Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / 2013. Көктем мен жаздың ең сәнді киімдері

2013. Көктем мен жаздың ең сәнді киімдері

2013. Көктем мен жаздың ең сәнді киімдері

Құрметті арулар, біз бүгін 2013 жылдың көктем мезгілінің соңы мен жазына арналған ең үздік киімдерді ұсынамыз. Ендеше, қабыл алыңыздар!

Жыртық джинсы шалбар


Алғашқы жыртық джинсылар 80 жылдары жарық көре бастаған еді. Содан бері сәннен түспей келе жатқан жартық джинсыларды осы көктем мезгілі мен жазда да киіп жүруіңізге әбден болады.

Жыртық джинсыларды сатып алуға да, бүтін шалбарды жыртып киіп алуға да болады.

Сәнді жыртық джинсыларды немен кию керек?

-         Ең алдымен джинсы кез келген ортаға сай болуы керек.

-         Жыртық джинсы қысқа қара жакетпен керемет үйлеседі.

-         Жакеттің ішінен кез келген түстегі жеңсіз кеудеше киюге болады.

-          Аяққа былғары аяқ киім немесе металды түймелері бар аяқ киім киген жөн.

-          Тіпті былғарыдан жасалған сүйретпе де киюге болады.

-          Мойныңызға кішкентай орамал салып алсаңыз да болады.

-          Көкшіл джинсыге басқа түсті белдік тағып алыңыз.

Сәнді орамал


Биыл аруларымыз шашына сәнді кішкентай орамал тағуды сәнге айналдыруда. Орамал әрі шаш жинау үшін, әрі сәндік үшін қызмет атқарады. Орамалдың түрлі-түсті болғаны жөн. Ұзын шашты ару болсаңыз, орамалды орап-орап, жиек ретінде байлап алыңыз. Ал егер шашыңыз аса ұзын болмаса, орамалды бүктеп тағыңыз. Оны шаш жинайтын резеңкенің орнына да пайдалансаңыз болады.

Ақ түсті жеңсіз көйлектер


Ақ түс ешқашан да сәннен артта қалған емес. Өзіңіздің тал шыбықтай бұралған бітіміңізге ақ түсті жеңсіз көйлектер әсте жарасады. Ал аяғыңызға кез келген түстегі аяқ киім киюге болады. Айтпақшы, әшекей тағуды ұмытпаңыз!

Ұзын белдемшелер


Ашық түсті ұзын белдемшенің саудасы қызып тұрған бұл күндері оның әлі де дәурені жүретініне шүбә келтіре алмаймыз. Ұзын белдемшемен жазда жеңіл аяқ киім киюге тырысқан жөн. Кеудешеңіз де белдемшемен үйлеспей қалмасын. Онсыз да ұзын белдемшемен ұзын кеудеше кимей-ақ қойыңыз. Кигеннің өзінде кеудешенің етегін белдемшенің ішіне салып алыңыз. Әрине, егер жарасса!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: wildberries.ru 

10971 9
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 13 мамыр 2013, 17:09
Тегтер: сән, жаз, 2013, киімдер,
Пікірлер
+0
13 мамыр 2013, 18:36

ұзын белдемшем мен сәнді ормалым бар,алайда жыртық джинсы алғым келеді.... :)

+0
13 мамыр 2013, 18:37

"орамал " ғой,кешірім өтінем :oops:

+0
13 мамыр 2013, 18:53

Орамалды көретін екен

+0
13 мамыр 2013, 20:50

Узын белдемше алгым келед...И жыртык джинсы калаймын....

+0
13 мамыр 2013, 22:18

сәнді орамал мен қызыл көйлек жоспарымда жүр))

+0
13 мамыр 2013, 23:31

жыртық джинсы дегенді еш ұнатпаймын :?

+0
14 мамыр 2013, 09:33

Орамалдан басқасы маған тура келмейді бұл жазда. Биыл менің өз сәнім бар. ;) ;)

+0
14 мамыр 2013, 15:27

ка жыртык джинси кип журминн

+0
30 маусым 2013, 18:31

жыртық джинсы ұнамайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...