Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Коко Шанель (Coco Chanel) жөнінде қызықты фактілер

Коко Шанель (Coco Chanel) жөнінде қызықты фактілер

Коко Шанель (Coco Chanel) жөнінде қызықты фактілер

Бүгін сіздерді адамзат тарихындағы ең ықпалды 100 адамның қатарына кірген Coco Chanel (Коко Шанель) туралы қызықты фактілермен таныстырмақпыз. Осы бір нәзік жанды әйелдің қолынан шыққан дүниелер адамзаттың сән әлеміне үлкен бір жаңалық боп енгені анық.

Көбісі оны әйелдердің күнделікті киіміне айналған қара көйлегін өмірге келтіруші деп біледі. Алайда, бұл қате пікір. Себебі ол одан бөлек, біз біле бермейтін бірнеше киімдердің үлгісін жасап шықты.

Сонымен оларға толығырақ тоқталып өтейік: 

• Коко Шанель қалталарды өте қатты жақсы көрді. Ол ерлерге арналған костюмдердегі қалталар әйел киімдерінде жетіспейді деп ойлады. Сондай-ақ, ол қалталарды тек әйел киімдеріне ғана емес, сонымен бірге аксессуарларға да тікті. Мысалы, Chanel сумкасындағы ең басты деталь ол - қалталар!

• Басында Коко үшін барлығы жай хобби ретінде басталған еді. Ол басында қалпақтарды тігумен айналысты. Ал ол кейін париждік ақсүйек әйелдердің жүрегін бірден жаулап алды. Осылайша, өз хоббиінен шабыт алған Коконың шынайы даңқ жолы басталып кетті.  

• Коко ең алғаш сауда жолын трикотаж сатудан бастады. Ол басында трикотаж сату дүкенінде қарапайым сатушы болып істеді.  

• Коко алғашқылардың бірі болып тамаша маркетингтік әдісті іске қосты. Ол өз киімдерін сату жолында атақты адамдардың есімдерін пайдаланды. Ол оларға өзінің тіккен киімдерін кигізіп, кейін түскен суреттерін жарнама беттеріне орналастыра бастады. Сол кезден бастап атақты әртістер ол дүниеге әкелген киімдер маркаларының символына айналды. Қазіргі кезде кез-келген модель Chanel-дің жарнамасына түсуді армандайды. Себебі бұл - сән әлемінде жетістік пен жеңістің белгісі. Кейін оны миллиондық шарттармен жалатын келісім-шарттар күтетін болады.  

• Коко Шанель алғаш болып күнге күюді сәнге әкелді. Күнге күйген тері Шанель кезінен бастап сәнге айналды. Бір қызығы бұл жаңалықты ол кездейсоқ ойлап тапты. 1923 жылы Коко бір круиздық саяхат кезінде денесін тым күйдіріп жіберген екен. Ал одан сәл уақыт бұрын, оны Канн қаласына бір көрсетілімге шақырып қойған еді. Бірақ ол өзінің осындай күйген терісіне қарамастан, ол жерге баруды шешеді. Ал оны көрген адамдарға оның осындай түрі бірден ұнап, кейін осындай күнге күю жаппай сәнге айналады.   

• Коко Шанель өмірінің соңына дейін отельде тұрып келді. Ол Ritz отелін өзінің үйіндей көрді. Ал Ritz отелі қазір Париждегі алдыңғы қатардағы қонақ үй саналады.  

• "5" санын Коко Шанель "ең сүйікті саным" деп есептеді. Себебі оның өміріндегі көптеген жетістіктер осы 5 санымен байланысты. Chanel №5 хошиісі де тегіннен осылай аталған жоқ. Бұл Шанельге қатты ұнаған осы хошиістің бесінші нұсқасы болатын. Бір қызығы, Chanel №5 1921 жылдың 5-мамырында көпшілікке ұсынылды. Ал қазір әлемде 30 секунд сайын оның бір данасы сатылып жатады. 

• Коко Шанельдің өмірінде бірнеше рет махаббат оқиғалары болса да, ол ешқашан тұрмысқа шыққан жоқ.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 сурет: myshulka.ru 

1440 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 24 сәуір 2013, 21:00
Пікірлер
+0
25 сәуір 2013, 09:58

Қызығына қызық екен

+0
25 сәуір 2013, 10:09

керемет ақпар екен, мен де тек қара көйлектерді енгізуші ретінде ғана біліппін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...