Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Табақ тарта білесіз бе? II бөлім

Табақ тарта білесіз бе? II бөлім

Табақ тарта білесіз бе? II бөлім

Басы

Халқымыз қаншама қысылтаяң кезде де қонақжайлық дәстүрін бұзбаған ел. Қадірлі қонағы келгенде астындағы жалғыз атын сойып тастап, ноқта-жүгенін ұстап қала беретін мәрттік, жомарттық қазақта ғана болса керек. Соның бірі сыйлы қонақ келгенде қой сою мен табақ тарту дәстүрі.

Ұлы қаламгер М. Әуезовтың айтуына сүйенсек, сыйлы қонаққа қойдың басын тарту әлемде екі-ақ ұлтта бар екен. Бірі қазақ та, екіншісі Африкадағы әлдебір тайпа.

Мал етінің дене мүшелері мен сүйектеріне негізделе отырып, олардың қандай қонақтарға тартылатынын, сыбағасын түсіндіруді жалғастырмақпыз. 

Төре табақ – бұған қойдың он екі мүшесі толық салынады. Бас, жамбас, кәрі жілік, жаурын, екі белдеме, екі арқа, сүбе (екеу), қабырға (екеу), жұмыр, тоқ ішек, аш ішек, қарын, бір не екі сирақ салынады.  

Сый табақ – бас, жамбас, ортан жілік немесе кәрі жілік, жауырын, арқа, белдеме, қабырға, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе (бұлар жамбасқа қосылып салынатын сыбағалар). (Жылқы, қой, сиыр еті).

Құда табақ – бас, жамбас, қазы-қарта, құйрық-бауыр (жылқы, қой, сиыр еті).

Құдағи табақ – жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік (жылқы, сиыр, қой еті).

Жеңге табақ – асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын, омыртқа, қазы-қарта, құйрық, өкпе, ұлтабар.

Беташар табақ – сүбе, төс, қарын, аш ішек, құйымшақ, мойын омыртқа.

Күйеу табақ – төс, тоқпақ (тоқпаш) жілік, қабырға, омыртқа еті, жылқы қазысы, қарта, жауырын (қой еті).

Қыз табақ – құймышақ, тоқпақ (тоқпаш) жілік, бел омыртқа, құйрық, қабырға (жылқы, сиыр, қой еті).

Құрдас табақ – тоқпақ жілік, омыртқа, сүбе қабырға, құйрық.

Бала табақ – бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік.

Ал сыбаға - әдетте әр жылғы соғымнан жолы үлкен, жасы үлкен адамдар сөзсіз бір жілік жеуі. Сыбағаңды жеп кет деген сөз жолы үлкен адамдарға айтылады.

Ал әйел адамдар немере, шөбере көріп, алпысты алқымдамаса, бас тартылмайды.

Міне, осылардың ішінде әр сүйек, әр сыбағаның өзіндік ерекшеліктері болады. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: vk.com

12632 6
Рейтинг: +4

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 14 ақпан 2013, 14:25
Пікірлер
+0
14 ақпан 2013, 17:58

Жақсы екен. Білетін болам

+0
14 ақпан 2013, 18:58

Қарным ашып, асқазаным шұрылдап отырғанда... Бір студенттің обалына қалдыңыз-ау, ауылын еске түсіріп. Ауылда алдыма жылқының етінен тартқан жезде жеп-жеп алу керек еді..... :|

+0
14 ақпан 2013, 19:06

Беташар табақты қайта ойласу керек. қарын, аш ішек, құйымшақ жейтіндей не кінәсі? бас тартсада артық емес.

+0
14 ақпан 2013, 19:08

осы сөзің үшін Алшын Матай кеште келіп ''Сыбағаңды жеп кет'' :mrgreen:

+0
15 ақпан 2013, 16:34

:mrgreen: :mrgreen:

+0
18 ақпан 2013, 22:03

керемет! Казак каскырдан кейинги орында гой ет жеуде! :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...