Алғашқы кездесу: Киім таңдау

Алғашқы кездесу: Киім таңдау

Алғашқы кездесу туралы әңгімені айтып тауыса алмаспыз, себебі, бәрі де алғашқыдан басталады емес пе? Бұл сәт ішкі де, сыртқы да дайындықтарды талап етеді. Сыртқы дегенде ең алдымен ойға оралатыны – "Не киемін?" деген сауал. Білектілеріміз бұл мәселеге аса назар аудара бермесе де, нәзік жандылар қауымы "шүберекке" келгенде барын салады.

Не киемін? Көйлек пе? Тым жасанды емес пе? Шорты? Ерсі ғой... Биік тақа ма? Тұрпайы секілді ме? Әлде шалбар мен кроссовка дұрыс па? Осы сынды ойлармен арпалысқа түсеміз.

Алайда, бүгін біз ұсынатын алғашқы кездесуге арналған 5 "алтын ережені" жақсы меңгерсеңіз, бір күн бойы емес, бір сағатта жиналатын боласыз.

Сонымен:

1. Кигенің өте ыңғайлы болу керек.

Бұл дегенің мынаны білдіреді:

– Биік өкшелі аяқ киімге ЖОҚ де;

– Әлі тәжірибеден өтпеген қымбат киімдерге ЖОҚ де;

– Әрдайым жөндеп, айнаны қажет етіп тұратын киімдерге ЖОҚ де;

2. Аздап жұмбақтық қалдыру керек.

Мәселен, белдемшеңізде жырық болса, кең ойылған тағы бір киімді қосудың қажеті жоқ. Жамаулардан бас тартыңыз. Жалпы таңдаған киіміңіз жабық, жинақы, керек жерде күптеліп тұрсын. Әсіресе, мақтанатындай сымбатыңыз болса, оны жасырмаған жөн. 

3. Сәйкесінше киіну керек.

Алғашқы кездесу "форматында" болу өте маңызды. Сол себепті, алдын ала қайда баратындықтарыңызды біліп алыңыз. Мәселен, мейрамханға кроссовкамен я болмаса көкке шығуға арналған көйлек киіп бармайтыныңыз анық.

4. Бейнеңізде үйлесім болу керек.

Нақтырақ айтсақ, өз образыңда үйлесім болуы тиіс. Қарапайым күндерде ылғи да джинсы шалбар мен кеды кию әдет болса, биік өкшелі аяқ киім таңдап тәуекелге барудың қажеті шамалы. Физикалық жағынан емес, психологиялық жағынан да ыңғайлы болғаны керек. Сонда қарым-қатынаста да шынайы боласыз, өзіңізді еркін сезінесіз.

5. Өзіңді тартымды сезіну керек.

Бұл – ең соңғы және маңызды тармақ. Ішкі сенімділік өзіне жүктелгенді жасайды. Ал сыртқы келбет сізге байланысты. Жан дүние сұлулығын алға қойып жататындығымызбен, алғашқы кездесуде сыртқы сұлулық үлкен рөл атқарады. Сұлу болыңыз, сұлулық әлемді де, сезімді де, сізді де құтқарады!

Келесі жазбамыздан жігіттерге арналған кеңестерді оқи аласыздар...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:flashroom.ru 

Тақырып бойынша оқи отырыңыз: