Жұмыс орныңызды безендіріңіз

Жұмыс орныңызды безендіріңіз

Жұмыс орныңызды жайлы жасауға қаншалықты тырысасыз? Оның тазалығына, әдемілігіне көңіл бөлесіз бе?

Ғалымдардың жақында жүргізген зерттеулері бойынша, әркімнің жеке жұмыс орнының безендірілуі жұмысқа пайдалы екен. Мамандар кеңселерінде гүл, суреттер, басқа да сәнді заттар орналасқан қызметкерлер басқаларға қарағанда 32%-ға өз жұмыстарын жақсырақ атқарады екен, жалпы дендері сау, бақытты болады дейді.

Кеңселер жиі жағдайда бірдей, қарапайым сәнделген, бірқалыпты болады. Уақыт өте жұмыскерлер осы ортаға үйреніп, жалығады, көңілдері түседі. Көңілі жұмысқа деген ниетке әсер етіп, нәтижесінде жұмыстары жаманырақ жүреді. Шаршағандықтар өз кеңселерінің құрбанына айналады-мыс.

Үйден арнайы әкелінген гүл, фотосуреттер, әдемі магниттер адамның шығармашылығын ашып, жұмысқа шабыт береді. Бастысы - адамға өз орнын өзіне безендіруге мүмкіндік беру. Өз орнын жайлы қылу арқылы ол  жұмысына қаттырақ байланып, шаруаларын уақытылы орындайды екен.

Жаңа Жыл қарсаңында жұмыста көңіл көтергіңіз келсе, ең орынды кеңес: орныңызды жаңажылдық ойыншықтармен безендіріңіз. Тіпті бүкіл кеңсені әдемілеп, әріптестеріңіздің де көңілін көтерсеңіз болады.

Ал сіз жұмыс орныңызды Жаңа жылға безендірдіңіз бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: kanztov.ru 

С. А