Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Сенбілік... Ас үйдегі жағымсыз иістерді кетіру

Сенбілік... Ас үйдегі жағымсыз иістерді кетіру

Сенбілік... Ас үйдегі жағымсыз иістерді кетіру

Ас үйіңізді аптасына бірнеше рет жуып тұрсаңыз да, жағымсыз иістерді байқайсыз ба? Олардан құтылатын кез келді!

Жағымсыз иістің шығу себебі:

1. Жаман иісті сіңірген ыдыс-аяқ;

2. Қоқыс шелегі;

3. Тоңазытқыш не ыдыс жуғыш машина;

4. Раковина;

Иістен арылу жолдары:

1. Жағымсыз иістен бірден тазалап отыру. Мысалы, кешегі балық немесе теңіз өнімдерінің иісінен арылу үшін 3 ас қасық сірке суын 1 литр суда араластырып, оны қайнатып, осы сумен иіс жұққан беттерді немесе ыдысты шайыңыз.

2. Қоқысты ұмытпаңыз. Қоқыс жәшігін қадағаламайтын болсаңыз, ас үйде ерте ме, кеш пе жағымсыз иіс пайда болады. Сондықтан қоқыс тастағаннан кейін қағаз салфеткаларын қолдануды әдетке айналдырыңыз. Олармен төгілген сұйықтықтар мен қоқыспен былғанған жерлерді сүртіп отырыңыз. Қоқыс жәшігінің түбіне дезинфекциялаушы сұйықтықты немесе сол баяғы сірке суы мен судың қосындысын шашып отыру керек. Аптасына бір рет істелінген осы шара ас үйіңізді жағымсыз иістерден сақтайды.

3. Үй техникасы жайлы ұмытпаңыз. Ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салмастан бұрын оны қоқыстардан тазалау керек екенін білесіз бе? Машинаның сүзгілеріне сондай қоқыс жиналып, уақыт өте келе, иіс шыға бастайды. Бұндай иістен құтылу үшін машинаның сүзгісін тазалауға тура келеді. Ол машинаның астында орналасқаннан тазалау процесі қиынға түспек.  Сол жердегі кір қоқысты қағаз салфеткамен жинап, ыдыс жуғыш машинаны ыдыссыз шаю режиміне орнатыңыз. Кейін оның есігін ашып қойып, шамалы уақытқа желденуге қалдырыңыз.

Тоңазытқышты тазалағанда, біріншіден, керек емес қоқысты лақтырып тастаңыз. Оған баяғы заманда алынған, сақталу уақыты өтіп кеткен азық- түліктер жатады. Сондай-ақ мұздатқыштағы мұз кесектері иістерді жақсы сақтайтындықтан, оларды да лақтырғаныңыз жөн болар. Губка көмегімен төгілген сұйықтықтардан қалған дақтарды сүртіп, бірнеше жерге тосап салатын ыдысқа ас содасын құйып, бетін ас қабықшамен жауып, үстіне бірнеше тесік  істеп, тоңазытқышқа қойыңыз. Ас содасы үш ай бойы жағымсыз иістерді бейтараптандырып тұрады.

4. Раковина мен суағардағы жаман иістерге себепші - құбыр шеттеріне жабысып қалған тамақ қалдықтары. Бүл жердегі кірдің көзін құртамын десеңіз, ескі тіс щеткасымен тазалағаныңыз жөн болар.  Сондай-ақ суағарға жарты стақан ас содасын сеуіп, үстінен ыстық суды қатты ағызсаңыз болады. Бұл көмектеспеді ме? Онда суағардың ішін ашып, жақсылап бір тазалауға тура келеді. 


4125 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 наурыз 2012, 09:00
Пікірлер
+0
03 наурыз 2012, 12:45

ас содасы бәріне дәру дейсің ғой )

+0
03 наурыз 2012, 12:48

Кейде ас үйің тап таза болса да, иістер шығып тұрады... Осы кеңестерді қолданып көрмесем...

+1
03 наурыз 2012, 15:42

иә үйреніңдер, үйреніңдер )))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...