Үнді киімінің қыр-сыры

Үнді киімінің қыр-сыры

Ерте заманнан Үндістан ерекше дәстүрлері және мәңгілік құндылықтарымен саяхатшыларды қызықтырып келген. Үнді мәдениеті басқа елдерге қарағанда өте бай, өйткені үндістер өз дәстүрлерін қатты құрметтейді және барлық жағынан қатаң сақтайды. Соның ішінде киім киюде.

Үнді киімі ел тарихы мен салт жоралғыларының бір бөлігі ғана емес, бұл айыру белгісі ретінде де қызмет атқарады. Және үндістердің касталық тиімділігін ажыратып қана қоймай (Үндістанда кастаға бөліну үрдісі әлі күнге дейін сақталған), киіміне қарап, нақтырақ айтсақ, түсі және бөлшектеріне байланысты, адамның елдің қай ауданынан, тіпті қай ауылынан екенін анықтауға болады. Үндістанда ұлттық киім кию – абырой саналады, ал үйде саридің болуы – молшылықта өмір сүру дегенді білдіреді.

Үнді киімі – түстер мен ыңғайлылықтың мейрамы іспеттес. Дәл Үндістандағыдай, ешбір елде киімнің ыңғайлылығын басты назарда ұстамайтын шығар, және бұл түсінікті де, ылғалды және ыстық субтропикалық ауа-райына киімнің пішімі қарапайым және кең болғаны жақсы. Бұйымдарының көбі көпқабатты, көптеген қаусырмалар мен орамдардан тұратын жұқа табиғи матадан жасалған. Жалпы, үндістердің перделеу дәстүрі өте ерекше, тіпті стильдерінің бір бөлігі десек болады, сари немесе дхотиді арнайы дайындықсыз қайта біріктіру мүмкін емес. Бір қарағанда, ол бір үлкен кесек мата сияқты.

Үнді костюмдерінің түрі

Үндістанда негізгі 5 костюм бар деп есептеледі, үш ерлер және екі әйелдер киімі:

- дхоти,
- курта,
- шервани – ерлердікі,
- сари,
- шальвар камиз – әйелдердікі.

Дхоти – ұзындығы 5 метрден асатын ерлердің белге орайтын таңғышының салтанатты нұсқасы. Киімнің нақты пішімі жоқ, бұл қарапайым төртбұрыш ақ түсті кесінді. Дхотиді байлау үшін перделеуді матаның ортасынан бастау керек. Матаны дененің ортасына дәлдеп алады да, жоғарғы екі шетін белде ұстамды болатындай байлайды. Матаның қалған бөлігін мұқият әдемілеп бүктеп, сол аяқтан артқа қарай өткізіп, шетін белге қыстырып қояды. Ал матаның оң жақ бөлігін де сол сияқты мұқият бүктеп, алдыңғы жаққа, белге қыстырады.

Дхоти мен шерваниді тюрбанмен киеді. Үндістанның әр аймағында әртүрлі тюрбан пайдаланылады. Тюрбанға қарап адамның әлеуметтік жағдайын және оның жасын білуге болады.

Курта еуропалықтарға жақын, өйткені бұл ұзын жеңді кең жейде. Әдетте куртаның ұзындығы тізеге дейін келеді. Оны жіңішке ұзын шалбармен киеді.

Шервани – сүртік пен шалбардан тұратын сәнді ерлер киімі. Мұндай киім Үндістанда өте қымбат тұрады және қалтасы қалың адамдарға ғана қолжетімді. Шерваниді салтанатты кештерге тюрбанмен және ұлттық шарфпен киеді.

Әйелдер киімі

Үнді әйелдерінің ең танымал киімі, әрине, сари. Дәстүрлі сари үш бөлшектен тұрады: футболка, белдемше және саридің өзінен. Саридің ұзындығы 20 метрге дейін жетуі мүмкін, алайда кейде 9 метрден де аспайтындары болады.

Үндістанның бар ғажабы сариде бейнеленген деп жазады ақындар. Бұл мемлекеттің рухы, көңіл-күйі. Сари тігу үшін де біраз қалта қағылады. Ол табиғи, өте жұқа матадан және көбіне кестелеп, алтын жіппен қолмен тігіледі. Қыздардың кішкентей күнінен жасауына сари дайындайды.

Үндістанда, басқа ислам елдеріндегідей ашық киінуге тыйым салынған. Ланга-чоли деп аталатын бәріне таныс іші ашық көйлек – бұл би киімінің бір бөлшегі. Және оны тек өз адамдарының арасында киюге болады.

Сариді кию бір қарағанда қиын болғанымен, негізі оңай. Ен матаның етегін еденге дейін түсіріп, бір шетінен артқы жақтан бастап денені айналдырып орайды. Қалған матаны қарама-қарсы иыққа салып қояды. Айналым саны матаға және сари қандай шараға киілетіндігіне байланысты. Әдеттегі өмірде бір рет айналдырып орайды. Артық қалған шетін – паллуды – алдыңғы жағынан бүктеп, белге қысып қояды.

Сари қарапайымдылығы мен әдемілігінің арқасында карнавал кештерінде әлем бойынша ең көп киілетін киімге айналды. Жаңажылдық костюм үшін жақсы сари тігу өте оңай, матаның ендігі қиялыңызды іске қосып, келбетіңізді ерекше етуге тамаша мүмкіндік береді.

Шальвар камиз – бұл әйелдер күртешесі. Балағы резеңкеден тігілген кең шалбар мен ұзын жейдені үнді қыздары күнделікті өмірде жиі киеді. Бір қызығы, бұл киімнің отаны – Ауғанстан, бірақ Үндістанда үлкен танымалдылыққа ие болып, тіпті ұлттық киіміне айналып кетті.

Сурет: www.exoticindiaart.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Үндістан туралы не білесіз?

Үнді елінің салт-дәстүрі

Сари кие білу де – өнер

A. Mustafina