Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Шаңырағым шайқалмасын десеңіз

Шаңырағым шайқалмасын десеңіз

Шаңырағым шайқалмасын десеңіз

Шаңырақ көтеріп, отбасы құрған соң қалай да ерлі-зайыптылардың әр екеуі де үлкен жауапкершілік арқалайтыны ақиқат. Шырын махаббат, шынайы сыйластық қана иықтан жаншыған тұрмыстық салмақты жеңілдетіп, ұмыттырып жібереді. Ал психологтар шаңырақтың шайқалмауы үшін екі жаққа да келелі кеңестер ұсынады:

Ерлерге:

  1. Өз жауапкершілігіңізді қанық сезіне біліңіз.
  2. Жұбайыңыздың жан-дүниесін тереңірек түсінуге тырысыңыз. Әйеліңіздің көңіл-күйін қабағынан тани біліңіз.
  3. Үйде көбірек болуға дағдыланыңыз.
  4. Түсініспеушілік себебінен керіс басталғанда, көбінде көңілді кеңге салған еркектер ғана «жеңімпаз».
  5. Әйеліңіздің айтқан әңгімесін бар зейін-зердеңізбен тыңдаңыз.
  6. Оның жасаған тамағын, істеген істерін мақтап отыру екеуіңізді де қуанышқа бөлейді.
  7. Мереке күндері сауға ұсынуды ұмытпаңыз. Оның нені ұнататынын біліп алғаныңыз абзал.
  8. Бала тек әйеліңіздікі ғана емес, оны бағып-қағу борышынан бас тартпаңыз. Бала бағуда оған көмектесе біліңіз.
  9. Дүкен аралау ерлерге оңайға соқпайтыны белгілі. Бірақ әйелдер үшін күйеуімен бірге дүкен аралау өте бақытты шақтардың бірі есептеледі.

Әйелдерге:

  1. Отбасылық өмірдегі жауапкершілік сізге өте ауыр міндет жүктейді. Оның салмағынан қабақ шытпай орындай біліңіз.
  2. Сыйластықты сақтаңыз. Ер-азаматты сыйлағаннан еш жамандық көрмейсіз. Қайта оның қадірлеуіне бөленесіз.
  3. Керіс басталғанда «ішімдегіні ақтарып алсам, жеңілдеп қаламын» деу әйелдердің назарындағы ең қате көзқарас.
  4. Оған «достарыңнан қарым-қатынасты үз!» деу ең қитұрқы сөзіңіз болатынын ұмытпаңыз.
  5. «Сыйға сый, сыраға бал» демекші, жақын адамынан болмашы сыйлық алып тұрудың өзі, ер азаматтарға ең қымбатты тарту.
  6. Тамақты дәмді етіп, түр-түрін істеуді үйреніп алғаныңыз жөн. Сонда күйеуіңізге де, балаларыңызға да, тіпті жақын дос-жарандарыңызға да сыйлы боласыз.
  7. Күйеуіңіз жұмысбасты болып кеткенде, шамаңыздың келгенінше көмектесіңіз. Мұндай сәттерде оған ерекше ілтипатпен мәміле жасаңыз.
  8. Шайпауыз сөзге қарағанда, «сенің айтқаның жөн екен» деген бір ауыз сөз өзіңізді ғана емес, оны да сабасына түсіреді.
  9. Достарыңызбен бас қоса қалғанда, әсте күйеуіңіз жайлы жаман пікір айтпаңыз. Мұндай әйелдер өмірде өте көп. Қайта оның артықшылығын айтып, мақтанып отырыңыз. Бұл өзіңізге бақыт сыйлап қана қалмастан, өзгелерге де тамаша әсер қалдырады. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: diocesepvd.org

1117 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 04 сәуір 2013, 19:33
Пікірлер
+0
04 сәуір 2013, 21:22

Бәрін айт та бірін айт демекші, жұмыстағы тұрмыс құрған барлық тәжірибелі апайлар: ең бастысы дәмді тамақ жасай білу! деп бір ауыздан айтып отыр. Еркектер үшін ең бастысы сол дейді))) Сондағы, ер адамның жүрегіне жол асқазанынан бастау алады деген рас ау))))

+0
04 сәуір 2013, 22:34

мен тамақ істей алмаймын онда :(

+0
05 сәуір 2013, 11:41

))онда жақсы болды

+0
04 сәуір 2013, 22:11

Сонан кейін әдемі болу

+0
05 сәуір 2013, 00:20

мен тамақ істей алмаймын, бірақ, оған қарайды деп ойламаймын :!:

+0
05 сәуір 2013, 23:51

тамаққа еще как қарайды)))))

+0
08 сәуір 2013, 17:38

Тамақты бірден адам үйреніп бармайды. Біртіндеп үйреніп кетеміз ғой. Бастысы тамақ әзірлеуге деген ниет болуы керек. Ал сол ниет болу үшін күйеуіңе деген сүйіспеншілік болуы керек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...