Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Денсаулық пен жастықтың өз үйіміздегі дұшпандары

Денсаулық пен жастықтың өз үйіміздегі дұшпандары

Денсаулық пен жастықтың өз үйіміздегі дұшпандары

Біз тұратын үй – әлемдегі ең жайлы орын. Біз оны үлкен махаббатпен жабдықтап, күтіп, таза ұстауға тырысамыз. Үйімізде өзімізді толық қауіпсіз сезінеміз... Ал шынында, бұл солай ма?  

Қоршаған ортаны қорғау басқармасының ғылыми зерттеу нәтижесіне сәйкес, қарапайым үйдің ішіндегі ауа сырттағы ауаға қарағанда, 2-5 есе көп лас болады екен. Бір үйлердің ішіндегі кейбір химиялық элементтер «көше» көрсеткіштерінен 70 есе артық. 20 улы химиялық элементтің баспана сыртында тіркелген ең жоғарғы көрсеткіші ғимарат ішіндегі ең үлкен қоюлығынан 200-500 есе аз болып шыққан. Бұған не себеп? Өз үйімізде біздің денсаулығымызға не қауіп төндіреді?

№1 жау – хлор қосылған құралдар

Тазалағыш құралдар тұрған шкафты улы заттары бар барлық құралдардан босатыңыз. Пеш тазалайтын, ысқылағыш, жәндіктерге қарсы құралдар құйылған бөтелке мен бүрікпеден ауаға улы заттардың кішкене бөліктері буланып, бөлінеді. Әсіресе шишаны ашып, тіпті қызығып, дәмін татып көре алатын кішкентай балалар үшін улану қаупі жоғары. Тым болмаса, тұрмыстық химияны балалар қолы жетпейтін және жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз.   

Неге екені белгісіз, бірақ біз түрлі залалсыздандырушы құралдар өздері арналған лас пен микробқа ғана жойғыш әсер етеді деп есептейміз. Дегенмен, ауаға таралған барлық құралдар ертелі-кеш адам ағзасына енеді.

Ағартқыш, залалсыздандыру сұйықтықтары, сантехниканы тазалау құралдары, ыдыс жуатын машинада қолданылатын жуғыш құралдары – тұрмыста қолданылатын құрамында хлоры бар барлық сұйықтықтар тері мен шырышты қабықты тітіркендіретін ұшқыш заттар түзейді. Хлордың өз бетімен бөлек немесе басқа химиялық заттармен бір қоспада қолданылуы маңызды емес, - мұндай жуғыш құралдары денсаулыққа зиян келтіреді, яғни сізді тез қартайтып, сұлулығыңыздың жауына айналады. Құрамында хлор көрсеткіші жоғары тазалағыш құралдарынан шығатын булану өкпе мен кеңірдек тарамының тітіркенуін тудыруы мүмкін. Егер хлорлы жуғыш құрал кішкентай, нашар желдетілетін бөлмелерде, мысалы пәтеріміздегі ванна бөлмесінде қолданылса, одан төнетін қауіп еселеп артады.             

Әсіресе құрамында хлоры бар құралдардың жұпар иістендірілгендері аса қауіпті. Хлор иісін парфюмерия заттарымен бітеу улануға әкелуі мүмкін. Себебі, біз қырағылықты жоғалтып, «лимон» мен «альпы шөптерінің» иісін рахаттана иіскейміз.

Абай болыңыз!Тазартқыш құралдарының кейбір өндірушілері былай қулық жасайды: тазартқыш құралының құрамындағы хлорды көрсетпеу үшін, оның құрамына гипохлорит натрия (sodium hypochlorite) немесе жай ғана гипохлорит (hypochlorite) кіреді деп жазады.

Хлор әсерінен қалай қорғануға болады?

Құрамында хлоры бар құралдарға жақындамау үшін, хлорлы ағартқыш пен залалсыздандырғыштардан бас тарту жеткіліксіз. Сонымен қатар, ағартылған қағаздан жасалған сулық, дәретхана қағазы, асүй майлығы және кофеқайнатқышқа арналған қағаз фильтрін де сатып алмауға тырысыңыз. Ағартылған қағаз құрамында адам ағзасына жеңіл енетін органохлорин мен диоксин болуы мүмкін. Дәл осы тауарлардың ағартылмаған қағаздан жасалғанын таңдаңыз, - «сыртқы» түрі әдемі болмағанмен, денсаулығыңызға зияны жоқ.     

  • Мата мен сантехниканы ағарту үшін сілтілі жуғыш құралдарын қолданыңыз.
  • Үй ішіндегі бірталай дүниені ас содасы мен сірке суының немесе сутек тотығының қосындысы жақсы тазалайды.
  • Сантехника құбыры мен унитазды тазалау үшін уландырғышсыз/усыз керемет құрал бар. Бактерия мен вирустардың 80-99%-ын жоятын кәдімгі сірке суының бір стақанын унитазға аптасына бір рет құйсаңыз, жеткілікті.
  • Көптеген бактерияға қарсы құралдардан гөрі, лаванданың антисептиктік сипаты басым болады. Хош иісті және усыз бактерияға қарсы спрейді өзіңіз-ақ дайындай аласыз. Бір стақан су, бір шай қасық лаванда майы мен 10-15 грамм спиртті араластырып, бүрікпеге құйыңыз. Қолданар алдында шайқап алыңыз. Бұл құралдың сақтау мерзімі шектеусіз, онымен унитазды, есік тұтқаларын, азық-түлік кесетін тақтайларды, балалар ойыншығын және дезинфектор қолдануға әдеттенген т.б. заттарды залалсыздандыруға болады.      

 

№ 2 жау  тырнаққа арналған лак

Сырт пішініне қарағанда, еш зияны жоқ косметикалық лак құрамында жүйке жүйесі мен теріні зақымдайтын толуэн (толуол) және зиянды формальдегид болуы мүмкін. Екеуі де косметиканың сақталу мерзімін ұзартатын қосынды, бірақ, шын мәнінде – улы заттар. Бұл қосындылар мөлшерінің сәл көбеюінен теріге үлкен зақым келеді. Мысалы, тершеңдікті азайтатын формальдегидтің 0,5%-ы дезодарант пен антиперспиранттар құрамында да болады. Дегенмен, ол күнделікті жуып тасталады. Ал тырнаққа арналған лактағы бұл құралдар тері мен тырнақпен ұзақ қатынаста болады. Оның үстіне, суда ерімейді. Толуэннен адамның басы аурып, құсып, тіпті ана құрсағындағы балаға да зақым келуі мүмкін: жүйке жүйесіндегі өзгерістер, нәрестелердің кемістігі, бүйрек және сүйек майының ауруы. Осы үшін, Еуропада 5 жылдан бері косметикалық құралдар құрамындағы толуэн мен формальдегид қатаң қадағаланады. Ресейде де формальдегидке шектеу қойылған, бірақ толуэн әзірге заңды қолдыналады.    

Абай болыңыз: тырнақ күтіміне арналған құралдар мен маникюрге арналған лак сатып алғанда, арзандарына қызықпаңыз. Көптеген косметика өндірушілері орамаға «Толуол мен формальдегидсіз» деген арнайы белгі жапсырады. Құрамын мұқият оқыңыз, - алдыңғы қатарлы косметикалық брендтер формальдегид орнына пальма қышқылын (табиғи қосынды) қолданады.   

№3 жау – сусабын

Тұрмыстық химияны сатып алғанда абай болыңыз: күнделікті қолданыстағы ең қарапайым құралдардың өзі қауіпті. Киім жұмсартқыштың құрамында теріні тітіркендіріп, экзема мен дерматит, сондай-ақ тыныс жолдарының қабынуын тудыратын толуэн, стирин, фенол, тимол, ксилен және триметилбензин болуы мүмкін. Құрамында дихлорбензин (dichlorobenzene) бар ауа сергіткіші бүйрек пен байырға қауіпті және жүйке жүйесіне ауыр тиеді. Затбелгіні мұқият оқыңыз!

Шаш жууға арналған құралдарда этоксилат пен натрий лаурилсульфаты болады. Бұл химиялық заттар жуғыш құралының қоюлығы мен көпіргіштігіне «жауап береді». Бәленің бәрі мынада: бұл заттардың құрамында құрылысы әйел жыныс гормондарына ұқсас ксеноэстроген мен эстроген бар. Бұл заттар адам гормон жүйесіне аса қауіпті. Олардың шамадан тыс мөлшерінен қыздардың етеккірі ерте келіп, әйел адамдарда, керісінше, климакстың ерте басталып, ал ер адамдарда спермотозоидтардың түзелуі бұзылуы мүмкін. Лаурилсульфат теріге, әсіресе балалар терісіне оңай сіңеді. Рұқсат етілген мөлшерінен асып кетсе, натрий лаурилсульфаты жасушаның ақуыз құрамын өзгертіп, шаш түйінінің құрылысын бұзып, шаштың түсуі мен көздің нашар көруіне әкеледі. Бұл химикаттың тіпті аз ғана концентрациясы теріні құрғатып, сүйкімсіз етіп, оған жарықшақ түсіреді.  

Абай болыңыз: экологиялық таза қосындыдан жасалған сусабындар мен шаш күтіміне арналған құралдарды қолданыңыз. Сусабыннан мүлдем бас тартуға да болады, - шашты ас содасы мен шикі жұмыртқа (тек саруызын қолдануға болады) қоспасымен және жұмсақ табиғи сабынмен жууға болады.

№4 жау – парафин шамы

Хош иісті шам құрамында болатын шамды парафин, бояулар мен түрлі заттар ысығанда, бензол мен толуол бөліп шығарады. Олар демікпе мен экзема ауруын асқындыруы мүмкін. Егер сіз шамды сирек қолдансаңыз, денсаулығыңызға айтарлықтай зияны бола қоймас, дегенмен оларды күнделікті қолдану, әсіресе нашар желдетілетін бөлмеде, аса қауіпті. Кем дегенде, бетіңіздің өңі қашып, теріңіз құрғап, тітіркенгіш болуы мүмкін.

Абай болыңыз: парафин шамдарының орнына балауыз шырағын сатып алған жөн. Олар қымбат болғанымен, әйтеуір жанғанда адамға зиян заттар бөлмейді. Ал табиғи балауыз иісі жасанды хош иістендіргіштер «коктелінен» әлдеқайда нәзік және жағымды!

Суреттер zdorovieinfo.ru, freehotel.ru сайттарынан алынған

8432 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 09 желтоқсан 2011, 19:09
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...