Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену... ІІ бөлім

Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену... ІІ бөлім

Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену... ІІ бөлім

Сүрінбе, қызым, құлама қызым,

Күлімде мәңгі, жылама қызым.

Әкеңдей камқор болар-ау деумен,

Тапсырдым сені кұдама, қызым.(Т.Иманбеков)

 

Өткен жолы  жар таңдау, құда түсу дәстүрлері туралы баяндаған болсақ, бүгін өздеріңізбен қыз ұзату салттары туралы әңгіме қозғауды жөн көріп отырмыз...

Жалғасы...

...Құдалар бәтуаласқан соң-ақ қыздың барлық туған-туыстары жиналып, ұзату тойының қамына кіріседі. Той басталарға екі-үш күн қалғанда 5-6 жолдасымен сүт ақысы, той малы, жыртысы мен түрлі кәделерге арналған мал-мүліктерін алып, артынып-тартынып күйеу келеді. Бір топ қыз-келіншек олардың алдынан шығып, ауыл сыртынан қарсы алады. Жездесінің атын жетектеп келіп, кермеге байлағаны үшін балдызы маталай «ат байлар» сыйлығын алады.

Рәсім бойынша, күйеу келген соң, қыз әкесі үйінің артынан қалыңдық пен жігітке арналған ақ отау тігіледі. Ақ отауды тігу үстінде мынадай дәстүрлі ырымдар орындалады. Отау тігер алдында «Тәңір қолдасын деп бір мал сояды. Бұл  рәсім – «құдай жолы» делінеді. Отау тігуге сол ауылдың үбірлі-шүбірлі кейуаналары қатысып, керегесін кергені үшін күйеу баладан «кереге керер» кәдесін алады. Әдетте шаңырақты(жігіт әкелген) жасы бел ортадан асқан, елге сыйлы сол ауылдың кәрі күйеуіне ырымдап көтерткізеді, ол «шаңырақ көтереріне» бір ат мінеді. Сонымен бірге күйеу жігіт отаудың уығын шаншығанда «уық шаншар», туырлығын жапқанда «туырлық жабар», түндігін жақанда «түндік жабар», үзігін жапқанда «үзік жабар», бау-шуын тартқанда «бау-шу байлар» кәделерін үлестіреді. Ақ отау әбден тігіліп болған соң, әйелдер құдалардан «отау байғазысын» алады. Тігілген ақ отауға ең алдымен қалыңдықты кіргізеді. Ол үйдің сол жақ босағасына барып, оң аяғымен жерді бір теуіп, далаға қайта шығады. «Бұл отаудың иесі біз боламыз» деген ишаратты білдіреді, осы әдетті күйеу бала да қайталайды. Үй тігісімен аналар «құдай жолына» сойған малдың етін міндетті түрде жаңа отаудың ішінде жеулері шарт. Сүйегіне тіс тимей мүжілген қойдың омыртқасын әйелдер күйеуге ұсынады. Жігіт оны жібек орамалға орап, ақ отаудың шаңырағынан сыртқа лақтыру керек, ал мойын ұсынған әйел «мойын ұсынарым» деп, жібек орамалды өзі алады. Бұл «ақ отаудың босағасы берік болып, түтіні түзу шықсын» деген ырымды білдіреді.



Құдаларды арнайы дайындаған дасарқанға жайғастырып отырғызады. Дастарқан басында орындалатын кезекті кәделер бар. "Сыбаға беру" кәдесін жасап, табақ тартылады. Оны да құдалар ақысын беріп, сатып алады. Сыбағаны тарту еткен әйелдер алған ақыларын өзара бөлісіп жатады.

Кей жерлерде "Есік ашар" кәдесін құдалар орындайды. Жекжат болып жатқандарының құрметіне сыйлағандарын білдіріп, түрлі сыйлықтарымен келеді. "Малға бата жасау" кәдесін құдалар алдына әкелген соң, "табақ саларын" береді. Оны табақ әкелгендер өзара бөлісіп алады. Құдалар жағына той бастау ұсынылады. Сыйлықтар мен жыртыстары бар табақты той бастайтын құдаға немесе құдағиға ұсынады. "Той бастар" кәдесі осы жерде жасалады. Оны өздерінің тілектерімен немесе өлеңмен бастайды. Құдаларға арнап өлеңдер айтып, тілектер тілейді. Кейбір жерлерде тойды ауыл әйелдері бастайды. Әр түрлі той әндері айтылады.

Той үстінде құдалардың осы тойын қызықты өткізетін бір дәстүр - "құйрық-бауыр асату". Құйрық бауыр асатудың мағынасы: "Құйрықтай тәтті, бауырдай жақын болайық" дегенді білдіреді. Бұл дәстүр құда болудың белгісі. "Құйрық бауыр" асатқан келіншектер алған кәделерін бөліседі.

Той кезінде құдаларға сыйлы табақтар тартылады. Асықты жілік, жамбас, сияқты сыйлы мүшелер салынған табақтарды ұсынғанда, "сый табақ" кәдесін алады. Сондай-ақ, «көпшік қыстырар», «шашу», «киім ілу», «табалдырық кәдесі», «суға тотығу» сынды салт-дәстүрлер де орындалатын болған.

Ауылдың өнерлі жастары ымырт түсісімен-ақ киіз үйдің іргесін түріп тастап, қыздар іште, жігіттер сыртта тұрып, қызу айтысты бастап жібереді. Жеңілген жақ уақ-түйектен бір тоғыз төлеп, түн ортасы ауа тарқасады. «Той десе, қу бас та домалайды» демекші, ертесіне ат жалын тартып мінген жастан еңкейген кәріге дейін тойлы ауылға жиналады. Қымыз ішіліп, сыбағалы табақтар тартылған соң, кезек балуандар күресіне беріледі. Күрес арты көкпарға ұласып, кешке таман түрлі өнердің тиегі ағытылады. Жастар таң атқанша ойын-сауық құрады. «Балтам тап», «Хан», «Көрші», «Мыршым» секілді ойындар ойналады.


Қыз ұзату  үлкен той-думан әрі қызық болғанымен, бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны  «қызым өсті, өрісім кеңейді» дейді, жылайтыны  қимастық көңілі, бағып-қаққан перзентінің жатжұрттық боп кете баратыны...

Қызды алуға құда жақтан бес не жеті (тақ санмен), кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жігіт пен күйеу жолдас болады. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар, әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде-жоралар жаслады. Жақын адамдар (ағайын-туыс, көрші-қолаң) құдаларды үйіне шақырады. Ұзатылған қызды, дәстүр бойынша, таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында «Қоштасу жырын», «Жар-жар», «Ау-жар», «Аушадияр» айтылады. «Алтыбақан» тебіліп, «ақсүйек», «айгөлек» ойындары ойналады.


Соңғы күні ұзатылар қыз үй-үйді аралап жүріп, ел-жұртымен қоштасады. Бұған қыз туыстары дайындалып,әрқайсысы өз дастарқанынан дәм татқызады. Әрбір үй қызға көзіндей көріп жүру үшін «танысу» деп аталатын сыйлықтар ұсынады. Ұзату тойынан соң қыздың жасауы көрсетіледі. Қыз аттанарда қимас ата-анасы, туған-туыстары, қасиетті ел-жұрты, атамекен, құрбы-құрдастарымен қоштасып, «сыңсу» айтады.

Аттанар алдында қызға күштеп сәуеле кигізеді. Қалыңдық пен күйеуге күміс ер тұрманды, үкіленіп қызыл шұғамен жабуланған жорғалар, қыз шешесіне жайлы көлік дайындалады. Қалыңдық көшіне қыз шешесімен бірге, екі жеңгесі және қосшы жігіт ереді.

Жалғасы бар...

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

28413 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 24 ақпан 2013, 09:34
Пікірлер
+0
24 ақпан 2013, 12:06

Жақсы жазылыпты

+0
24 ақпан 2013, 20:11

Жақсы материал.

+0
25 ақпан 2013, 18:46

Арулар осы қуанышты сәтті өімірінде бір-ақ рет көреді, Соның өзіне жету-үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...