Психолог: Балалы болу - бақыт емес

Психолог: Балалы болу - бақыт емес

Гарвард университетінің профессоры Дэниел Гилберт өзінің «Спотыкаясь о счастье» ("Бақытқа жету жолындағы кедергілер") еңбегінде бақытты болуға кедергі жасайтын – бала деп тоқетерін айтып мәлімдеме жасапты.

Ақша. Иә, ақша, расында да бақытты болуға жасалатын алғышарттардың бірі. Көп ақша тапқыңыз келсе, уақытыңыздың тапшы болуы да заңды. Ал ақшаның тым көптігі – жалқаулыққа апарады. Ал ақшасыз бақытты болу дегеніңіз енді барып тұрған – утопия.

«Бақытты ақшаға сатып ала алмайсыз деген стереотип бар. Бұл дұрыс емес, кейде аз ақшаның өзіне бақыт сатып алуға болады да, ал кейде қыруар ақша иесі бақытты басына қондыра алмайды» дейді профессор.

Сонымен, профессор материалдық құндылық тұрғысынан әркім де бақытты болу үшін оған ай сайын 50-70 мың доллар аралығында ақша керек дейді. Сол ақшаны жақын адамын асырауға немесе көмектесуге жұмсайтын адам бақытты бола түседі екен.

"Ал отау құрғандар бойдақтарға қарағанда бақыттырақ. Олардың денсаулығы да мықты, өмірі де ұзақ. Ал бірін-бірі толық танымай қосылған жұптар ажырасқан кезде бақытты бәрібір де сезеді" дейді ол.

- Ақша бақытты болуға кедергі келтіреді.

- Балалы отбасылар көбіне бақытты бола бермейді. Ал бала өскен кезде ата-ана қайтадан өзін бақытты санай бастайды. Сонда неге балалы болу – бақытты болу дейміз? Себебі ата-ана өз баласын уайымдап, тамағын беріп, киімін киіндіріп болған соң оның бір ғана күлкісіне жаны тояттап қалады. Бір күнгі әлегі осыдан ұмыт болады.

- Мен балалы болуға қарсы емеспін, бірақ бала босану алдында ата-ана оған аса дайындықпен (рухани әрі материалдық тұрғыда) келуі керек.

 

Дэниел Гилберт 


Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ubr.ua

А. Құлтай