Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Көктемнің сәнді аяқ киімдері

Көктемнің сәнді аяқ киімдері

Көктемнің сәнді аяқ киімдері

Аяқ киімнің де трендтері бар екені ешкімге құпия емес. Солардың арасында осы маусымда қайсысы сәнді болмақ? Бұл материалда массагеттің сәнқой сұлуларымен бірге осы сұраққа жауап іздейміз...

Лофер аяқ киімі


Былтырғыдай да бұл маусымда лофер аяқ киімі ерекше сәнді болмақ. Әсіресе, биік өкшедегі түрлері. Классикалық түрлеріне біраз ерекшеліктер қосылып, жаңа түрлері пайда болды. Лофер туфлиі - кеңседе жұмыс істейтін арулар үшін таптырмас таңдау. Өйткені ол костюм-шалбармен әдемі үйлесім табады. Бірақ шалбарыңыздың ұзындығы туфлиіңізді жаппайтындай болуы керек. Ең дұрысы - кішкене шолақ шалбар. Аяқ киімнің дөңгелек ұшы аяқтың толықтығын жасырып, ыңғайлы өкшесі аяғыңызды сымбатты қылып көрсетеді. 

Ашық түстер

Бұл маусымдағы аяқ киімнің ең сәнді түстері - карамель мұз кәмпиттерінің түстері. Бұл - маусымның ең тәтті тренді десе болады. Бұндай аяқ киімді ақшыл, ашық түсті киіммен киген дұрыс. Алайда, киімнің аяқ киіммен түстес болғаны маңызды емес. Романтикаға берілгіш жандарға ашық аяқ киім, ал пысық қыздарға сәнді қайықша туфлиі сай келеді.

Танкетка өкшесіндегі кроссовкалар

Бұл маусымда спорттық аяқ киімге ұқсаған бәтеңкелер сәнде болмақ. Олардың арасында түстері жарқын, үлкен бауы, дөрекі ілгегі барлары ерекше әсем көрінеді. Бұндай аяқ киімді тек спорттық киіммен киюге болады. Себебі, басқа киім түрлерімен аяғыңыз тым дөрекі көрінеді. Танкетка өкшесіндегі кроссовкалар бар назарды тобығыңызға аудартады. Жіңішке тобықты одан да нәзік қылып, толық болса, одан бетер үлкен қылып көрсетеді. Ал балтырыңызда артық салмақ болса, бұндай аяқ киімнен бас тартқаныңыз жөн. 

Питон оюы

Көктемде питон оюының сұр, қызыл, жасыл, қоңыр түстері сәнде болады. Питон оюлы аяқ киімді іскер әйелдерге ұсынса болады. Себебі олар нәзік көйлектерге қарағанда, іскер костюммен жақсы жарасады. Әрине бұндай аяқ киімнің өкшелі болғаны дұрыс. Алайда дәрігерлердің кеңесі 3-4 сантиметрлік өкше екенін ұмытпағаныңыз жөн.

Күміс жылтыры

Металл жылтыры өзіне назар аудармай қоймасы анық. Сондықтан да, күміс жылтырымен еліктірген аяқ киімнің дизайны мейлінше жеңіл болуы керек. Кәдімгі ашық аяқ киім не қайықша модельдері осындай түске сәйкес болады. Ерекше жылтырына қарамастан, бұндай түстегі аяқ киім нәзік көйлектерге де жараса кетеді. Алайда бұндай туфлилердің өкшесі жіңішке әрі биік болу керек. Ол аяғыңызды әсем қылып көрсетеді. 

Үшкір ұш

Осындай туфлилердің әркез сәнде болғаны белгілі. Өкшенің ұзындығы қандай болса да, маңыздысы аяқ киімнің ұшы үшкір болғаны жөн. Бұндай аяқ киімді тар белдемшемен, не көйлектермен киген дұрыс. Сондай-ақ, оларды түрлі-түсті шалбарлармен кисе де болады. Бұндай туфли табаныңызды ұзартып көрсетеді.

Сарғыш қоңыр түс

Қайықша туфлилер бұл маусымда ерекше сәнді көрінеді. Әсіресе осы сарғыш қоңыр түстегі туфлилер. Оған бау не ашық ұш сияқты ерекшеліктерді қосса да болады. Егер сіз осындай туфлидің түсін теріңізге сйкес дұрыс таңдап алсаңыз, ол сіздің гардеробыңыздағы кез келген киімге жараса кетеді. Бұндай түстегі аяқ киім аяғыңызды ұзартып көрсетеді. 

Аяқ киіміңізге ерекше талғаммен қарауға ұмтылыңыз!

Суреттер: woman.ru, vkontakte.ru 

9917 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 23 сәуір 2012, 18:22
Пікірлер
+0
23 сәуір 2012, 18:48

маған... маған Лофер аяқ киімі ұнап тұр :)

+0
23 сәуір 2012, 19:51

маған да))))

+0
23 сәуір 2012, 18:49

Бізге енді келесі жылы келеді :D

+0
23 сәуір 2012, 18:53

Сарғыш қоңыр түс аяқ киімдеріііііііі,ммммммммммм, күшті ғой))))))))

+0
23 сәуір 2012, 22:02

питон оюы бар қоңыр сұр аяқ киім алдым :) Лофер аяқ киімін алу ойда болып жүр ;)

+0
24 сәуір 2012, 09:44

Питон аюы деген туфлилер әдемі екен. Әттең, менің размерім жоқ шығар. Аяғың Золушканың аяғындай болған да жаман(((

+0
24 сәуір 2012, 10:15

Биік аяқ-киімнің шаршап кеттім! Балетка алу керек еді!

+0
02 мамыр 2012, 09:24

Ұшқыр мұрынды аяқ киім өткен жазы сәнге кірген еді, бізге міне міне жетіп жатыр))) Өткен жылдардағыдай тым ұзын емес, кішкене ғана үшкірленген аяқ киімдер, лофер аяқ киімдері де 60-жылдардың сәні. Осы жылы сәнге кірген (ҚЗда) ұзын белдемше де сол мезгілдің писктары менк шиктары)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...