Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Іскер еркектің таңдауы - 2

Іскер еркектің таңдауы - 2

Іскер еркектің таңдауы - 2

Іскер еркектің таңдауы туралы бұған дейін де айтып өткен болатынбыз. Дегенмен, костюм төңірегінде айтылатын әңгіме әлі де жалғасады.

Ер адамдардың кез келген маңызды кездесуде кербез көрінуі үшін тағы да бірнеше кеңес:

  1. Жейде 100% мақтадан болуы тиіс. Оның жағасы пенжак жағасынан 0,5 см-ден артық шықпау керек. Ал жейде жеңі костюм жеңінен көп дегенде 2-2,5 см-ге шығып тұруы тиіс. Ерлерге арналған костюмде тек бір элемент өрнекті болуы мүмкін (пиджак, жейде не галстук, бірақ екеуі қатар емес).
  2. Өз костюміңізге қымбат туфли үйлестіріп киіңіз. Сапалы аяқ киімнен ақша аямаңыз, ол сіздің бейнеңізді аяқтап тұрады. Және, туфли костюмге жақсы жарасып тұруы шарт. Оның табаны жұқа, артық темірсіз, тек бауы не айылбасы болған жөн.     
  3. Белбеу – іскер азаматтың басты аксессуарларының бірі. Белбеудің сапалы теріден болуын және түсі шалбар түсімен жақсы үйлесіп, аяқ киіммен жарасуын қадағалаңыз. Кішігірім және металл айылбасы барын таңдаңыз.  
  4. Галстук ұзындығы белбеу сызығына дейін жету керек. Егер галстук дұрыс байланса, оның үстінде кішігірім ойық пайда болуы тиіс. 
  5. Бір жаққа ілме өңірлі пиджактың соңғы түймесінен басқасы тағылады, екі жағына бірдей қаусырмалысы толық түймеленеді.
  6. Пиджактың кеудесіндегі сыртқы қалтасына түсі жарасымды орамал ғана салынады. 
  7. Егер костюміңіз ыңғайсыз болса, сіздің қимыл-әрекетіңізге бөгет келтіреді. Костюм дәл сіздің өлшеміңізге сай болу керек. Дұрыс таңдалған костюм – түзу және жақсы пішілген арқа, айқын силуэт, ширақ жүріс, және иесінің сенімділігі.

• Шалбар ұзындығы түзу тұрғанда, шалбар алдынан туфлиге бір қыртыс жасай түседі, артынан – шалбардың балағы аяқ киім тақасына жетіп тұруы керек. Отырғанда шалбар балағы шұлығыңыздан жоғары көтерілмейді, яғни, жалаң сирағыңыз көрінбеу керек. Бұл шалбарыңыздың қысқа екенін білдіреді.

• Пиджак жеңінің ұзындығы – қолыңызды жіберіп, түзу тұрғанда, жеңнің ұшы алақанның ортасына жету керек. Ал шынтағыңызды бүккенде, жең ұшы білегіңізге дейін көтеріледі. Жейде жеңі кең болмағаны дұрыс, ол білегіңізге тығыз жабысып тұру керек.

Іскер стильде киінгенде, костюм сіз туралы барлық ақпаратты жеткізетін құрал болып табылатынын естен шығармаңыз.

Сурет: znaikak.ru

6334 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 09 сәуір 2012, 12:55
Пікірлер
+0
09 сәуір 2012, 22:42

кеңестеріңіз ұнады рахмет массагет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...