Қарапайым заттардың жаңаша қыры

Қарапайым заттардың жаңаша қыры

Назарларыңызға күнделікті қолданыстағы қарапайым заттардан тағы не істеуге болатынын ұсынамыз.

Шай қалталарын ауа тазартқыш ретінде қолдану


Қолданылған бірнеше шай қалталарын құтыға салып, оны тоңазтқышқа қойыңыз – ол жағымсыз иістерді өзіне сіңіреді.

Балаларға арналған сулы майлықтарды гаджеттерді тазалау үшін қолдану


Электронды құрылғыларды тазарту үшін арнайы құралдар сатып алудан бұрын балаларға арналған сулы майлықтарды қолданып көріңіз. Нәтижесі арнайы құралдардан артық болмаса, кем болмайды.

Тіс пастасын тазартқыш құрал ретінде қолдану


Тіс пастасы ванна мен ас үйдегі құралдардың металл бөлшектерін жақсы тазартады. Сонымен қатар, оның көмегімен қолдағы сарымсақ иісінен де арылуға болады.

Алка-Зельтцерді балықтың қармақ жемі ретінде қолдану


Біртүрлі болып көрінуі мүмкін, бірақ, Алка-Зельцердің бірнеше таблеткасын балық аулайтын суға тастасаңыз, қармағыңызға үлкен балықтың іліну мүмкіндігі артады.

Шай қалташаларын сүйелге қарсы қолдану


Шай жапырақтарының құрамында тері илеуге қолданылатын қышқыл сүйелден арылуға септігін тигізуі мүмкін. Күніне 15 минуттан үш рет сол жеріңізге жылы қалташаны басыңыз.

Күміс ыдыстарды бананмен жылтырату


Ыдыстарды банан қабығының ішкі қабатымен сүртіп шығыңыз. Және қалайша жалтырай бастағанын көресіз.

Балды микробтарға қарсы қолдану


Балдың кейбір түрлері антибактериалдық құралдарды орнына қолдануға болады. Ол жараның жазылуына себепші бола алады.

Аспиринді қышуға қолдану


Аспирин дәрмегін үгіп, азғантай су қосыңыз және сол қоспаны маса шаққан жерге жағыңыз.

Соданы тіс пастасының орнына қолдану


Сода тек тынысты сергітіп қана қоймай, тісті ағартады.

Қолға арналған кремдерді аяқ киімге қолдану


Қол кремдері аяқ киімді жалтыратып қана қоймай, оның терісін жұмсартады.

Ағаш көмір ауа тазартады


Көмір ауаның таза болуына көмегін тигізеді – мейлі тоңазтқышта болсын, мейлі автокөлікте болсын.

Дайындаған:Ерғали Елдос

Сурет: lady.gazeta.kz, bigpicture.ru

Ж. FM