Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Көрпеңе қарап көсіл, жігіт!

Көрпеңе қарап көсіл, жігіт!

Көрпеңе қарап көсіл, жігіт!

Таптық мәселе талайдың махаббатының отын сөндіреді. Талайдың сағын сындырып, бағын байлайды. Адамды ақша билеген заманда мұндайға таңдана да алмаспыз. Жігіт пен қыздың арасында бетке басылатын "зілді" сөздерді тізіп көрейік.

"Не көлігің жоқ, не үйің жоқ!"

Кей қыздар жар болар жігітке алдын ала шарт қояды. Әрине, мұндай шарттар әлеуметтік теңсіздікке келіп тіреледі. Олар жаяу жүргісі келмейді. Оны жігіті келіп, көлігімен алып кетуі керек. Тек өз көлігімен! Автобус тұрмақ, такси көлігімен жүруді де ар санайын арулар жігіттің өз көлігі болғанын қалайды. Жылтыраған көлік бар жігіттің арманы десек те, ондай темір тұлпарды бәрінің қалтасы көтере бермейді. Ал тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаса, "Үйің бар ма?" деп қойып қалады. Жоқ жалдамалы пәтер емес, меншікті үй. Жоқ па? "Онда жағдайыңды жасап ал! Содан соң үйленерсің!" Жарымай қалған жағдай қашан түзелер екен? Жағдай жасаймын деп жүріп жастығы өтіп кетеді-ау.

"Менімен теңесер не дүниең бар сенің?"

Қалталы көкенің қызына ғашық болған қарапайым жігітте ес жоқ деп айтуға аяйсың. Сезіміне ерік беріп қойған ер жігітке сүйгенін қолына түсіру үшін көп еңбектің керегі рас. Ата-анасының көл-көсір байлығын айтып, қыз да көне қоймас. Сүйіп тұрса да, арада таптық мәселе қылтиып шығып тұрмай ма? Хан сарайындай зәулім үйдің адамдары Қожанасырдың лашығындай ғана қарапайым үйге құда болып келуді ар санайды. Ал бай қызы ата-анасының сөзін аттап қайда барсын? Сонда "Менімен теңесер не дүниең бар сенің?" деген ойлы сұрақ амалсыз айтылар... Расында, несі бар?

"Қалың малымның" қанша екенін білсең, жұқарып кетерсің!"


"Қалың малсыз" қыз алатын жерлестеріміз жоқ емес. Әйтсе де еліміздің кей облыстарында қыз орнына "мал" беру дәстүрі ескірген емес. Бұл жоралғыдан хабарсыз әулет үшін "ақылы қызды" келін етіп түсіру қиын іс. Осылайша, сәтті махаббат үшін тағы бір қаржылық кедергі туындамақ.  

"Сен мені кейін асырай алмассың!"

Қаржылық мәселені жиі айту ер азаматтың жүйкесіне қатты әсер етеді. Бірге отбасының керегесін керіп, шаңырағын көтерген соң тұрмыстық қажеттілік ерлі-зайыпты жандардың ортақ мәселесі болуы керек. Егер болашақ жарыңыз есті жігіт болса, ол сіз үшін болмаса да, өз отбасы үшін терлеп еңбек етеді. 

"Менің әкем болмаса, қаңғырып кетер едің ғой"


Қыздың әкесінің, не туыстарының қол астында жұмыс жасау арқылы күн көріп жүрген азаматқа әйелі тарапынан "Менің әкем болмаса, қаңғырып кетер едің ғой" дегенді есту оңай тимесі анық. Ер азаматтар ешқашан да біреуге кіріптар болғысы келмейді. Жұбайының әкесі - қайын атасы. Бұл - осыдан бөтендік іздеп "менің әкем" деп бөлініп отырған жарыңыздың қателігі. 

"Дипломың жоқ!"


"Дипломың жоқ" дейді. Кім айтты сізге "Мына әлемдегі ісі алға жүріп, керемет табыс көзін ашқан адамдардың бәрінің дипломы бар" деп? Мәселе - қабілетте, дипломда емес. Дипломын қолына алып, базар жағалап жүрген азаматтарды көрмейсіз бе? Дипломын аларын алып, үйде аяқты аспаннан келтіріп "жұмыс жоқ" деп жатқан жандардың көптігінен хабарсызсыз ба? Дипломды таза біліммен алса, басқа әңгіме. 

"Ақша таба алмайсың!"


Ақша табуға икемі жоқ адамдардың бары рас. Бірақ әркімнің өз несібесі бар. Қанағат етіп, сабыр сақтаған адам бәріне асықпай қол жеткізеді. Барлық адам ақша таба алатын болса, "бай мен кедей" деген кереғар ұғым болмас еді ғой. 

"Менің оқуымның ақшасын төлей алмайсың ғой!"


Тағы бір қаржы мәселесі үшін алған жарыңыз оқуын тастап кетуі мүмкін. Тағы да қиындық па? Сонда қайын жұрты "Төлей алмасаң, неге алдың?" деп шүйлігеді. 

Мұндай сөздерді естіп жүрген ер азаматтар аз емес. Айтып жүрген арулар да! 

Ал сіздерде осындай қиындық туындады ма?

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: mail.ru

6379 28
Рейтинг: +9

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 14 ақпан 2013, 17:33
Пікірлер
+0
14 ақпан 2013, 17:41

Әлеуметтік теңсіздік деген жақсы нәрсе емес... Адамгершіліктен жұрдай етеді. Отбасы үшін шыр-пыр болатын азаматтардан айналмайсың ба?.. Қандай жолмен тапса да... Жазба ойландырды.

+0
14 ақпан 2013, 17:42

білмедім, бәрі де уақытымен болатын дүниелер ғой. Осы сұрақтарды қоятын қыздарды түсінбеймін.

+0
14 ақпан 2013, 17:45

иә ХХІ ғасырдың ащы өмір келбетін аямай көрсетіпсің :?:

+0
14 ақпан 2013, 17:45

керемет, бүгінде жиі орын алып жататын тақырыпты қозғапсың. Иә, үйленудің өзі үлкен бір проблема боп кетті ғой қазір :D

+0
14 ақпан 2013, 17:46

Жақсы жазғансың, ал енді өтіріктен "осыларды түсінбеймін" дейтіндер шығады. ал негізі бәрі сондай :mrgreen:

+0
14 ақпан 2013, 17:50

қалыптасқан дәстүр бойынша деп қойсайш :lol: :lol:

+0
14 ақпан 2013, 18:19

:lol: отiрiк емес, уаллаhи,шынымды айтайын. Тусiнбеймiн сондайларды. Барга шукiршiлiк етiп омiр сурiп уйренген адамбызго. Машинасы, уйi дегенге караган емеспiн. Машинамен журсе "жаяу келшi" дейтiн адамнын катарынанмын!

+0
14 ақпан 2013, 17:56

Құдайға шүкір ондай сөздер айтпадық естімедік

+0
14 ақпан 2013, 18:06

Алла сақтасын, осындай сөз айтатын қыздар шынымен бар ма? Айтатын қыздың өз қылығы мен білімі сол жағдайға жете ме?

+1
14 ақпан 2013, 18:18

Бұл сөздерді тек әкесінің байлығына мастанған еркетотайлар ғана айтатын болса керек, ал тәрбиелі, инабатты, ибалы аруларымыз осы жайлы әңгіме қозғай қояды деп ойламаймын...

+0
14 ақпан 2013, 20:57

жасыратыны жоқ, мұндай қыздар бар. Көзіне тек ақша, байлық елестейтін бірлі-жарымды қыздарды да білемін... Олар үшін "біз" деген ұғым жоқ, болмайды да... Міне, осындайлар қорқынышты... Талап етсін, бірақ өздері соған лайық па? Қазақтың парасатты келіні болуға дайын ба?...

+0
15 ақпан 2013, 09:03

Махаббат жоқ болса арада, шүкіршілік болмаса осылай болар. Бірақ, мұндай сөз айтқан құрбым да, танысым да жоқ екен ойлап қарасам. Мүмкін асыра сілтеушілік шығар, а, мына мақала?

+0
15 ақпан 2013, 10:41

көкейтесті!

+0
15 ақпан 2013, 23:06

Aizhan Tabyn дұрыс айтады. Меніңше, мақала тым асыра сілтеушілік. "Дипломың жоқ" деп кеиітіңдер, "Жұмыс тап" деп ашуға булығатын қыздар табылады. Бірақ сол үшін тастап кеткенді көрмеппін. Ең алғашқыларына күлкім келіп тұр, өйтіп айтса жігіт нағыз нақұрыс дер ем, ондай оңбаған қызбен жүрген. Осындай "почвасы" жоқ мақала жазғаннан гөрі, назарыңызды басқа актуалный проблемаға аударсаңыз қайтеді? -1!

+0
18 ақпан 2013, 21:47

Кешірерсіздер! Асыра сілтеушілік дейтін түгі жоқ, меніңше. Мүмкін сіз айтпайтын шығарсыз... Бірақ пенде болған соң, басқа біреудің аузынан сіз күтпеген сөз шығады. Бәрі үшін жауап бере алмаймыз ғой. Мұнда тек жүретін жігітіне айтылады деп жазылмаған. Сөз салып жүрген, ойын білдіргісі келіп жүрген жігітке, не жұбайына... Кеңінен ойлайық. Ешқандай артық дау болғанын қаламас едім. Мен тек түсіндіргім келген. Сізше "Почвасы" жоқ мақаланың" өз оқырманы бар.

+0
19 ақпан 2013, 14:42

Cізде мені кешірерсіз! Бірақ мен өз ойымды білдірдім. Журналистиканы оқыған адамдарға бұл дәл мен айтқандай мақала! Өйткені, осы жерде "жігіттің намысын қорлатпай, қыздарға өз орнынды біл" деген мәселе көтеріп тұр ғой. Бұл проблема емес, өзіңіз айтқандай пенделердің ісі ғой...

+0
19 ақпан 2013, 22:13

Журналистер тек проблема ғана көтерсе, сіз ұттыңыз. Бірақ енді қайтадан жақсылап ойланып көріңіз. Сайттың маңдайшасындағы жаузға назар салыңызшы. Сіз кірген сайт - танымдық бағыттағы ойын-сауық портал. Ал мұнда материал дайындайтын контент-менеджерлер жастардың сұранысын қанағаттандыратын тақырып іздейді. Сізбен салғыласып отыруды ар санап отырмын. Түсінсеңіз, рахмет. Кешірім сұраймын.

+0
19 ақпан 2013, 23:40

Мен сізге мақала жөнінде өз ойымды айттым. Сіз менің ойыма қарсы болдыңыз, мен өз ойымды түсіндірдім. Енді менен не сұрайсыз? Мен сайт қандай екенін білем және ойыммен бөлісуге қақым бар!
Ал сіздің "Сізбен салғыласып отыруды ар санап отырмын" деген сөзіңізді қайтып алуыңызды сұраймын! бір-біріміздің жеке басымыздан сөз асырмайық!

+0
19 ақпан 2013, 23:47

Құрметтім, өз ойыңызды білдіргеніңіз, әрине, дұрыс. Бірақ мынадай жағдай көрмедім, дейсіз, өмірде ақшасы жоқ болған үшін ғана емес, тіпті бұдан бетер сорақылықты көресіз, Дәл осы тақырыпқа барған авторға рахмет айтайықшы. Сіздің "почвасы жоқ" мақала деуіңіз қатты естіледі екен. Қоғамдағы өршіп тұрған мәселе болғандықтан тәубемізге осындай жазбалар арқылы келейік. Түсінесіз деген сенімім бар.

+0
19 ақпан 2013, 23:56

Құрметті досым дейінші сізді! Менің өз ойымды айтып отырғанымды құптап отыр екенсіз! Менде сізді құптаймын және өкінішке орай кейбір сөздеріңізге келісемін. Рақмет айтқыңыз келсе айта беріңіз менсіз-ақ!
Әрине, түсіну деген ең оңай нәрсе ғой қазір тәптіштеп тұрып түсіндірсе... ал "почвасыз" деген сөзім қиліккен жандар көбейгеніне байланысты менде оның орнына келесте басқа сөзді қолданармын! Ал авторға айтарым, сіздің жазған стиліңіз ұнайды өте шебер екен, тек үлкен мәселелерді көтерсеңіз кермет болар еді дегім келген!

+0
19 ақпан 2013, 22:17

Неге тырнақ астынан кір іздеп отырсыздар а? Неге проблема емес бұл? Нағыз проблема осында, қарындасым.

+0
19 ақпан 2013, 23:42

Өзіңізде тырнағыңызды тазартып отырыңыз) :D

+0
16 ақпан 2013, 00:03

Ақерке, тамаша материал жазғансың! Адами құндылықтардан айрылып, нарықшыл адамдар пайда бола бастағанда сен ғана осы жақсы қасиеттердің жоқтаушысы болып, ой салдың! + 1000! Рахмет!

+0
22 ақпан 2013, 17:14

қысқасы бәрі ақшаға келіп тірелуде екен. рас.бірақ қайда барып не айтасың... дұрыс айтудың еш орны жоқ алайда.. жарайды в общем :roll: қазір мен кетем қуып болмаса :P

+0
26 наурыз 2013, 01:19

шын махаббат барда мундай создерге жол жок!

+0
26 наурыз 2013, 01:38

біздің батыста қалын мал жоқ бірақ қалғандары жетерлік!!!

+0
30 шілде 2013, 10:43

Қыз егерде шын жақсы көрсе, жігіттің байлығы бар-жоғына қарамас, шын, пәк сезім, жақсы көру, болмағансон осындай сөздер жиі айтылары сөзсіз. :(

+0
10 қыркүйек 2013, 11:41

Заманға қарай адамы! Бұлай зекіп сөйлейтіндері де бар, өздері сол сөздерді айтқызбай-ақ орындататындары да бар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...