Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Кілемді қалай күту керек?

Кілемді қалай күту керек?

Кілемді қалай күту керек?

Кілемдерді тазалаудағы бірінші қағида: Кілемді алдымен сыртқы жағынан, сосын барып бет жағынан тазалау керек. 

Кір кілемдерді әртүрлі қоспалардың көмегімен мұнтаздай таза қылуға болады:

- 1 литр қайнаған суға жарты шай қасық кір жуу ұнтағы мен скипидар қосып араластырады. Сосын кілемнің беткі жағына осы құрамды жағып, алдымен ылғалды, кейін құрғақ шүберекпен сүртеді. 

- 1 литр суға ас қасықпен мүсәтір спиртін қосып,  кілемнің бірінші сыртқы жағын, кейін бет жағын щеткамен жуады. Сосын кілемді екі-үш рет жылы сумен ысқылайды, ал соңғы рет жуғанда суға аздап сірке суын қосады. 

Майлы дақтарды былай кетіруге болады: бензинге електен өткізілген ағаш үгіндісін қосып, үгіндіні даққа жағып біраз уақыт күте тұрады. Ашық түсті кілемдерді осы әдіспен тазалаған жөн. Сондай-ақ, майлы дақты бензин мен кір жуу ұнтағы араласқан қосындымен де кетіруге болады. Бұл қосындыны түнде кілемге жағып қойып, таңертең ыстық сумен жуып тастайды. 

Кілемге сіңіп қалған дақтарды да кетірудің жолы бар: спирт, лимон шырыны қосылған қосындыға мақтаны батырып, кір жерді мақтамен сүртеді. Кейін көпірік сумен жуып тастайды. 


Қыс қаһары басылып, көктем жақындағанымен, кейбір аймақтарда әлі де қар жатыр. Кілемді қармен тазалау - ең оңтайлы әдістердің бірі. Кілемді қарға жайып қойып, үстіне сыпырғышпен қар үйеді. Лас қарларды сыпырып тастап отырады. 

Тұзбен тазалау. Кілемге ірі түйіршікті ас тұзын сеуіп, сыпырғышпен мұқият сыпырып тастайды. Сыпырмастан бұрын сыпырғышты ыстық көбік сумен жуып алу керек. 

Шаймен тазалау. Бұл әдіс ашық түсті кілемдерге қолданылмайды, керісінше, күңгірт кілемдердің ажарын аша түседі. Шай қалдықтарын (заварка) мәрліге орап, оны әбден сығады. Сосын шай түйіршіктерін кілемге шашып тастап, 15 минуттан кейін сыпырып алады. Шай шаңды бойына тез сіңіріп алатын қасиетке ие. 

Кілемге сағыз жабысып қалғанда, ең бірінші оны мұздатады. Тоңазытқыштан мұп-мұздай бір нәрсе әкеліп, сағызға қояды. Сосын пышақпен қырып тастайды. Кейін күнделікті әдіспен кілемді тазалайды. 

Кілемнің қырқылып қалған тұстарын кілемнің түсіне келетін жіпті мұқият таңдап, сол жіппен торлап тігу арқылы жамауға болады.

Кілемнің үстіне жиһаз қойылатын жағдайда міндетті түрде жиһаздың аяғына резеңке кигізу керек. 

Егер кілеміңіз синтетикадан жасалған болса, онда алғашқы 6 айда шаңсорғышпен емес, жұмсақ щеткамен тазалағаныңыз жөн.

Ұзақ мерзімге демалысқа кеткенде, кілемнің бетін газетпен жауып, таяқшаға орап тастау керек. Шаң-тозаң түспес үшін асты мен бетін де газетпен ораңыз. 

Кілеміңіздің тазалығы - үйіңіздің тазалығы екенін ұмытпағайсыз.

Форумда ой бөлісейік

Сурет: ultracleaning.ru, feme.com.ua

7570 14
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 16 ақпан 2012, 17:00
Пікірлер
+0
16 ақпан 2012, 18:19

мен кілемді кір жуу ұнтағымен ғана тазалаймын, көбіне аллергиям шығып кетеді, анау қоспалар аллергия бере қоймас деген үміттемін...

+0
16 ақпан 2012, 18:23

Қармен тазалауға не жетсін, Қыста далаға шығарып, қайта кіргізгенде мұнтаздай тазалықтың лебі еседі ))

+0
16 ақпан 2012, 18:46

иә, кейбіреулер қар бәрінен де күшті тазалайды деген пікірде )

+0
16 ақпан 2012, 18:31

Кішкентайымда, папам кілемді далаға шығарып беретін, ал біз соның үстінде секіріп ойнайтынбыз.

+0
16 ақпан 2012, 18:47

хехехехе, сөйтіп, мама-папаларыңнан ұрыс еститінсіңдер ме? ))

+0
16 ақпан 2012, 18:41

Жалпы кілемді қалай тазалау керек, қалау жуу керек басымды қатырып көрмеппін, осыдан үш төрт жыл бұрын ауылға барғанда жууға алып барғанбыз Каналға )) шомылатын жер менімше ол)) жуып қарық қылған мен жоқ )))

+0
16 ақпан 2012, 18:48

))) каналда жудық деймісің? )

+0
16 ақпан 2012, 18:50

ия)) ол шомылатын жер менімше, өйткені көп адамдар шомылып журген, ағын су ғой, солай атаса керек )))))

+0
17 ақпан 2012, 00:14

Ненің каналы? Суару каналы ма?

+0
17 ақпан 2012, 00:16

Сонда, сеңдер өзіңнің лас кілемдеріңді каналға жудындар ма? Мәдиниет қайда? Түсімбедім, ол канал көкөністі суаруға арналса, қалай сонда? Мүмкін қоқыстарыңды терезеден де лақтыруға тайынбассыңдар?

+0
17 ақпан 2012, 10:31

Мінекей, Маратионок мырзаның 105 сұрағы тағы да басталды))) Қалжың, ренжімессіз))

+0
17 ақпан 2012, 15:23

Бұл сұмдық қой! Кілемді суару каналына жуу!

+0
21 ақпан 2012, 14:57

Marationok Сәммитстаннан мырза не болды аспаннан тустіңізба не? ауылда кілемді көлдің, өзенің, каналдын жағасына жумағанда қайда жуады. Ауылдын тіршілігінен бейхабар екенсіз, мен ауылда турмасамда туыстарым бар ауылдын жайынан сәлде болса хабарым бар. Оркин меңімше сауратын каналды айтқан жоқ өйткени сауратын канал тар болып келеди оған кілем симас.

+0
17 ақпан 2012, 12:41

Шаңсорғыш әйел баласына көп бос уақыт силады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...