Ерлерге не ұнамайды?

Ерлерге не ұнамайды?

Кейде қыз-келіншектер жігіттер сәннен хабарсыз, стиль кемшіліктерін байқамайды деп ойлайды. Шын мәнінде, олай емес екен. Зерттеу нәтижесіне сай, ерлер сіздің сырт келбетіңіздің әдемілігін де, кемшілігін де жақсы байқайды.      

Жуырда танымал фешн-сайттардың бірі түрлі жастағы мың жарым ер адам арасында сауалнама жүргізген. Ерлер әйел сәнінің қай «фишкалары» өздерінің көздеріне оғаш көрінетінін анықтаған.    

Ерлердің сынына түскіңіз келмесе, бас тарту қажет стилистикалық тәсілдер тізімі назарларыңызда.

Ерлердің басым бөлігіне угги ұнамайтын болып шықты. Бұл өте ыңғайлы етік болса да, өз азаматыңыздың көзіне бұл аяқ киіммен түспеуге тырысыңыз. Себебі, сауалнамаға қатысқандардың 57 пайызы уггиге қарсылығын білдірген. Ал сатылымға шыққан уггидің жазғы түрі, тесіктері бар етік, ерлердің 85 пайызының жағымсыз әсеріне тап болып отыр.       

Ерлер жүйкесіне тиетін түстер қатарында тым ашық, «қышқылды» түстер мен қызғылт түс бар. Бұл түстерге қарсы ерлердің 70 пайызынан астамы дауыс берген. Сондықтан гардеробыңызда неондық және қызғылт түсті киімдерді азайтуға кеңес береміз.

Дәл осыншама деңгейде тым ашық бояу жеккөрінішті болып анықталды. Сауалнамаға жауап бергендердің 68 пайызы қыз-келіншектердің тым қатты боянғанын ұнатпайтынын, сүйіктілерін табиғи келбетімен көруді қалайтынын жеткізген.

Ер адамдардың пікірінше, қатты боянған әйел «ізденісте жүр», яғни басы бос, іс-әрекеті де соған лайық болуы мүмкін.      

Қыз денесіндегі татуға еркектердің 44 пайызы қарсы болған. 30 пайызы киіммен жабуға болатын уақытша татуды қолдаған. Ал 23 пайызы нақты таңдау жасай алмапты.

Ерлерге ұнамайтын киімдерге тоқталсақ. Таң қалмаңыз, ең көп жағымсыз пікір жинаған денеге жабысып тұратын шалбар (леггинсы) болып шықты. Ол тіпті сауалнамаға қатысқандардың 80 пайызының қарсылығына ие болып отыр. Себебі екеу. Біріншісі – олар аяқтың мүсінін көрсетеді, ал ерлердің пікірінше, екінің бірі әдемі аяқпен мақтана алмайды. Сондықтан, кемшілігін анықтап көрсетудің қажеті жоқ. Екіншісі – әйелдер спорттық бағытта тігілген бұл шалбарды көбіне басқа киіммен үйлестіріп кие алмайды. Нәтижесінде нәзік жанның сұлулығы емес, талғамсыздығы байқалады. Бүгінде танымал «темекі-джинсы» да ерлерді қатты ызаландырады екен. Зерттеуге қатысқандардың 57 пайызы осылай мәлімдеген.

Тар джинсыға сенім болмаса, балағы кең шалбарлар көңілдерінен шығуы тиіс еді. Бірақ, ерлердің 38 пайызы мұндай шалбарды да ұнатпайтын болып шықты.   

Және соңында, балтырға киетін жылы қоныш (гетры): сауалнамаға қатысқандардың 30 пайызы оның қажеттілігін мүлдем түсінбейтінін жеткізген.   

Талғамыңыз биік болсын.

Сурет: love-in-web.blogspot.com

Massaget