Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Еркекке қалай үй жинатуға болады?

Еркекке қалай үй жинатуға болады?

Еркекке қалай үй жинатуға болады?

Қалыптасқан қағида: "Отбасында қазан-ошақ тірлігін әйел атқаруы керек". Заманның заңы сол, бұл күні ер адам да қолына ожау алып үй тірлігін атқарады. Бұл күнделікті көрініске айналып та кетті. Дегенмен, еркектердің үй шаруасына нақты іс ретінде қарамайтыны рас. 

Әйел мен еркек. Кім қалай үй жинайды?

Үй шаруасына деген көзқарасты ғалымдар ми құрылысымен түсіндіреді. Әйелдер еркектерге қарағанда барынша кең ойлайды, бірнеше мәселені бір уақытта ойлай алады, ал еркектер нақты ойлауға дағдыланған. Бір бағытта ғана ойланып, берілген істі тап-тұйнақтай қылып атқару мүмкіндігіне ие. Әйел қашанда отбасы ұйтқысы болған, жанұяның ырысы өзімнің қолымда деп есептеген. Сондықтан да үнемі үйдің мұнтаздай таза болып тұрғанын қадағалайды, тамақ ішіп болған соң, дереу ыдыстарды жуып, шашылып жатқан заттарды орын-орнына қойып отыруға еті үйренген. Ал еркек керісінше, үйде көп болмаған соң, үйдің тазалығына мән бере бермейді.  Әйел үшін үй жинау аса қиын іс емес. Оның күнде істеп жүрген әрекеттерінің бірі ғана. Ал еркек үй жинауға кірісу үшін кәдімгідей қажырды қажет етеді. 


Еркекке қалай үй жинатуға болады?

Ер адамдардың үй тірлігіне икемі бола бермейді дедік. Дегенмен, ер адамның не нәрсені болса да, әйелден асырып істейтінін ескерсек, ер адамның үйді әйелден де таза қылып  жинай алатынын мойындауымыз керек. Біле білсеңіз, әлемдегі ең мықты аспазшылар - еркектер. Ол үшін ең алдымен әйелдер өздерінен бастауы керек. Яғни, әйел үйді тап-таза қылып жинап жүруді әдетке айналдырса, ер де әйелге қарай бағытталады. "Әйел - мойын, еркек - бас". Еріңізді үй жұмысына біртіндеп тартыңыз. Егер еріңіз киімін шашып тастай беретін болса, сол киімге арнайы орын дайындаңыз да, күйеуіңізден әдепті түрде киімін сол жерге қоюын өтініңіз. 

Отбасында ер мен әйелге деп тең бөлінетін шаруа болмау керек. Ерлер қалыптасқан стереотиптер туралы ұмыту керек. Ал әйелдердің еркектерін жиі-жиі мадақтап отырғаны дұрыс. 

Сурет: opyt-of-woman.com

820 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 29 ақпан 2012, 18:00
Пікірлер
+0
29 ақпан 2012, 18:51

екуі де сен,мен демей жұмыс жасай берсе болады ғой

+0
29 ақпан 2012, 19:08

енді бізге үй шаруасын артып қою ғана қалып еді :)

+0
29 ақпан 2012, 19:12

артып қоймаймыз ғой, жай ғана кір жуып, тамақ жасап, үй жинап тұсаңыздар да жетеді))))

+0
29 ақпан 2012, 19:20

Глупый муж, это пол беды, а глупая жена-это катастрофа!

+0
29 ақпан 2012, 19:52

армандау артықтық етпейді!

+0
01 наурыз 2012, 10:39

Қашан осы 1-2 күн бұрын бір мақала шығып еді ғой сонда қыздар сериал көріп арманға шомып кетеді деп еді сонысы шамасы өте дұрыс айтылған ба дейм

+0
01 наурыз 2012, 11:58

Мен өзім кір жуам! тамақ пісірем! Сонда қыздар не істейді? Үйде әшейін жата ма?

+0
01 наурыз 2012, 11:59

Еркек үй жинамау керек. Еркектерді қинамау керек.

+0
01 наурыз 2012, 12:07

Ер адам өз жұмысын білсін! Қыз бала өз жұмысын білсін! Қыздар өз жұмыстарын бізге пихать ете бермесін!

+0
01 наурыз 2012, 13:16

ойбай ойбай! масқарағо мынау! анаңа көмектесіп үй жинассаң бір сәрі! еркегіне үй жинатқызу дегенің енді... айтарға созім жоқ! ақырзаман жақындап келеді!!!!!!!!!!!!!

+0
01 наурыз 2012, 14:06

)) ер кісі сонда үй жинауға арлана ма, түсінбедім ))

+0
01 наурыз 2012, 14:13

Арланбайды! Үй жинап жүру намысқа тиеді гой! Қызтеке сияқты....

+0
01 наурыз 2012, 14:38

сіз тақырыпты оқысаңызшы! осындай ойы бар қызды алған еркектің соры сор-ақ екен!!!

+0
01 наурыз 2012, 15:14

тақырып тұрмақ, материалды өзім жаздым емес пе? ))) меніңше бұл материал сіздердің қытықтарыңа әбден тиген секілді )

+0
01 наурыз 2012, 15:20

материалды сіз жазғаныңызды білмеппін. егер мақсатыңыз тек қытыққа тию болса болса қытықымызға тидіңіз. ал егер ойыңызда осындай болса, сенген қойым сен болсаңның кері болғалы тұр!

+0
01 наурыз 2012, 15:26

мақсатым сіздерді сөйлету, қанша қызық материал болса да, жақ ашпай отыратын (пікір жазуға ерінетін) аудиторияны сөйлету, елдің пікірін білу, менің мақсатым орындалды деп ойлаймын.

+0
01 наурыз 2012, 15:28

яғни, сіздің пікіріңіз жазған жазбаңызбен сәйкес келмейді ғо???

+0
01 наурыз 2012, 15:31

бұл жерде менің пікірім маңызды емес, мен автор ретінде бар нәрсені жазуым керек, материалда жеке пікірі бар адам емес, автор ретінде объективті сөйлеймін. болды.

+0
01 наурыз 2012, 15:40

ал мағам сіздің жеке пікіріңіз қызық болып тұр осы тақырып жайында!

+0
01 наурыз 2012, 15:29

қуанғаным - қазақ жігіттеріне Еуропалық сана әлі дендеп ене қоймапты.

+0
01 наурыз 2012, 15:39

Еуропалық сана не теңің? Өз санаңды қалыптастырмайсыңба?

+0
01 наурыз 2012, 15:42

маған мәдениетті сөйлеңіз!

+0
01 наурыз 2012, 15:45

Мәдениеттен жұрдай емеспіз! Мен саған қазақи сана қалыптастырмайсыңба? дедім? Одан қандай мәдениетсіздікті көрдің? қызық екенсің өзің....

+0
01 наурыз 2012, 15:46

"Еуропалық сана не теңің?"дедіңіз. Сізден асқан қызық емеспін әйтеуір )

+0
01 наурыз 2012, 15:49

Дұрыс қой енді! қазіргі қыздар еуропаға еліктей береді! олардан қандай үлгі алып бермекшісіз қазақтарға? Олар до такой степени дамып кеткен, тіпті гейлер мен қызтекелер көбейіп кеткен го! Ойланыңыз.....

+0
01 наурыз 2012, 15:51

)))))))))) "қуанғаным - қазақ жігіттеріне Еуропалық сана әлі дендеп ене қоймапты" дегенімді қайтып оқыңызшы ) сөз төркінін ұқпайтын сияқтысыз ба, қалай? ))

+0
01 наурыз 2012, 15:53

Еңгізіп не таппақсың?

+0
01 наурыз 2012, 15:57

көке, мен енбесе екен! деп отырған жоқпын ба?!

+0
01 наурыз 2012, 16:01

Енді ма, енбеді ма деп өзің күмәнданып тұрсың гой! Менің айтуым: Күмәнің болмасын?

+0
01 наурыз 2012, 16:02

а ) рақмет! )

+0
01 наурыз 2012, 16:04

тексіздік

+0
01 наурыз 2012, 16:09

еркек өз орнын ,әйел өз орнын білу керек.

+0
01 наурыз 2012, 16:32

түсінбедім. не бұл сонда?

+0
05 наурыз 2012, 22:07

енді еркек атаулысына үй жинату қалып еді, бірақ әркім әртүрлі ойлайды ғой ешкімге қарсы пікір айтқым келмейді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...