Оқи отырыңыз

Ұстаз болу – өз уақытын аямауөзгенің бақытын аялау

Автор: Зейнолла Қабдолов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Той сәні: қалыңдықтар ұлттық көйлек таңдайды

Той сәні: қалыңдықтар ұлттық көйлек таңдайды

Той сәні: қалыңдықтар ұлттық көйлек таңдайды

Үйлену тойы – адам өмірінде болатын ең маңызды сәттердің бірі. Осы кезде қалыңдық үшін көйлек мінсіз болуы тиіс.

Той көйлегін сатушылар бүгінде салт-дәстүрлеріміз әр тойда қайта жаңғырып, ұлттық киімдер жоғары сұранысқа ие болып жүргендігін айтады. 

Қыз ұзату – қызды әкесінің үйінен болашақ үйге шығарып салу дәстүрі. Қазіргі қыздар тойда ұлттық көйлекті киюді сәнге айналдыруда. Той өнеркәсібі ұзату тойына киетін көйлектердің түр-түрін ұсынады. Қолжетімді бағаға көйлек, сәукеле, камзолды жалға алуға болады. Ұзатуға киілетін көйлек атлас, жібек, орган, тафта секілді қымбат маталардан тігіледі. Түстері жарқын етіп таңдалады. Міндетті түрде жиегіне ою-өрнек салынады. Інжу тастармен нәзік етіп тігіліп, алтын түсті жіптермен безендіріледі. 

Үйлен тойда қалыңдық басына тек ғана сәукеле киюі тиіс. Қыз ұзатудағы ырым-тыйымдардың көбісі сәукелемен байланысты болғандықтан, оның орнын бағалы тастары бар тәж де, шетелден келген жаулық та (фата) алмастыра алмайды. Сәукеле биік болған сайын қалыңдық жарының үйінде бақытты болады деген ырым бар. Ұзату тойда бас киімсіз қалыңдықтар да кездесіп жатады. Бұл сырт көзге жағымсыз көрінеді.

Сәукелені де тігіншілер қалың негізді той көйлегі тігілген матамен қаптап отырып жасайды. Үстінен маржан тастармен көмкеріп безендіреді. Сәукеленің төменгі бөлігін  бұлыңғыр, түлкі, шиншилла терісімен ажарлайды. Жоғарғы бөлігінде үкі орналасады. Ол көз тиюден сақтайды деген ырым бар. Барлығы дайын болған соң жібек матадан жасалған желекпен көмкеріледі. Желекті шет елдің үлгісіндегі фатаның бір түрі деп айтуға болады.

Той көйлегінің тағы бір бөлігі – камзол. Ол да маржан тастармен көмкеріліп, жиегіне ою-өрнек тігіліп, тиындармен безендіріледі.

Той көйлегінің түсі маңызды. Әдетте қызыл немесе көк түстер таңдалады. Егер той  жаз мезгілінде болатын болса, ақ, күлгін түстер пайдаланылады. Қызыл түс – жастық шақ пен белсенділіктің белгісі.

Және ең бастысы күмістен жасалған ұлттық әшекейлер.

Ұлттық нақыштағы той көйлектерді мына сілтемелер бойынша қарай аласыздар:

http://Richton studio

http://www.alexshebanov.net

http://www.svat.kz

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: alexshebanov.net 

15029 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 06 тамыз 2013, 08:15
Пікірлер
+0
06 тамыз 2013, 09:46

ааай менің идеям

+0
06 тамыз 2013, 10:22

Ұзатуда міндетті түрде көйлектің түсі қызғылт түстің реңктері болуға тиіс. Ол ару-қыздың жастық шақпен, балалық, қырмызы дәуренмен енді ғана қоштасып жатқандығын білдіреді. Ал үйлену тойда міндетті түрде ақшыл түстер таңдалады. Бұл Маңғыстаудан басқа аймақтарда ескеріле бермейтінін көріп жүрміз. Той-садақаларда тұрмысқа шықпаған қыздар да ақшыл орамалдар тартып жүре береді екен. Негізінде қыз бала басына ақтан басқа түстер тартуы керек. Ал тұрмыстағы келіншектер тек қана ақ тартады, ол енді мәңгілікке қыз дәуреніне қайта орала алмайды. Бұл туралы халық әндерінің көбінде айтылады: "қызыл тастап, ақ салған жер", "қып-қызыл орамалың бозарды ма, сәулем", т.б.

+0
06 тамыз 2013, 10:42

Осы маған сәукеле жараспайтын сияқты)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жеке бизнесті ашуға алғашқы қадамдар
Жеке бизнесті ашуға алғашқы қадамдар

Кәсіпкерлікке алғашқы қадамдар

Аспаздық сырлары
Аспаздық сырлары

Сіз дастарханыңыздың одан әрі сәнді де дәмді болғанын қалайсыз ба?

Youtube арқылы танымал болу (PewDiePie)
Youtube арқылы танымал болу (PewDiePie)

PewDiePie-дың блогына назар аударғаным және менің ол туралы ойым.

Автор: Әкежан А
АҚШ-тағы
АҚШ-тағы "Work and Travel " бағдарламасынан алған тәжірибем

"Work and Travel " бағдарламасымен Америка Құрама Штаттарында өткізген есте...

Жетістікке жетер жолда табандылықтан артық мінез бар ма?
Жетістікке жетер жолда табандылықтан артық мінез бар ма?

Не себептен табандылық зор маңызға ие?

Автор: Медет Абай

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...