Ерлердің жігерін мұқалтатын сөздер

Ерлердің жігерін мұқалтатын сөздер

«Неткен топас едің!». Әйелдер сүйіспеншілікке баса мән береді. Ал ерлер өз қабілетіне баса мән береді. Той жасаған әйелдер үнемі ерінің жетерсіздігіне кейіп жүреді. Мұндай жазғыру мейлі кәсіпте, мейлі тұрмыста болсын, ерлердің өзіне тән сезімін мұқалтады. Кәсіпте табысқа жету мен қабілетін әйгілеу ерлер өмірінің маңызды бөлігі. Ұдайы кекетіп-мұқату мен шамына тию ерлерді тығырыққа тірейді.

«Бәленше жаңа үй алыпты, түгенше көлік алыпты». Бұл сөздер ерлерді екі түрлі шешімге жетелеп әкелуі мүмкін. Бірі өзін топас санап, заттық жақтан әйелімнің қажетін қанағаттандыра алмадым десе, енді бірі әйелім жағымпаз, ақша десе емешегі үзіледі деп ойлау. Ол осылай өзіне де, әйеліне де разы болмайды. Мұндай жағдай көбейе берсе, күйеуі әйелім қыр соңыма түсіп жүр де жаңсақ түсініп, ерлі-зайыптылар ара қатынасқа салқындық түседі.

«Керемет болсаң, жалғанды жалпағынан бас». Үй болған соң, шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды. Басқаларға сыпайлы мәміле жасайтын әйел күйеуіне айғай-сүрең салып, мықты болсаң, жалғанды жалпағынан бассаңшы деген сияқты сөздерді айтып қалып жатады. Мүмкін кей ерлердің мінезі ауыр болғандықтан, оны елемеуі мүмкін, бірақ, бұл үрдіс көп қайталанса, әйелдер қауымының көздері де, жүректері де «көгеріп» қалуы мүмкін.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: yninfo.com

M. Auelkhan