Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Үйде не кию керек?

Үйде не кию керек?

Үйде не кию керек?

Қонақ күтпесеңіз де, жалғыз тұрсаңыз да, маңызды емес, өз-өзін сыйлайтын, жақсы көретін адам үйіндегі киімі мен күйіне аса мән беруі керек. Сырт келбетіңіздің жинақылығы өміріңіздің басқа салаларын да автоматты түрде жинақы етеді.

Үйде не кию керек?

1. Халат. Психологтардың айтуынша, халат адамды еріншектікке итермелейді екен, сол себепті басты үй киімі ретінде оны таңдамаған жөн. Халат кию - үй шаруасына берілген әйел ретінде қалыптастырады, ал бұл жақсы емес. Мамық халатқа ваннадан шығып, ештеңе жасамай, жай демалғың келгенде орануға болады. Жеңіл әдемі халат та таңертең тұрып, іле салуға ыңғайлы. Бұл жерде ең маңыздысы – әдемілікте. Ыңғайлы болғаны үшін ғана шыттан тігілген, сұрықсыз халат сатып алмаңыз. Ыңғайлы әрі қолайлы әдемі киім таңдаңыз.

2. Көйлек. Жинақы, әдемі көйлек – халатқа қарағанда, әлдеқайда жақсы (сонымен қатар, туника да). Көйлек кигенде сіз бірден нәзік, романтикалы, ең бастысы жинақы көрінесіз. Әлбетте, көйлек өзіңізге ыңғайлы болуы керек, табиғи маталардан тігілген болса, тіптен керемет болады. Үй киімі ретінде этникалық үлгіде тігілген көйлектерді кисеңіз болады.

3. Спорттық киім. Қыста велюр трико, ал жазда – футболка және шолақ шалбар/бриджи. Үй жұмыстарына өте ыңғайлы, қозғалысқа кедергі болмайды. Ескі футболкалар мен тізесі шыққан триколарды қоқысқа лақтырыңыз.

4. Белдемше. Қысқа белдемшелер жазда өте ыңғайлы. Ұзын белдемшелер бірден тұла бойға биязылық, кербездік, көрік береді. Алайда үй жұмыстарында ыңғайлы бола бермейді. Әсіресе қонақ келер алдында ұзын белдемшелер киіп алсаңыз болады.

5. Ескі киімдер. Бұл киімдерге бұрын «сыртқа киген», енді ескірген, не бүлінген киімдер жатады. Өзіңізге ұнайтынын ғана қалдырыңыз да, созылып кеткен, синтетикалық, жалпы саудасы біткен киімдерді лақтырып тастаңыз.

Үйде ашық түсті киімдер кимеген жөн – қышқыл түстер күні бойы сізді шаршатып, жүйкеңізге әсер етеді. Бірақ классикалық сұр, не қоңыр түстерді таңдаған да дұрыс емес – уайым мен күйзеліске ұшыратады. Сол себепті жылы түсті киімдер таңдаңыз – көгілдір, алқызыл, ашық жасыл, сонымен қатар, жасыл жапырақтың, теңіз толқынының, сары құмның түстері сияқты табиғи түстерге екпін жасаған жөн. Айтпақшы, шәркені де ұмытпаңыз – ескірген, кір аяқ киім кимеңіз, оны өзіңіз кигенмен, қонақтарға көрсету де, ұсыну да ыңғайсыз.

Үйде не кисеңіз де, киіміңіз жуыла-жуыла өңі кетіп, созылған емес, таза, жинақы болуы тиіс. Үйде жүріп, айнаға жиі қараңыз: өз-өзіңізге ұнасаңыз, онда бәрі жақсы деген сөз!

Сурет: blogs.mail.ru, klumba.ua, gorodmod.ru, womanempire.ru, detisveta.com

13914 11
Рейтинг: +2

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 18 мамыр 2012, 10:29
Пікірлер
+0
18 мамыр 2012, 10:18

Үйде футболка мен бриджи киемін ) "Үй жұмыстарына өте ыңғайлы, қозғалысқа кедергі болмайды" деп дұрыс жазылған ;)

+0
18 мамыр 2012, 10:31

Көйлекпен жүрем)))

+0
18 мамыр 2012, 15:20

Менде солай!

+0
18 мамыр 2012, 12:27

путболка-чорты)

+0
18 мамыр 2012, 14:05

Қолға не түседі соны киемін десең ә? :) Үйде көбіне спорттық киім ыңғайлы, соны таңдаймын, өйткені үй жұмыстарындағы қозғалыстарға кедергі келтірмейді.

+0
18 мамыр 2012, 15:43

Жалпы үйде де әдемі болып жүру керек.

+0
19 мамыр 2012, 13:35

басе кейінгі кезде еріншек болып жүрм))))

+0
19 мамыр 2012, 13:38

ұзын белдемше, ұзын көйлектерді қаттты жақсы көрем :)

+0
19 мамыр 2012, 19:36

белдемше деген қамзолдың қысқа түрі емес пе еді, а?

+0
19 мамыр 2012, 20:48

Юбканы белдемше деп аударып жүр ғой қазір.

+0
19 мамыр 2012, 22:35

ұстімеее кеең тұратын киімдерді жақсы көрем"кең футболка шортик киіп аламго! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...