Миллион "лайк" арқылы қызға лайық болды

Миллион "лайк" арқылы қызға лайық болды

Миллион «лайк» алып, қыздың жүрегін жаулаған жігіттер қазір нағыз Төлеген секілді болған заман...

Норвегиялық Петтер Квернег 20 жаста. Бұл жастағы әрбір бозбала әлемнің алып әлеуметтік желілерінің бірі Facebook-ке тіркелетінін білесіз. Бірақ сол қалған миллиондаған қолданушыдан бір артықшылығы, Петтер желіге қыздың суретін салып, егер миллион «лайк» жинаған болса, қыз оған келісімін береді деп жазған. Және бұл «ғажайып» пост 18 сағаттың ішінде 1000000 «лайк» жинап үлгереді!

Петтердің айтуы бойынша, Катринге жасалған «ұсыныс» жәй ғана әзілден басталған екен. Және бір қызығы, бұл сынақты орындаған кезде Катрин мен Петтер қосылып, үйленетін болған-мыс.

Енді жігіт бұл қылығы үшін қыздың ата-анасынан сөз естуі мүмкін.

Бұл идея бұдан бұрын болған оқиғадан туындаған. Ол кезде кішкентай балалар «Сәлем, әлем! Біз күшігіміздің болғанын қалаймыз. Әкеміз егер миллион лайктан асырсақ, бізе күшік сатып әперемін деген еді» деп жазған кезде, олардың постына 2,6 миллион «лайк» қойылған болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: otvetkak.ru

А. Құлтай