Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Қадыр ақынның әйел мен махаббат жайлы айтқандары

Қадыр ақынның әйел мен махаббат жайлы айтқандары

Қадыр ақынның әйел мен махаббат жайлы айтқандары

"Халық айтса қалт айтпайды" деген халық мақалын, біраз жұрт "Қадыр айтса қалт айтпайды" дейтін болыпты. Төменде Қадыр Мырза-Әлінің әйелдер және махаббат туралы астарлы, түйін сөздерін ұсынып отырмыз. 
  • Әйел – бір кісілік қана махаббат қайығы.
  • Еркек сөзімен, әйел көзімен арбайды.
  • Махаббат деген жаныңда жатқан жарыңды сағыну.
  • Әйелдің жанына ауру батпайды, кәрілік батады.
  • Үйленгенше ол алыс, үйленген соң сен алыс, Махаббатқа демалыс.
  • Ару еркекке періште көзімен қараса, кейбір еркектер аруға шайтанның көзімен қарайды.
  • Өкінішке орай қораз ұша білмейді, білсе тауық та бірге ұшып кетер еді.
  • Әйелдің көңілі орнына түспей дүние түзелмейді.
  • Кез келген махаббатта жеңістің иесі – ару.
  • Махаббат сылдыры естілмейтін кісен.
  • Модадан қалу – кейбір әйелдер үшін жұртта қалу.
  • Еркектің атып құлата алмағанын әйел жатып құлатады.
  • Әйелдің күлгенінен күлімсірегені әдемі.
  • Өзіңе сүйкімдіні сүй, сүйкімсізді дәмелендірме.
  • Қыздың күлгені көп нәрсені білдіреді.
  • Тағамның асылы – қара нан, адамның асылы – кәрі анаң.
  • Үйлену жұмаққа апармайды, бірақ тозаққа бара жатқан жолыңнан бұрып әкетеді.
  • Күйеуін тек жесірлер ғана мақтайды.
  • «Әдемісің, ақылдысың» дегенге сенбейтін әйел жоқ.
  • Ұлдар ойланып болғанша, қыздар сезініп қояды.
  • Еркектің сұлу дегені – сылқым дегені, сұлудың болмайды дегені – мүмкін дегені.
  • Әйелдің сұлуы жақсы, сүйкімдісі жақсырақ.
  • Баянсыз қызық түзде, баянды қызық үйде.
  • Шын ғашықтар күндіз бір-бірін сүйетіндерін, түнде ерлі-зайыпты екендіктерін ұмытпайды.
  • Отбасы күнде баратын жерің емес, оралатын жерің.
  • Махаббат қосады, жауапкершілік желімдейді.
  • Еркек әйелдің күзетшісі емес, бағбаны.
  • Әйелім бар не істеймін деме, әйелім жоқ болса не істер едім де.
  • Ерлердің көбі еркек бола алмай жүргенде, кейбір әйелдер еркек болғысы келеді.
  • Еркек ұйымдастыратын, әйел қюластыратын.
  • Әйелдің өз әліппесі бар, оны кез келген еркек оқи алмайды.
  • Алсаң да мейлі қай елден, бақыт та сор да әйелден.
  • Еркекке серілік, әйелге еркелік жарасады.
  • Бақыттың үлкені – сүйгенге шығу. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: luxfon.com 

18510 15
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 14 ақпан 2013, 17:04
Пікірлер
+0
14 ақпан 2013, 17:09

Тағамның асылы – қара нан, адамның асылы – кәрі анаң.

+0
14 ақпан 2013, 17:40

Кез келген сөзді тауып айтқан екен.

+0
14 ақпан 2013, 17:58

Айелдiн оз алiппесi бар, оны кез келген еркек оки алмайды

+0
14 ақпан 2013, 18:22

Жақсы сөздер екен. Білмеппін

+0
14 ақпан 2013, 18:31

Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні - әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні - Әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын.

+0
14 ақпан 2013, 18:41

''Әйелдің сұлуы жақсы, сүйкімдісі жақсырақ''- айтады десе осылай айтама??

+0
14 ақпан 2013, 19:29

Ұлдар ойланып болғанша, қыздар сезініп қояды. :)

+0
14 ақпан 2013, 21:24

"Өкінішке орай қораз ұша білмейді, білсе тауық та бірге ұшып кетер еді" иә

+0
15 ақпан 2013, 01:13

алтын сөздер екен. осыны асабалар жаттап алса керемет болар еді. жиналған тойшы қауым әйел мен еркек туралы айтса кетәрі болмайды :?:

+0
15 ақпан 2013, 16:05

керемет екен магыналы создер :!:

+0
15 ақпан 2013, 21:17

Ерлердің көбі еркек бола алмай жүргенде, кейбір әйелдер еркек болғысы келеді :!:

+0
18 ақпан 2013, 20:28

Еркектің атып құлата алмағанын әйел жатып құлатады. дұрыс айтыптыы :lol:

+0
18 ақпан 2013, 20:30

керемет

+0
26 наурыз 2013, 01:24

Еркектің сұлу дегені – сылқым дегені, сұлудың болмайды дегені – мүмкін дегені.)))))))

+0
09 мамыр 2014, 17:35

Әйел – бір кісілік қана махаббат қайығы ;) әрине

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...