Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Болашақ жұбайыңыздың қандай болғанын қалайсыз?

Болашақ жұбайыңыздың қандай болғанын қалайсыз?

Болашақ жұбайыңыздың қандай болғанын қалайсыз?

Егер осы сұрақты қыздар қауымына қояр болсақ, олардан: «Жұбайымның сұңғақ бойлы, келбетті, мәдениетті, ақылды, дарынды, білімді, бай әрі болашағы зор азамат болғанын қалаймын» деген жауап алар едік. Ал осы сөзді айтып отырған бойжеткен әлгінде айтқандай тамаша қасиеттерге ие азаматқа лайық па? Әлгіндегі өзі айтқан тамаша қасиеттерінің өтеуіне не ұсына алады? Оның өз басы қандай? Осы жағын ұмытып кететініміз бар...

Егер сіз жақсы жарға қол жеткізгіңіз келсе, өз бойыңызда да оны еліктіретін қасиеттер болуы керек. «Мені ұнатасыз ба, жоқ па оны өзіңіз біліңіз. Бар болмысым осы» десеңіз, қателесесіз. Армандаған асыл жан өзінен-өзі келіп, саған жар болам демейді. Демек, жақсы жігітті жар етуді армандайтын бойжеткен оны өзі де жақсы қасиеттерімен үйіре білуі керек.

Өзіңіз ұнатқан жанды сөзге тартудың жақсы әдісі – үндемеу. Бұл ұялшақтық емес, ол – пайымдылық. Өйткені, алдымен сөзге құлақ қойып тыңдай алатын, содан кейін ғана өз ойын білдіретін адамның ұтары көп. Мұндайда, ол өз сөзінің өзгеге қалай әсер ететінін дәл сезініп отырмақ.

Өз тарапыңыздан әрекет жасасаңыз ғана армандаған адамыңызға қол жеткізе аласыз. Аспандағы айға қолыңызды қанша созсаңыз да жетпейтіні сияқты, өзіңізде күш-жігер болмаса, арман еткен асыл жан есікті ашып, кіріп келмейді. Мүмкін сіз өміріңізге өзгеріс әкелер ғажайып күн туады деп күтіп жүрген боларсыз. Сіздің ойыңызша, сол күні ғайыптан тайып өмір бойы арман еткен адамыңызға кез боласыз және соған тұрмысқа шығасыз. Сондықтан, әр бойжеткен сол бақытты сәтті төзімділікпен қол қусырып күтуі керек деген құр қиялдан арылыңыз. Ешбір жігіт есігіңізді қағып: «Осы арада бір жақсы қыз тұрады деп естіп ем, сол қызға үйленгелі келдім» демейді.

Махаббат кездейсоқтықтың қанжығасына бөктеуге қимайтындай асылың. Егер бұл өмірдегі өзіңізге тиесілі сыбағаға иелік еткіңіз келсе, еңбек етіңіз.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: voxpopuli.kz

5419 12
Рейтинг: +4

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 14 ақпан 2013, 11:38
Пікірлер
+0
14 ақпан 2013, 11:37

Қазақ "Тең теңімен" демей ме? Ең бірінші өзіңді қолға алу керектігі туралы ойға қосыламын.

+0
14 ақпан 2013, 11:58

"Жаныңда ханшайым болғанын қаласаң, өзің ханзада болып көр!" депті ғой біреу ))

+0
14 ақпан 2013, 12:04

«Осы арада бір жақсы қыз тұрады деп естіп ем, сол қызға үйленгелі келдім» :lol: несі бар? келсін солай :mrgreen:

+0
14 ақпан 2013, 12:45

keibir kyzdarga daua aitylypty da!azannan kewke deiin kulak etindi jep,magan mynandai jigit kerek degen kyzdarga solai aitkan edim talai)))

+0
14 ақпан 2013, 12:47

Өзіңіз ұнатқан жанды сөзге тартудың жақсы әдісі – үндемеу.

+0
14 ақпан 2013, 12:54

Қанат пен оның қызының көріп қалып, мына мақала соларға қатысты ма деп қалдым ғой :mrgreen:

+0
14 ақпан 2013, 12:55

Дұрыс ой екееен

+0
14 ақпан 2013, 18:08

Анарка әдемі айтыпты сол біреу :mrgreen:

+0
14 ақпан 2013, 19:19

сұңғақ бойлы, келбетті, мәдениетті, ақылды, дарынды, білімді, бай әрі болашағы зор жігітке уйлену үшін бірнеше рет неке жүзігін тағуға тура келеді көбінде. :)

+0
17 ақпан 2013, 19:22

Өзіңіз ұнатқан жанды сөзге тартудың жақсы әдісі – үндемеу деген әдіс арқылы өзімнің армандаған ханзадамды таптым! :)

+0
18 ақпан 2013, 21:57

Болашак жарым мени сыйласа болды! Озим аркылы озгелерди де сыйлатып алар едим!

+0
26 наурыз 2013, 01:26

иаааааа дее

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...