Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Бижутерия таңдау мен тағудың қыр-сыры

Бижутерия таңдау мен тағудың қыр-сыры

Бижутерия таңдау мен тағудың қыр-сыры

Біраз жыл бұрын бижутерияны арзан және сұрықсыз темір-терсектер қатарына жатқызатын. Ал қазіргі уақытта бижутерия өндірісі көш іргелі дамып, сапалы, әдемі әрі сәнді әшекей қатарына қосылды. Бижутерияның бір жақсысы қалтаға салмақ салмайды, сонымен қатар түр-түрін таңдай отырып, әркез әртүрлі стильде көрінуге болады.

«Бижутерия» сөзі бізге Франциядан келген. Оны жасау үшін қоспалар, пластик, темір, әйнек, керамика және т.б. бағалы материал деп саналмайтын заттар қолданылады. 

Сырғалар, алқалар, білезік, сақиналар, кулон, брошка... Таңдау мол, алайда оны тағып, сәнді көріну үшін де ережелер ұстану керек: 

  1. Егер бижутерия жинағын сатып алсаңыз (сырға, білезік, сақина және алқа), бәрін бірдей тағып алу ерсілік пен талғамсыздықтың белгісі. Сырғаны білезікпен тағыңыз, ал сақинаны алқамен.
  2. Бижутерияны өз стиліңізге ыңғайлап таңдаңыз. Егер ашық киімдер кигенді ұнатсаңыз, үлкен шығыс әшекейлері жарайды. Ал егер киімде биязылық пен жабықтықты қаласаңыз, бижутерия да көзге түспейтін, жинақы және жеңіл болуы қажет. Жастардың стилінде киінуді ұнатсаңыз доғал, жалпақ, үлпілдек білезіктерді, үлкен, жарқын сақиналар мен моншақтарды таңдаңыз.
  3. Арық қыздар үлкен тастары бар әшекейлерді тақпағаны жөн, ал толық қыздарда кішкентай тасы бар әшекейлер көрінбей қалады.
  4. Бижутерияны да абайлап таққан жөн. Мысалы, шынашаққа үлкен сақина тақпаңыз, немесе мойынға тым қысқа алқа тағуға болмайды.

 

Бижутерия таңдауда мынаны есте сақтаңыз:

  1. Жіңішке әшекейлер жас қыздарға ғана жарасады.
  2. Мойынға арналған әшекей таңдағанда бірінші мойынға назар салған жөн, егер мойныңыз жіңішке, ұзын болса, домалақ тасы бар қысқалау алқа таңдаңыз. Егер мойныңыз толықтау болса – V бейнелі иірімдері кесектеу алқа таңдаған жөн.
  3. Сырға таңдарда, бет пішінін есепке алу қажет. Егер бетіңіз домалақ типтес болса, салпыншақ сырға алыңыз. Ал егер сопақ болса – дөңгелек пішінді сырғалар немесе дөңес пішінді сырғаға таңдау жасаған дұрыс. Егер бет пішініңіз үшбұрышты немесе төртбұрышты болса, геометриялық формалы сырғалардан бас тартқан жөн. Асбтракцияға ден қойыңыз.
  4. Сақина таңдарда мынаны ескеріңіз: егер саусақтарыңыз жіңішке әрі ұзын болса, көлемді сақина тақпаңыз, көлденең типті биязы сақинаға таңдау жасаған дұрыс. Егер саусақтарыңыз қысқа болса, саусақтарды мейлінше жауып тұрмайтын жіңішке сақина таңдаңыз. Тігінен оюланған немесе үшбұрыш тасты сақиналар мұндай саусақтарды сырт көзге ұзартып көрсетеді.
  5. Қалыпты жағдайда білезік пен білектің арасында саусақ сиярдай кеңістік болуы қажет. Жіңішке білезіктер тек жіңішке білекті қыздарға жарасады. Бір қолға тағылған 5-6 жіңішке білезік әдемі көрінеді. Жалпақ білекті қыздарға жалпақ білезіктер келеді, бірақ еш уақытта білезік білекте «тырысып» тұрмауы керек.

 

Бижутерияны қалай тағу керек?

  • Үлкен моншақтар бауы бар сарафанмен, жейдемен әдемі көрінеді.
  • Аса ірі емес моншақты кішкентай жағасы бар киіммен таққан әдемі.
  • Декольте аймағы кішкене ашық тұрса, әдемі кулоны бар алқа тағыңыз.
  • Мойны бар жемпір кисеңіз, құлағыңызға жіп элементтері бар сырға тағып алыңыз (шашағы бар, иірімді).
  • Брошканы джинсыңыздың айылбасына тағып алсаңыз болады.
  • Үлкен тастары бар шаш қысқыш сырғаңызды көлеңкеде қалдырмайтындай болсын.

Суреттер: weheartit.com, vk.com

2356 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 23 мамыр 2012, 12:48
Пікірлер
+0
23 мамыр 2012, 10:21

Жақсы ақпарат екен. Тек бижутерияға аса қызықпайды екенмін осы мен

+0
23 мамыр 2012, 11:05

Мынау мен үшін нағыз таптырмайтын ақпарат екен.

+0
23 мамыр 2012, 12:38

Моншақтарға үйірмін. Әпкем моншақсыз, тастарсыз бір кофтаң бар ма, не кішкене қыз құсап деп кейиді ) Бірақ, қазір қойып келе жатырмын :D

+0
28 мамыр 2012, 00:24

мен де :D

+0
23 мамыр 2012, 12:38

Бижутерия қызықпайм. Тек той жиындарға амал жоқ кием.

+0
23 мамыр 2012, 17:07

Бижутерияға қатты қызығам, толтырып сатып алам. Бірақ, арзан бижутерия ұнамайды)))

+0
24 мамыр 2012, 12:36

Брошканы джинсыңыздың айылбасына тағып алсаңыз болады. Айылбасы дегенди калай тусинсе болады айтып жибериниздерши? Алдын ала рахмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...