Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Сырғаны қалай таңдау керек?

Сырғаны қалай таңдау керек?

Сырғаны қалай таңдау керек?

Сырға - әйелдің бетін әдемі қып әрлейтін зат. Сондықтан сырғаны таңдағанда, қайсы әдемі болса, соны емес, өзіңізге үйлесетінін таңдауға тырысыңыз.

Алдымен беттің пішініне назар аударамыз. Сырға таңдағанда, сырғаның пішіні мен оның тасына мән берген жөн. Мысалы дөңгелек, үлкен тиек іспетті сырғалар бетті сырт көзге үлкейтіп көрсетеді. Дөңгелек пішінді бетке ұзын сырғалар әдемі жарасады. Беті ұзын пішінді нәзік жандылардың домалақ сырғаларды таққандары жөн. Сары шашты, көзінің түсі ашық қыздар ашық тастары бар сырғаларды, ал қара көзділер жылы түстес тастары бар сырғаларды таққаны жөн. Қара шаштыларға ашық түсті тасы бар сырғалар жарасады. Алтын сырғалар барлық қыздарға үйлесе кетеді.

Жұмысқа

Жұмысқа сіздің іскерлік образыңызды ашатын сырға таңдау керек. Ол алыстан көз тартатындай болмағаны дұрыс. Кеңсеге кішкентай дөңгелек сырғалар, ұқыпты тұратын гауһар тасты сырғаларды тағуға болады. 

Кешкі отырыс

Жарқыраған қымбат сырғаларды кешкі отырыстарға, театрға, қонаққа барғанда тағып барған жөн. Жалт-жұлт еткен әшекей кешкі отырыстың ажарын ашады. Олар жұмыс күнінде, күндізгі уақытта өзінің ажарын жоғалтып алады. Кешкі отырысқа тағып баратын сырғаңыз міндетті түрде көзге түсетіндей болуы керек.

Қайталанбайтын іс-шараларға

Егер сіз арнайы кездесулерге, көптен күткен ерекше шараларға баратын болсаңыз, этикетті сақтаңыз. Мүмкіндігінше, сырғаңыз қымбат металдан жасалып, сіздің әшекейлеріңізбен сәйкесуі керек. Осындай аса қымбат сырғалардың тым құрыса біреуі сіздің аксессуарларыңыздың арасында болса, қайталанбас кештерге осы сырғаны ұялмай тағып бара аласыз. 

Күнделікті тағатын сырға

Образыңызға сай келетін сырғаны таңдаңыз. Кешкі отырысқа тағылатын сырғаны супермаркетте тағып жүрсеңіз, сіздің талғамыңызға сын. Сондықтан, қандай сырғаны таңдасаңыз да, көшенің атмосферасымен сай келсін.

Қымбат сырғалар

Сырға қымбат металдан да, арзан металдан да жасалады. Күмістен, алтыннан, платинадан және платина металдарынан (палладий, рутений, осмий, родий, иридий) жасалған сырғалар қымбат сырғалар болып есептеледі. Бұлардың бағасы да сәйкесінше қымбат. Сондықтан, осындай сырғаларды сатып алғанда, міндетті түрде сынақтан өткізіңіз.

Қымбат сырғалардың сынамалары:

Алтын: 999, 958, 750, 585, 500, 375.
Күміс: 999, 960, 925, 875, 830, 800.
Платина: 950, 900, 850.
Палладий: 850, 500.

сурет: luxfashionstyle.com, uveliropt.com.ua, mal.magicnutrition.ru

12201 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 05 сәуір 2012, 18:22
Пікірлер
+0
05 сәуір 2012, 18:31

кеңестеріңіз темаааааааааа))) ұнады рақмет! сырға дегенді жақсы көремін)))))))

+0
05 сәуір 2012, 18:32

Бижутерия құлағыма жақпай небір әдемі жылтырақтарды таға алмаймын. :( Әдемі бір алтын сырға алу керек еді...

+0
05 сәуір 2012, 18:42

мағанда жақпайтын, жақпасада тағып алатынмын мен )) қазір үйреніп кетті :)

+0
05 сәуір 2012, 18:41

уауууууу :D мен қатты құмармын осындай дүниелерге )) сырға, білезік, жүзік, моншақ дегендерге ))) әсіресе түрлі түсті жылтырап тұратындарға :D

+0
06 сәуір 2012, 04:03

Жылтырауық ;)

+0
06 сәуір 2012, 00:34

әр түрлі сырғаларды киіміме сәйкестендіріп тағушы едім, мама пен папа күшті набор сыйлады. Енді соларды тастамайм :) Мақтан тұтатын, өзінше бір бағалайтын заттар болады ғой прям... сондай көрем оларды )

+0
06 сәуір 2012, 09:45

Сырға, сырға. Сырға деген менің ең "жанды" жерім десем болады. Бірақ оның алтын, күмісіне аса қызықпаймын. Жақында үйімнің жанынан бижутерияның түр-түрін сататын бір дүкен ашылған болатын. Ол дүкеннің жанынан өткенде ішіне кірсем әйтеуір бір сырға алып шығамын. :) Содан үйге баратын жолды өзгертуге тура келді. :mrgreen:

+0
06 сәуір 2012, 22:34

Халайық! Біреулер шынын айтам деп "жанды жерлері" туралы сырларын айтып қойды! Сондықтан........

+0
10 сәуір 2012, 00:40

негізі күміс сырғалар жақсы деп жатадығой көбі алтынға қарағанда олардың қоспасы жоқ таза әрі денсаулыққа пайдалы дейді...

+0
24 қараша 2012, 13:17

сабаққа ше??

+0
17 маусым 2016, 19:24

менікі 585 алтын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)

Табиғат әсемдігі мен тыныштығы туралы

Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!
Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!

Емтихан парақтарын жасау үшін күніне 100.000 ағаш кесіледі

Автор: Arayka Sakhova
Жолдар, жолдар
Жолдар, жолдар

Тесігіңді түзеп, жыртығыңды жамасаңшы...

Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф
Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф

Ұлы Қытай қорғаны ешқандай құралсыз ғарыштан көрінеді.

Автор: Arayka Sakhova
Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...