Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Ұрлық тәрбиесі

Ұрлық тәрбиесі

Ұрлық тәрбиесі

Неге жарататынымды білмесем де, шешемнен үнемі ақша сұрайтынмын. Үйдегілердің бәрі шырт ұйқыда жатқан бір күні таңертең мен ғана ерте тұрып алыппын. Үстелдің үстінде қатар-қатар тізіліп, қалың ақша шашылып жатыр екен. Ойыма бір жаман ниет сап ете түсті. Теңгенің жартысын жинап, сөмкемнің түбіне сүңгітіп жібердім. Мектепке жөнелдім. Сол сәтті мұның ұрлық екенін біліп, көңілім аласұрып, орныға алмай тұрса да, ешкімнің көрмегенін ойлап бұл қорқынышым лезде ғайып болды. Сонымен мұны күнделікті әдетке де айналдырып алдым. Араным күн сайын ашылды. Ақыры әшкере болдым. Үстелдегі ақшаны енді сыпырып ала бергенімде шешем жетіп келді. Алғанымды сезіп қойды. Қалтамды қағып алды. Шешем аз-кем үнсіздіктен кейін: «Мұны неге жаратасың?» деп сұрады. Еңкейген қалпы: «Үстел теннисін алайын деп ем» дедім тұтығып. «Мұның ұрлық, алдамшылық екенін білесің бе? Мектебіңе бар, қайтып келген соң сөйлесеміз» деді. Кеш батты. Қорқынышымда шек жоқ. Ерте жатып қалдым. Кірпігім айқасар емес. Мазасыз күй кешіп жатырмын. Әкем шешемнен: «Ұйықтады ма?» деп сұрағанын естідім. Шешем: «Ұйықтап қалды.» деді. Әкем: «Мынаны сол жерге қойып қой, оған ақша бермей қойғанымыз жоқ, ұрлық істегені несі?» деді қатқыл үнмен. Мен әлі де ұйықтаған болып жатырмын. Шешемнің қасыма келіп, жастығымның астына бір нәрсені еппен қойғанын сездім. Таңертең ерте оянғанда жастығымның астындағы қобдиша қолыма іліне кетті. Ашып қарап ем, өзім күмілжіп өтініш еткен үстел теннисі тұр...

Содан бастап әке-шешем, әжем де бұл істі ауыздарына алған жоқ. Мен де ақша ұрлайтын әдетті қойдым.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: arkalyk-kostanay.kz 

16420 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 13 наурыз 2013, 13:35
Пікірлер
+0
13 наурыз 2013, 14:13

атан-аналардың дұрыс түсініп, баланы қиын жағдайдан алып шығулары тиіс. Қазақта кішкентай баланы өздерімен бірдей көріп, шарт-бұрт қылып жібереді. Үлгі аларлық мысал!

+0
13 наурыз 2013, 17:08

иә дұрыс!

+0
13 наурыз 2013, 18:08

Біз бала күнімізде ақша алғанда қолымызды күйдіріп еді содан соң жасамаппын

+0
14 наурыз 2013, 11:05

Бвлалы үйге ұрлық жатпас! Ата-анасы жақсы екен біздікілер болса, алып бермек түгілі үйдегі артық затты ұстамайтындай құлақ еттімізді жер еді...))) Бірақ ондай жайттан сақтасын 8-)

+0
14 наурыз 2013, 20:38

ұрлық - әдет, тыйылмаса-бұзақылық, бұзақылық- қылмыс, қылмыс өтеуі - ЖАЗА.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...