Май дақтарын кетіруге кеңестер

Май дақтарын кетіруге кеңестер

Отбасы жабдықтарындағы май дақтарын кетірудің оңай тәсілдерін біле жүріңіз. 

1. Ас үйдегі шыраққа май көп қонатындықтан, бірте-бірте жарығы әлсірейді. Егер жылы сірке суына шүберек матырып, кез-келген ірілі-ұсақты шырақтарды сүртер болсаңыз, жарқырап шыға келеді.

2. Жұмыртқа қабығын ұнтақтап, ыдыс ішіне салып, мәлім мөлшерде су құйған соң шайқасаңыз ыдыс ішіндегі май оңай кетеді.

3. Мандарин қабығын тұзға матырып, онан соң қола ыдыстарды сүртсеңіз май дағы оңай кетеді.

4. Ағаштан жасалған жабдықтарды немесе дастархан бетін таза суға азырақ сірке суық қосып сүртсеңіз май дағы оңай кетеді.

5. Дастархан үстіндегі май дақтарына арақ тамызып, сосын сүртсеңіз тез кетеді.

6. Шай самасымен ыдыс-аяқты сүртіп, сосын барып таза сумен жусаңыз жаңадан алғандай жарқырап шығады.

7. Сүрткішке аздап тіс пастасын жағып, онымен ыдыс-аяқты сүртіп, шайып жіберсеңіз де май дақтарынан оңай арылады.

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: baidu.com

А. Әбілхан