдардың бірі болған, уақыт өте келе құны түсе бастаған. ХІХ ғасырда Уругвай мен Бразилиядан осы минералдың үлкен кен орны табылғаннан кейін бағасы мүлдем төмендеп кеткен.

Дайындаған: Назерке Смағұл

Е. Қайрахан