Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Қолдануға тұрарлық фен-шуй ережелері

Қолдануға тұрарлық фен-шуй ережелері

Қолдануға тұрарлық фен-шуй ережелері

Фен-шуй - материалды мен рухани гармонияға жету жолы. Сенбейсіз бе? Ендеше олардың нәтижелі болатындығының  ғылыми дәлелдеулерімен таныс болыңыз.

Үйіңізді жинаңыз

Фен-шуйдің басты ережелерінің бірі: үйді жинау арқылы ой-санаңызды реттейсіз. Түсіну қиын емес, шашылған заттар арасында өмір энергиясы тұрып қалып, дамымай, теріс күшке айналады. Айналаңыздағы хаос ішіңізде бейберекеттікті тудырады. Жиналмаған ас үй байлықты қашырады, кір ванна сәттіліктен алыстатады, шашылған кіреберіс ішкі жан-дүниеге тыныштық бермей, кір қонақ бөлме жалғыздыққа әкеледі. Өмірдегі кез келген қиындықты шешпес бұрын, үйіңізді жинап, реттеген жөн.

Ғылыми дәлелдеме: Принстон университінің нейробиология институтының ғылымдарының зерттеулері бойынша, үйдегі шашыраңқылық адамның ой-санасына үлкен әсер етеді. Шашылған үйде сіздің ойларыңыз шашыраңқы, ұйқыңыз сапасыз болады. Ақпаратты қабылдау, өңдеу қасиеттеріңіз күрт түседі. Жиналған, таза жерде жұмыс істеу, сабақ оқу, тіпті демалудың өзі әлдеқайда жайлы болмақ.

Ұйықтайтын бөлмеге айна қоймаңыз

Фен-шуй бойынша жатын бөлмедегі айна әйел мен еркек энергиясы, яғни инь мен янь арасында шиеленіс тудырады. Фен-шуй бойынша ұйқыдағы адам айнаға қарап жатса, бұл қарым-қатынастағы қиындыққа әкелуі мүмкін.

Ғылыми дәлелдеме: Лондондағы психиатрия институты ғалымдарының жүргізген тәжірибелері бойынша, айнаға тым көп қарау адамның өзіне деген сенімділігін түсіреді. Ал егер ол ылғи алдыңызда ілініп тұрса, оған қалай қарамауға болады? Орта есеппен әйелдер айнаға күніне 38 рет қарайды екен. Айнаға көп қараған сайын, сіз өзіңізде кемшіліктер тауып, сол жайлы уайымдайсыз. Өзіңіздің сұлулығыңызға деген сенімсіздік жеке өмірдегі қиындыққа апарады.

Жатын бөлмеге техника қоймаңыз

Фен-шуй философиясының тағы да бір алты ережесі: жатын бөлмеге техника қоймау керек. Жалпы ұйықтайтын жерде әйел, яғни инь энергиясы басым болуы тиіс. Ашық түстер, жайлы жарықтандыру, жұмсақ төсек-орын. Ал компьютер, теледидар, телефон сынды техника бұйымдарында янь энергиясы басым. Ол сізге жұмыс күнінен кейін күшті толыққанды қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді. 

Ғылыми дәлелдеме: Ұйықтайтын бөлмедегі артық жарықтандырғыш заттар (компьютер, ноутбук, тіпті телефон қуаттандырғыштың кішкене жарығы) сіздің ұйқыңызды бұзады, оның сапасын төмендетеді. Ұйқыңызға теледидар кедергі болмаса да, техниканың түр-түрі миға жақсылап демалуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде, ұйқының қанбауы, депрессия, шаршағандық сезімі маза бермейді. 

Үйге таза ауа мен күн көзін кіргізіңіз

Үйді жиі желдету жағымды ци энергиясының келуіне әсер етеді, өміріңізге гармония әкеледі делінген фен-шүй ережелерінде.

Ғылыми дәлелдеме: Күн көзінің жетіспеушілігі денсаулық, көңіл-күйге әсер етеді. Биологиялық ырғақтардың бұзылуына алып келіп, мидың жұмысын баяулатып, қысқа мерзімді есті бұзады.

Жұмыс орныңызда арқамен қабырғаға, алдыңызбен кіре беріске қарап отырыңыз

Арқаңызбен есікке қарап отырсаңыз, өзіңізді қорғаусыз сезінесіз. Осылайша энергия мен өзіңізге деген сенімділіктен айырыласыз. 

Ғылыми дәлелдеме: Артыңыздан адамдар әрі-бері жүрсе, қаламаса да мониторыңызға бір үңіліп кетеді. Бұл сізді қайта-қайта алаңдатып, жүйкеңізді қоздрады. Жұмысты тиянақты орындай алмай, үлгеремейсіз.

Фен-шуй философияна сенбесеңіз де, одан жалпы үйренетін заттар баршылық. Осы қиын емес кеңестердің өзі-ақ талай жақсы өзгерістер әкеле алады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: sylvesterelectric.com 

10477 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 ақпан 2013, 18:29
Тегтер: шаңырақ, үй, фен-шуй,
Пікірлер
+0
25 ақпан 2013, 18:55

айна мен техниканы шығарып тастамасам)). үй тазалағанда кәдімгідей рахаттанам

+0
26 ақпан 2013, 09:17

Ұйықтайтын бөлмеге айна қоймаңыз :o

+0
26 ақпан 2013, 16:46

ұйықтайтын бөлмеге техника қоймау шын мәнісінде дұрыс.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...