Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену...

Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену...

Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену...

Бірге аттанып болашаққа, өмірге
Тікті бүгін ортамызға отауын.
Қуаныш пен шаттық орнап көңілге,
Тойламаққа келді бүгін көп қауым...

(Х.Сыдықов)

Ұл бала ер жетіп, қыз баласы бойжеткен шақта әрбір ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруды» ниет етеді. Қадым замандарда қазақ қыз баланы 13-14 жасында, ұл баланы 14-15 жасында үйлендіретін болған. Жастарды неғұрлым ерте үйлендірсе, жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпағы көп, дені сау, мықты болып қалыптасады деген түсінік - бұл ғұрыптың негізгі себебі. Үйлену салтының осы аталған дәстүрлі бітімі негізінен ХХ ғасырдың орта шеніне дейін некен-саяқ сақталып келді. ХХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін жастар 20-25 жас аралығында үйленіп тұрмыс құратын болып келсе, соңғы ондаған жылдар ішінде некелесу 28-30 жасқа дейін ұзарып келе жатқаны байқалуда. Бүгінгі әңгімеміз бұл жайында емес еді, біздің мақсатымыз - ұмыт қалып, қолданыстан шығып бара жатқан үйлену салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарды бүгінгі қазақ жастарына ұлықтау еді.

Данышпандарымыз "Үйлену оңай, үй болу қиын" дегендей, үйленіп, үй болу адам өмірінің ұмытылмас әрі ең жауапты кезеңі. Жалпы, ұлтымыз ырымшыл, думаншыл-сауықшыл халықтың бірі саналатындығын өзіңіз де жақсы білесіз. Және ғасырлар бойы желісін үзбей келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлер бар, яғни, ата-бабаларымыз екі жасты үйлендірмес бұрын алдымен мынадай шарт қояды: Жігіт Қалыңдықты туыстық араға жеті ата салып іздестіруі керек. Қаны жақын туыс адамдар үйленсе, біріншіден, олардан ақыл-есі дұрыс бала тумайды, туа қалғанның өзінде өмір жасы қысқа болып, саны бір-екіден аспайды. Екіншіден, ағайын, туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ, бірлік бұзылады. Ал туыстық араға жеті ата толған соң ежелден жегжат екі ел сүйек жаңғыртып, қайтадан құда болысады. Осы салт арқылы ел бірлігі сақталады. «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деген нақыл сөз осы дәстүрге байланысты қалыптасқан.

Қазақ халқында құда түсу, келін түсіру салты өте маңызды саналып, асқан жауапкершілікпен атқарылады. Сондықтан, ақылдаса отырып, қазақтың салт-дәстүрі бойынша "қыз көру" немесе "жар таңдау" ғұрпы жасалады. Кейбір жерлерде "жаушы жіберу" деген ертеден келе жатқан дәстүр бар. Ол - қыз айттыруға баратын өкіл. Жаушы қыздың әке-шешесімен сөйлесіп, бойжеткенге құда түсіп, "қыз айттыру" дәстүрін орындайды. "Құда түсу" дәстүрі осы кезде белгіленеді. Осылайша екі жақ қазақ халқының салт-дәстүрін біріге орындайды. Тумысынан қонақжай қазақ жаушы келген кезде, қонақжайлық танытып, дастарқанын жайып, қарсы алады. Мал сойылып, табақ тартылады. Қыз бен ата-анасы қарсы болмаса, жаушының өтінішін қабыл алып, екі жақ құда болысады. "Құдалық берік болсын!" деп, жаушыға кәдесін жасап, шапан жауып, ризашылығын білдіреді. Осыдан кейін, жігіт жағы "құда түсуге", ал қыз жағы "қыз ұзатуға" дайындық жасайды.


Құдалықтың да бірнеше түрі бар. Мәслен, екі кісінің достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болысады. Бұл құдалықтың түрі - "бел құда" деп аталады. Құдалықтың тағы бір түрі - "бесік құда". Екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып қояды. Бесікте жатқан қызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бойжеткенде, ұл жағы аттастырып қойған қызға құда түсіп келеді. Бұндай құдалықтың бір түрі - қыз бойжеткенде ұл жақ сырға тағып, құда түседі. Оны, әрине қыз бен жігіттің келсімімен жасайды. Белгіленген күнге дайындалған құдалар, жігіт әкесі сенімді бір туысын бас құда қылып, немесе өзі болып, бастап барады. Құдалар саны мен алып баратын қалың малы әр жердің өз салтына байланысты.

Қалың малынан басқа "өлі-тірісі" кәдесіне қосылатын жоралары бар. "Сүт ақы", күйеу апаратын "ілу" дегені болады. 

Енді жігіттің ата-анасы болашақ келіндерінің ата-анасының алдынан өткеннен кейін қалыңдығын алып кетуге күйеу жігіт келеді. Сол кезде екі жасқа арналып ақ отау тігіледі. Ақ отауды тігу үстінде мынандай дәстүрлі рәсімдер жүзеге асырылады:

1. Құдай жолы;
2. Кереге керер;
3. Шаңырақ көтерер;
4. Уық шаншар;
5. Туырлық жабар;
6. Түндік жабар;
7. Үзік жабар;
8. Бау-шу байлар;
9. Отау байғазысы;
10. Мойын ұсынар.

Отауға түсу. Түн ортасы ауған кезде күйеу жігіт пен қалыңдық отауда оңаша кездеседі. Мұны «Отауға түсу» деп атайды. Қыз жеңешелері қалыңдық пен күйеуге арнап төсек дайындайды, көрпе үстіне ақ шүберек (неке жаулық) салады, тілеуін тілеп екі жасты бөлек қалдырады. Қалыңдық пәктігін жоғалтпаған болып шықса, онда жеңгелері сүйінші сұрайды. 

Қыз жасауы. Қазақта ұзатылатын қызға жасау беріледі. Оны алдын ала әзірлейді. Қыз жасауы тоғыз түрлі. Олар мынандай: Ақ отау. Екі үзік, екі туырлық, бір түндік. Көрпе-төсек. Ағаш төсек, құс төсек, көрпе-жастық, төсеніш көрпе, құрақ көрпе, жүкаяқ, сандық, жағлан. Төсеніш. Бірнеше текемет, сырмақ, откиіз, 4-5 алаша, 2-3 кілем. Киім-кешек. Әрқайсысы тоғыздан тон, ішік, көйлек-көншек, шапан, қамзол, бешпент. Ыдыс-аяқ. Қазан-ошақ, құман, саба, торсық, шара, шөміш, ожау, қасық, тос-таған, күбі, келі, кебеже, асадал, саптыаяқ, тегене. Қару-жарақ. Ер-тұрман, садақ, берік сауыт, қалқан, берен қылыш. Көлік және сауын малы. Әр түлік бойынша бір-бір мал. Сойыс малы. Сойыс малы бір, бір жарым жылға мөлшерлеп беріледі. Құрал-жабдықтар. Балта, шот, балға, ара, егеу, ине, біз, үскі, талыс және т.б.

Жалғасы бар...

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

35744 8
Рейтинг: +5

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 ақпан 2013, 10:00
Пікірлер
+0
18 ақпан 2013, 10:31

Осы ұзатудың ең сәнді тұсы - жасау сияқты :roll:

+0
18 ақпан 2013, 11:26

қазақтың тойы деген керемет емес пе?! Осы күні ғой орысшаланып, өзбекшеленіп бара жатқаны

+0
18 ақпан 2013, 12:15

Небір түрлі дәстүр бар екен ғой иа жақсы мақала екен

+0
18 ақпан 2013, 18:10

Күшті....

+0
18 ақпан 2013, 19:39

казiргi жасаулар озгердiгой. Жалпы,керемет

+0
19 ақпан 2013, 18:36

Жеке басым бір рет орыс ұлтының, екі мәрте татар ұлтының тойларында болғам. Айй, қазақтың, тағы да айтам қазақ тойына ешқандай той жетпейді-ау, ЖЕТПЕЙДІ!

+0
19 ақпан 2013, 22:21

Үйленейін десем, ақша жоқ! :P

+0
24 ақпан 2013, 07:50

Қазақтар үшін той дегенде бет бар ма?КЕРЕМЕТ! :D :D :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...