Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Жатын бөлме жайлылығы

Жатын бөлме жайлылығы

Жатын бөлме жайлылығы

Тынымсыз тірлікке толы күн аяқталып, күн батқан кезде, біздің жан-тәніміз жайлылық қалайтыны анық. Сондықтан, жатын бөлменің дұрыс жабдықталуы өте маңызды. Біздің кеңестеріміз жатын бөлмеңіздің түсін таңдап, жабдықтауға көмектеседі деген үміттеміз. 

Жатын бөлменің түс гаммасы

Жатын бөлме интерьерінің түсі көңіл-күй мен денсаулыққа ерекше әсер етеді. Сондықтан, бұл бөлмені тынығу уақыты мен сүйікті адамның жанындағы  ләззатты сәттерді жайлы өткізетіндей етіп безендіру керек. Негізі, интерьердің барынша бейтарап түстерін пайдаланған дұрыс. Оларға  көк пен көкшіл-көгілдір реңктер жатады. Көк түсі басым жатын бөлмесі тыныш әрі кең тынысты терең ұйқының кепілі.

Дегенмен, шектен шығудың қажеті жоқ. Өйткені, көк түстің молдығы жабығыңқы көңіл-күй шақыруы мүмкін. Қызғылт түстің реңктерін де қосуға болады. Көкшіл-көгілдір түс тыныштандырып, қызғылт реңктер жанға жылулық ұялатады. Түстердің күрт ауысуы сияқты контрастардан бойды аулақ ұстаңыз. Қызыл түс белсенді, қуатты түстерге жатады. Жатын бөлме интерьерін жоспарлағанда, бұл түске сақтықпен қараған жөн. Мысалы, қызылға бөленген бөлмеде адамның ұйқысы қашады. Тіпті, оттай қызу түнді өткізуді жоспарлап қойсаңыз да, жатын бөлмені жабдықтауда  кішігірім ғана өзгерістер енгізсеңіз жеткілікті: қызыл матадан тігілген төсек жаймасы, қызыл шырағдан.

Жатын бөлмедегі ою-өрнек 

Мамыражайлық тудыратын тор көзді шотландканы пайдалану жатын бөлменің жайлылығын қамтамасыз етеді. Айталық, мұндай төсек жапқышты терезе  пердесінің суретімен үйлестіруге болады. Дөңгелек және сопақ пішінді шілтердің де тыныштандырғыш әсері мол. Жатын бөлмені әрлеудің басты қағидасы минимализмді ұстану болғандықтан, кеңістікті ашық әрі қанық түсті ою-өрнектермен толтыруға тырыспаңыз. Айталық, қабырға түсінің мата бетіндегі өрнектермен әдемі жарасуын қадағалаңыз.

 

Деталдар мен аксессуарлар

Кейбір деталдарды қосу арқылы жатын бөлменің ішіне сүйкімділік беруге болады. Табиғаттың әсем көріністері бейнеленген екі-үш картина немесе сурет ілінген қабырға сәтті ойластырылған декор ретінде көрінеді. Гүл немесе құс пішінді кішкентай шырағдандардың көмегімен жарық пен көлеңке түсірудің түрлі әдістерін молынан қолдана отырып, бөлмеге ерекше бейне беретін аура тудыруға болады.

Аяғыңыздың астында жатқан мамық қой терісі немесе жұмсақ төсеніш те үлкен жайлылық пен жылылық сыйлайды. Айналадағы түске сәйкес таңдалып алынған үй гүлі отырғызылған бірнеше құмыра интерьерді жандандырса, шырақтар романтикалық көңіл-күйге бөлейді.

Жиһаз және бұйым

Кез келген жатын бөлменің ең басты жиһазы – жайлы да кең төсек. Әдеттегі жайылмалы диван емес, нақты төсек. Ол интерьердің қандай стилінде орын алмасын, сіздің жатын бөлмеңізде ерекше атмосфера құрайды. Оны қабырғаға тақап не бөлме ортасына қоюңызға болады, төсектің аяқтары биік немесе еденге жайылған матрас іспеттес болуы мүмкін.


    Сондай-ақ, жатын бөлмеге киім-кешекке арналған шкаф, төсек жаны тумбасын, кітап-журналға арналған стеллаж, таңғы асқа арналған төсекүсті үстелшесін орналастыруға болады. Орын жеткілікті болса, отырып кітап оқитын немесе кофе ішуге ыңғайлы  жұмсақ кресло да артық етпейді. Ал теледидар көріп, компьютерде жұмыс жасау сияқты істерден бұл бөлмеде бас тартқан жөн. Ең бастысы, жатын бөлмеңізді басы артық дүниелермен толтырмаңыз. Жатын бөлмесі ұйықтау, тынығу мен төсек ләззатына бөленетін орын болғандықтан, кеңістікке барынша мол орын қалдыруға тырысыңыз. Бұл сіздің көңіл-күйіңізді көтеріп, жеңілдік сезімін сыйлайды.  

 Суреттер moemesto.ru, inhomes.ru, dommeb.ru сайттарынан алынған

4161 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 08 желтоқсан 2011, 17:43
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...