Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі келін

Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі келін

Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі келін

Қыз аттаған келін кеп ақ босаға,
Ақ босаға, мерейлі бақ босаға.
Қасиетті халқымның дәстүріне,
Куә болып ғасырлар жатты осы ара.
(С.Желдербаева)

 Жаратылысы тумысынан нәзік келетін қыз баласы қашанда "жат жұрттық" саналған. "Жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету" деген аталы сөзді естіп өскен кез келген есті қыз етегін қымтап ұстап, өзін сол "жат жұртқа" тәрбиелеуі керек. Өйткені, бүгінгі бүлдіршін қыз ертең бойжетіп, бір үйдің босағасын аттап, келін болары хақ. Ал «келінді аяғынан» деп санайтын қазекем әу бастан-ақ жаңа түскен келінге сын көзбен қарайды. Отбасында тәлімді тәрбие алып, ибалылық пен инабаттылықты жанына серік еткен қыз бала барған жерінде бағы ашылып, сыйға бөленеді. «Тастай батып, судай сің» дейді мұндайда қазақ, яғни сол жұбайының отбасына сіңісе алған келіннің ғана ауыл-аймаққа қадірі артады. Әрине, өзге ортаға, өзге отбасына бірден сіңісе қою кімге болса да, ауыр соғары анық. Ол отбасының әрбір мүшесімен – қайын ене, қайын ата, қайын сіңлі, қайын інілерімен тіл табысып, бір мәмілеге келу – үлкен сын, қала берді, келінге артылған ауыр жүк. Даналық пен көрегендік дарыған біздің бабаларымыз "Қызға қырық үйден тыйым" деп, осы сындарлы жолға ерте бастан-ақ дайындаған. Біздің бүгінгі кеңестеріміз де дәл осы мақсатта, яғни, болашақ келіндерімізге енемен қарым-қатынаста пайдаға тиеді-ау деген ниетпен жазылып отыр.

  • Қазақ келіні! Осы бір сөзді естігенде кім-кімнің де көз алдына бүрмелі көйлегі, зерлі бешпенті, төгілдіре тартқан орамалы тал бойына жарасып, имене үлбіреген келіншек келері сөзсіз. Өмірге ұрпақ әкелумен қатар, бір әулеттің үрім-бұтағын көбейту, келін боп босаға аттау бұл – үлкен қуаныш, зор мәртебе! Сондықтан сіз бақыттысыз!
  • Сіз - бір отбасының алақанға салып аялап өсірген аяулы перзентісіз. Өзіңізге ұнағандармен айналысып, не ішемін, не киемін демей, еркелеп еркін өстіңіз. Бірақ, оның бәрін де аз уақытқа ұмытуыңызға тура келеді. Өйткені, өзіңіз сүйіп қосылған Төлегініңіздің отбасында да өзіндік дәстүрлер, өзіндік қағидалар бар. Сіз - жалғызсыз, олар көп. Сол себептен, өз заңдарыңызды орнатамын деп талпынбағаныңыз жөн.

  • Сыпайы болыңыз, үлкенге құрмет көрсетіп қана қоймай, кішіге де әрдайым ізет көрсете жүріңіз. Жаңа жұрттың өзіңізді қалай сыйлағанын қаласаңыз, оларға дәл сондай сый-құрмет көрсете біліңіз.
  • Жарыңыздың бауырларын өз туғандарыңыздан бөліп-жаруды доғарыңыз. Олар - болашақта сіздің балаларыңыздың қорғаны болады.
  • Шыдамды бола біліңіз. Төзіміңіз таусылуға шақ қалып тұрған сәтте, анаңыз бен әкеңіздің: «Балам, қыз баласы жат жұрттыққа жаралған. Барған жерлеріңде бізді ұятқа қалдыра көрме» деген өсиет-өтінішін еске түсіріңіз.
  • Енеңізбен ешқашан ерегісуші болмаңыз. Ол да - ана. Ал ана ешқашан өз перзентіне жамандық тілемейді. Ол сіздің жарыңызды, сіздің болашақ балаларыңыздың әкесін тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге әкелді. Түн ұйқысын төрт бөліп өсірді. Енеңіз ең үлкен құрметке лайық. Өз ата-анаңызды қалай жақсы көресіз, қалай қадірлейсіз, оған да дәл солай қараңыз.
  • Өз ісіңіздің шебері болыңыз: Тағам әзірлеу, үй жинау, кір жуу, қонақ күту жұмыстарын жақсы меңгерген болсаңыз, ешкім де сізге теріс қарамайды.
  • Бірден өз билігіңізді орнатып алуға талпынбаңыз. Енеңіздің алдында қашан да кішірейіп жүруге тырысыңыз. Ата-енеңізге не жасасаңыз, алдыңызға соның келерін естен шығармаңыз. Олар кәрі кісілер болса, міндетсінбей күте біліңіз. 

  • Ата-енеңіздің кеңестеріне құлақ түріңіз. Бәлкім сіз көп оқыған шығарсыз, көп тіл білетін шығарсыз, бірақ олар сізден де көп өмір көрген. "Көп білгеннен емес, көпті көргеннен сұра" деген нақылды жадыңыздан шығармаңыз.
  • Енеңізбен әрдайым ашық сөйлесіңіз. Оның артынан ешқашан өсек айтушы болмаңыз. Екеуіңіздің араңызда болған келіспеушіліктерді күйеуіңізге жеткізуден аулақ болыңыз. Жақсы келін - өз отбасының жаманын жасырып, жақсысын асырып жүруі керек.
  • Ең бастысы - «сыйластық» деп аталатын қарым-қатынас әлемі құны түкке тұрмайтын «пендешілік» деген азғырындының құрбаны боп кетпеуін қадағалаңыз. Өйткені, отбасын да, адамзатты да, әлемді де тек сыйластық пен бейбітшілік қана құтқара алады.

Келін бо­лу – тек өз ұрпағының ғана емес, тұтас ұлт ұрпағының жауапкершілігін мойынға жүктеу де­ген сөз.

Суреттер:news.nur.kz ,kerek.info, facebook.com


Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

29259 13
Рейтинг: +7

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 01 ақпан 2013, 19:09
Пікірлер
+0
01 ақпан 2013, 19:27

күшті! :D

+0
01 ақпан 2013, 20:20

өзіңе мықты болсаң сиясың дейсің ғойй

+0
01 ақпан 2013, 20:22

муныда есте устау керек екен!

+0
01 ақпан 2013, 21:05

Не дегенмен түсетін шаңырағың да әсер етеді. Басынан өткізген адам болмаса ол жағдайды алдын-ала сезіну мүмкін емес.

+1
01 ақпан 2013, 23:11

келин ата ененнин топырагыннан деген казакта киели соз бар гой :mrgreen: сол шындык

+0
01 ақпан 2013, 23:43

Бәрінен бұрын қыздың санасына берсін.

+0
01 ақпан 2013, 23:52

Әйгерім, жарайсың жақсы жазылған екен.

+0
02 ақпан 2013, 14:20

ееееееееееее жарандар, айтуға оп-оңай. Өмірде осындай бола салса маққұл ғой....

+0
02 ақпан 2013, 15:06

Енеңді туған анаңдай қадір тұт, сонда сені сыйлайды басқа жұрт. (мақал) :)

+0
02 ақпан 2013, 15:40

оо кушти :)

+0
03 ақпан 2013, 11:46

үлгілі келін атануды бәріміздің маңдайымызға жазсын :) :)

+0
19 наурыз 2016, 18:24

ең алдымен ата -ана келінді кабылдауга дайын болу керек . содан соң келін сол үйге сіңіп кетуге дайын болу керек шыгар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...