Қысқы тоныңызды сақтап қойдыңыз ба?

Қысқы тоныңызды сақтап қойдыңыз ба?

Табиғат-Ана мейірлене түсіп, көктемнің күншуақты күндері көбейе бастағалы қыстың аязды күндерінде ауыр болса да тастамай  киіп жүрген қалың тондарымызды шешіп, жұқа әрі жеңіл  киімдермен достаса бастадық. Бірақ сол бір қақаған аяздар мен ызғарлы күндердің әлі де қайта айналып келетіндігін естен шығармаңыз. Сондықтан ол киімдер сізге әлі талай-талай қажет болады. Қалың киімдерді қалай сақтау керектігі туралы жазып өткен едік. Бүгін "Қалың тонды келер жылға дейін қалай сақтау қажет?" деген сұраққа жауап іздейміз.

Тонды сақтауға дайындау:

  • Тоныңызды келесі маусымға дейін орап тастамас бұрын, ең алдымен міндетті түрде жақсылап тазалау керек.
  • Одан кейін тонды сақтайтын жерді мұқият жуу қажет.

Тонды  тазалау:

Тондағы аса үлкен емес дақтарды спиртке батырылған мақта тампонымен сүртіп тазартуға болады.

Түрлі-түсті тондарды және қоян немесе тиын терісінен жасалған тондарды сұлы ұнымен аналогиялық тәсіл арқылы тазалайды.

Ақ түсті тондарды тазартылған бензин және магний карбонаты қоспасымен тазартуға болады. Ол үшін қоспаны дақтың үстіне төгіңіз, кепкен соң, кір жуатын ұнтақтың көмегі арқылы щеткамен тазалап тастаңыз.

Ескірген тонды жарқыратып көрсету үшін глицерин мен сірке суын жағып, кеуіп қалмас бұрын, спиртке малынған мақта тампонымен  сүртеді.

Немесе өзіңіз бүлдіріп аламын десеңіз, химиялық тәсілмен тазалайтын арнайы орындарға бергеніңіз абзал.

*Тонды орап тастамас бұрын, оны мұқият қарап шығыңыз. Егер ішік жабағыланып қалса, оны арнайы металл тістері бар тарақпен тараңыз.

*Тонды міндетті түрде жақсылап кептіріп алыңыз. Оны көлеңкелі таза ауада, желдетілген бөлмеде жасауға болады. Батарея мен қыздырғыштың маңына жуытушы болмаңыз.

Тонды сақтау:

*Сақтайтын орын жақсы желдетіліп тұруы тиіс, яғни ол гардеробқа арналған немесе қарапайым шкаф болуы керек. Онда ешқандай да күн сәулесінің түспеуін қадағалаңыз. 

*Тонды матадан жасалған қапта сақтаңыз (ешқандай да пластик болмасын!) және ол қаптың ұзындығы тонның көлеміне сәйкес келуі керек. Мамандар тонды күн жарығын жібермейтін ақ, көк қаптарда сақтауға кеңес береді.

*Қапқа міндетті түрде 3-4 ай сайын ауыстырып тұруды қажет ететін күйеден қорғайтын құралды салып қойыңыз.

*Тонды сақтау үшін иықтамасы ұзын ілгіш сатып алыңыз. Және тонның тиектерін салып іліңіз.

Тонға қатысты бірнеше кеңес:

  • Тон киіп жүріп, иыққа сөмке ілмеген абзал. Өйткені ол тон иығының тақырлануына әкелуі мүмкін.
  • Тонға әтірді көп себе бермегеніңіз жөн, ол белгілі бір дәрежеде тонға зиянын тигізеді.
  • Қар астында қалсаңыз да, тонның өздігінен кебуіне мұрша беріңіз. 

сурет: elitdress.ru, mail.ru